Материалдар / Ашық сабақ Тахауи тағылымы 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тахауи тағылымы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тахауи Ахтанов өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, шығармаларымен танысу. Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург һәм аудармашы, атақты жерлесіміз Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
1490
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК























Ашық сабақ тақырыбы:

«Тахауи тағылымы»










Орындаған : қосымша білім беру педагогы

Мерекеева Айжан Байғалиқызы










Ақтөбе - 2022 жыл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жазушының өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, шығармаларымен танысу.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, постер, стикер, маркер , тақырыпқа байланысты суреттер, видео,карта.

І.Сабақтың барысы:

Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «ПОПКОРН» әдісі. Жұбановтар отбасы туралы сұрақтар қойылып, білімдері тексеріледі.

  1. Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледж кімнің атында? Ахмет Жұбанов

  2. «Жыр жазамын жүрегімнен» әнінің авторы? Ғазиза Жұбанова

  3. Ақтөбе облыстық филармониясына Ғазиза Жұбанова есімі қай жылы берілді? 1998 жылы

  4. 2017 жылы 1 желтоқсанда ашылған мәдениет үйін атаңыз? Жұбановтар әлемі

  5. Құдайберген Жұбанов қай жылдар аралығында өмір сүрді? 1899-1938ж

  6. Ахмет Жұбановтың 100жылдық мерейтойы қашан атап өтілді? 2006ж

  7. Ақтөбе қаласында Құдайберген Жұбанов атында не бар? Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  8. Құдайберген Жұбанов қашан ,қалай қаза тапты? 1938ж 25 ақпанда «халық жауы» деген жаламен атылды.

  9. Ажар Жұбанованың әкесі кім ? Ахмет Жұбанов

10)Ахмет Жұбанов құрған ең алғашқы ансамбл? Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі

Сергіту сәті: « Ассоциациялық көрініс» әдісі. Оқушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (ұнататын тағамы немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айтуы керек. Мысалы: Есімім –Айжан, ұнататын сусыным- Айран,есімім нурхаят, омірдің түрікшесі -Хаят,с.с)

ІІІ.Жаңа сабақ: « Пазл» әдісімен топқа бөлу ( комедия, драма, детектив)


«Постер» Оқушыларға тақырыптар бойынша мәтін беріледі.

І топ Т.Ахтановтың өмірбаяны

ІІ топ Т.Ахтановтың шығармашылығы

ІІІ топ Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры

Әр топ өзінің тақырыбына сәйкес постер жасайды, оны қорғайды.

Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург һәм аудармашы, атақты жерлесіміз Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Бұл романның негізгі кейіпкері Нәзира — кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.

Тахауи Ахтанов шығармашылығының негізгі салмағы прозада. Елімізде де, шетелдерде де, ең алдымен, дарынды прозаик ретінде танылды. Ал Ахтанов прозасының ең биік шыңы — «Боран» романы. Бұл шығарма кезінде өмірдің өзекті шындығын көрсеткен, бұрын айтыла бермейтін көлеңкелі мәселелерді батыл көтерген, кейіпкерлерінің рухани әлеміне талдау жасаған жаңашыл шығарма ретінде жоғары бағаланды.

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет жөне искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.Театрда қазақ труппасы, орыс труппасы және сатира труппасы Екі езу жұмыс жасайды.

Романдары: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».

Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».

Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.

Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.

«ВЕЕР » әдісі.

О қушылар уақыт пен оқиғаны сәйкестендіреді, әр топта 4 тапсырмадан.







«Өлкеден шыққан ірі тұлғалар» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру

Ескерткіштер ( ескерткіште кім бейнеленгенін тап)

10-Әбілқайыр хан

20-Әлия Молдағұлова

30- Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаев

40-Құдайберген Жұбанов

Тұлға

10- «Алло, Айша бибі, Аэропорт» әндерінің орындаушысы? Ерке Есмахан

20- «Славян базары-2015» байқауының гран при жүлдегері, «SINGER 2017» байқауы арқылы әлемге танылған ақтөбелік? Димаш Құдайберген

30- Әлемдік рекорд орнатқан әйгілі ақ тарының атасы? Шығанақ Берсиев

40-Ақтөбе облысындағы ауданға есімі берілген жыршыны атаңыз? Нұрпейіс Байғанин

Кесенелер

10-Тама Есет Көкіұлы

20-Қобыланды батыр

30-Абат Байтақ

40-Хан моласы

Тахауи Ахтановтың мұрағаты мен облыстық драма театр жұмысы туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар мұқият тыңдап, топтар бір-біріне сұрақ- жауап дайындайды.




« 2ГИС» әдісі.

Әр топқа Т.Ахтанов көшесінің бейнесі берілген, сол көшеде орналасқан нысандарды толық тауып көше бойына жабыстыруы керек (Теңге символы, 2 қалалық емхана, Әйтеке би ескерткіші, облыстық драма театр, Т.Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбав ескерткіші, Барлық кезеңдегі шекарашыларға ескеркіші, Рауф Кутуев ескерткіші, «Ақтөбе» телеарнасы)

«Жылдам жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылау:

1. Ахтанов туған өңір қалай аталады? (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы).

2. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келді. Сонда ол қандай жоғарғы оқу орнына түсті? (ҚазПИ - ге).

3. Оқуды неге аяқтай алмады? (себебі, соғыс басталып кетті де, Ахтанов майданға аттанды).

4. Сол кезде жазушы қаламынан жауынгерлерге рух беретін мақалалар жазылып, майдандық газеттерде жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы суреттерді қандай романында берді? («Қаһарлы күндер»).

5. Көркем аудармамен де айналысты. Кімдердің шығармаларын аударды? (Пушкиннің, Толстойдың, Горькийдің, т. б.).

6. Жазушы қаламынан әңгіме, хикаят, роман, драмалық шығармалар туындады. Драмалық шығармаларын атайық. («Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махамбет мұңы», «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу»).

7. Жазушының алғашқы әңгімесі қалай аталады? («Күй аңызы»).

8. Жазушының туған және дүниеден өткен жылдарын атайық. (1923 - 1994 жж).

«Автограф» әдісі арқылы стикерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, қолтаңба қалдырады.


Сабақты бағалау: топтарға әр кезең бойынша театр билеттері беріліп отырады. Сабақ соңында билеттер есептеліп, ең көп билет жинаған топ жеңіске жетеді.


Үй тапсырмасы: Т.Ахтановтың кез-келген шығармасын оқып келіп, қысқаша мазмұндау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!