Материалдар / Ашық сабақ Танаш Дәуренбеков "Кітап неден жасалады?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Танаш Дәуренбеков "Кітап неден жасалады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
999
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Турабаева Мадина Кенесбековна

Қала/ Мектеп

Нұр-Сұлтан қаласы, №77 мектеп-гимназиясы

Пән

Әдебиеттік оқу

Сынып:

4 «А»


Сабақтың тақырыбы

Кітап неден жасалады? Кітаптар мұңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.1 – таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу;

4.2.9.1 – түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету;

4.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету.


Сабақтың мақсаты

  • Мәтіннен көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтайды;

  • Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа оқиға ойлап табады.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы






















Ортасы

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағалаймыз!

Сабақ жұмбақ шешуден басталады.


Қабат - қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.


Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.



Танаш Дәуренбеков (1927-2000) – жазушы.

Қызылорда облысында дүниеге келген. «Бір түйенің әлегі», «Он бес жыл өткен соң», «Сыр балалары» атты шығармалары бар. Жазушы әңгімелерінде ауыл балаларының өмірін шынайы бейнелейді.




Түсініп оқы

Кітаптар мұңы

Мектептің қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен,-шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды. Қайда келдім? дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да жанында жатқан көршісін түртті. Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

- Ей, тұрсаңшы Қайда келдік, тірімісің өзің?

- Ой, мазамды алмашы. Бүйткенше, парақтарымның пәре-пәресі шығып, желмен ұшып кеткені жақсы еді.

- Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді- деймісің бұл қиыншылық? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

- Сыртымды қайтесің? – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып.


Мұғалім сөзі:

-Оқиға қай жерде өтіп жатыр?

- Мектеп кітапханасында.

- Кейіпкерлер кімдер?

- Оқулықтар.

- Қалай ойлайсың, осы үзіндіні жазған кезде автордың көңіл-күйі қандай болды? Сен оны қандай түспен көрсетер едің?

- Қоңыр

-Неге?

-Өйткені, оқулықтар мұңын шағып жатыр.

- Әрі қарай не болды деп ойлайсың?

-Оқулықтар өздері көрген қорлықтарын баяндайды.


- Сыртым бүтін болғанмен, ішім – түтін. Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауыспап па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Қырсық қалғанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді, қайтейін?

Мұғалім сөзі:

Осы үзінді бойынша 5 жолды өлең құрастырып көрейік.

Не? Оқулықтар

Қандай? Жыртылған, ескірген

Не істеді? Білім берді, тәрбиеледі, үйретті

Адырбай Адырбай мен Сотқарбай оқулықтарын ұқыпты ұстамады.

Синоним Үнсіз ақылшы


- Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ. Мен Ежелгі дүние тарихы оқулығы боламын, - деді бірінші кітап. – Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай суретімді сиямен бастырып сызып тастады. Оқу жылы аяқталған күні ауласына тастап кетті.

Әріптестер, қанша айтқанмен, Ана тілімін ғой. Менің айтқанымды тыңдаңдаршы. Әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес. Жоқ емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі – Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін деп айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас. Кітаптің керек бетін белгілеу үшін парағын бүктемейді, қағаз салып қояды...

Енді бізді қайтер екен? – деді бір кітап. – Әлде жинап-жинап, отқа тамызық етер ме екен? От деген сөзден бәрі селк ете қалды. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.


3 тапсырма «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі

Берілген пікірлердің екеуі дұрыс, ал біреуі бұрыс.

Бұрысын белгіле:




Түсініп оқы

- Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер, - деді Ежелгі дүние тарихы сәлден соң басу айтып... – Әріптестерім, Отқа тамызық қылады, - деп ұнжырғаларың түспесін. Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жылы ұқыпты оқушының қолына түссек – деңдер.

Соны айтсаңшы, - деді бәрі бірдей жамырап.



4- тапсырма Кестені толтыр

Авторға осы әңгімені жазуға не түрткі болды деп ойлайсың?


Осы әңгімедегі қандай жағдай шынайы өмірден алынған? Ал қай эпизод ойдан шығарылған?


Автор оқулықтардың күйін сипаттау үшін қандай сөздер қолданған?

Біз бұл сөздерді қандай көркемдеуіш құралдарға жатқызамыз?





жаңа сабаққа назар аудару.









Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



Қажетті ақпаратты дәптерге жазады.
































































Ежелгі дүние тарихы Сотқарбайдың қолына түсті; /дұрыс/

- Сотқарбай «Ежелгі дүние тарихы» оқулығының суретін сиямен бастырып сызып тастады;/дұрыс/

- Кейбір оқушылар Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға кемшіліктерін айтып, оларды түзетеді; /бұрыс/








Оқушылардың оқулыққа ұқыпты қарамағаны түрткі болды.

Оқушылардың оқулықты жыртуы, сызуы, бояп тастауы шынайы өмірден алынған.

Кітаптардың өзара сөйлескені ойдан шығарылған.

оқулықтардың адам кейпінде тілдесуі - кейіптеу











Жарайсың!

1—слайд









2-3-слайд







4-слайд







5 слайд













6-7- слайд














8-9- слайд







10 слайд








11-слайд


















12-13 слайд













14- слайд











15-16-слайд

Соңы

Құрастыр:

Кітаптардың арманы орындалатындай етіп, ертегіні аяқта:

Ертеңіне кітапханаға бір топ оқушы келді. Олар өздерімен бірге сызғыш, қайшы, желім ала келіпті. Жыртылған кітаптарды түптеп, желімдеп, қалпына келтірді.

Жөндеуден өткен оқулықтар жаңа оқу жылында озат және ұқыпты оқушыларға берілді.


Өте жақсы!

17-18 слайд

Қорытынды:

Үлгіге қарап, «Оқулықты күту ережесін» құрып жаз:

  1. Пайдаланған кітапты орнына қой.

2.

3.

Дескриптор:

Өз ойын, сезімін, көзқарасын, пікір білдіреді.

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.

Керемет!

19-слайд

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта:

Мәтіннен көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтадың;


Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа оқиға ойлап таптың.

Не білдім?

Не үйрендім?


20-слайд





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!