Материалдар / Ашық сабақ Т.Сұлтанбеков "Көшпелі алтын" 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Т.Сұлтанбеков "Көшпелі алтын" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 10-сынып әдебиет пәні бойынша жазылған қысқа мерзіміді жсопар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
8457
65 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің образдар жүйесі


2-сабақ.


Бөлім:

3-бөлім: Парасат пайымы

Педагогтің аты-жөні:

Асқар Гүлнұр

Күні:


Сыныбы: 10 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің образдар жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды.

Барлық оқушылар үшін: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды, талдау жасайды

Кейібірі: кейіпкерлердің іс -әрекетін даралай отырып өмірмен байланыстырады


Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру

Үй жұмысын сұрау «Зерттеушілер»

1.Т. Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеу жұмысы (жас әдебиетші)

2.Алтын-химиялық элемент (Жас химик жұмысы)

3.Найзағай қалай пайда болады? (Жас физик мәліметі)

4.Фантастикалық әдебиеттің басқа көркем әдебиеттен ерекшелігі? (зерттеуші)

«Сұрақтар бұрқасыны»

1.Әңгіменің басты кейіпкері кім?

2. «Көшпелі алтын» әңгімесінің жазылуына не әсер етті?

3.Әңгімедегі оқиға қай жерлерді суреттейді?

4.Шығарма неше бөлімнен тұрады??

5.Әңгіме неге көшпелі алтын деп аталған?

6.Не себепті балалар көшпелі алтынды таппайды?


Зерттеген тақырып айналасында тың мәлімет береді

ҚБ: Ауызша кері байланыс



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.


1-тапсырма

Шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасауға жұмыс беру.


«Хикая картасы» әдісін қолдану



Суреттермен байланыстыра отырып

«Хикая картасын» толтыру арқылы шығарманың сюжетіне талдау жасайды.

Шығарманың тақырыбы: алтынға ұқсас заттың жүруі және кейіпкердің аңызды есіне алуы

Шығарманың идеясы: ғылымның табиғи сырына үңілу. Оның құдірет күшін танып білуге жетелеу.

Оқиғаның басталуы – Сәменнің табиғаттың тылысым құбылысына куә болуы

Оқиғаның дамуы – көшпелі алтын жайлы хабардың тарауы

Оқиғаның байланысуы – Сәменнің арманы. Сәмен мен Қажытайдың Шайтантауға сапарға аттануы

Оқиғаның шиеленісуі – Шайтантаудағы жүріп жатқан отты көруі

Оқиғаның шарықтау шегі –Үңгірдегі сыр. Экспедиция қызметкерлерімен кездесуі

Оқиғаның шешімі – Сәменнің өз сұрағына жауап алуы. Балалардың терең мәлімет алып қайтуы


Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

-шығарманың тақырыбын анықтайды

-шығарманың идеясын анықтайды

-сюжетін анықтайды

-талдау жасайды

- нақты жауап береді




Оқулық, жұмыс дәптерлері.




10 минут

2-тапсырма

«Концептуалдық кесте толтыру» әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау жұмысы беріледі.


Оқушылар берілген кестені толтыра отырып, кейіпкерлердің портретін, іс әрекетін анықтайды,

Кейіпкерлер

Іс әрекеті мен мінезі, портреті

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу

Сәмен



Қажытай



Әйтиев



Бежев




Дескриптор: Жалпы - 5 балл.

-кейіпкерлерді жіктейді

-іс-әрекетін табады

-мінездеме береді

-автордың көзқарасын анықтайды

-тілдік қолданысы арқылы дәлелдейді

Оқулық,

үлестірме


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдаймын

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.




Үйге тапсырма: шығармадағы өзіңе ұнаған үзіндіні әрі қарай өз қиялыңмен жағлғастырып жазып келу.

Рефлексия

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалаймын. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалаймын



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: Оқу мақсатына сай тапсырманы жоспарлағаным және алынған әдіс –тәсіл тиімді болды

2:Сұрақтарға оқушылардың ұтымды, дұрыс жауап беруі

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: Саралау тапсырмаларын жоспарлау

2: Әліде болса әр тапсырмадан кейін кері байланысты ұтымды беру

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:Бірнеше оқушы шығарманы толық оқымағандықтан сюжетіне таладу жасауда қиналды

2:Шығарманы толық оқыту









Көркем шығарманың өзара жалғасқан, бір-бірімен тығыз байланыста болатын біртұтас оқиғалар желісі болады. Мұндай біртұтас оқиғалар желісі көркем шығарманың сюжеті болады.

Ғылыми-фантастикалық шығарманың басында Сәменнің Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде, кенет астындағы торы аты осқырынып, қалт тоқтай қалу себебін көрсетіп қана қоймай, «Үлкендігі аттың басындай балқыған, қызғылт сары. Жер бетінен бір метрдей биіктікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді, жол-жөнекей ұшқын ұшып түсуде» деп отты сипаттап өтеді. Кейіпкер атасынан естіген аңызын ойына алады.

Сюжеттің ары қарай өрбуі Сәменнің Шайтантауға жиналуымен дамиды. Сәменнің жасынан зерек, сезімтал бала екенін көрсете отырып, өз көзімен көрген бұл жұмбақ құбылыстың сырын бас қатырып, қанша ойланғанымен шеше алмағанын және сол жұмбақтың шешуін табу үшін ойлаған жеріне баруды мақсат еткеніне куә боламыз. Берілген үзінді де осыны айғақтайды. «Сәмен аз күн қалған каникулды күтті. Ондағы ойы бұл сырды алаңсыз ашуға кірісу еді...»

Оқиға орнына келген балалар табиғаттың тылсым құбылысын өз көздерімен көріп таңғалады. Ол әркетті жазушының «Ол сөзін аяқтай алмай, аңырып тұрып қалды. Өйткені осы кезде түнерген бұлттың арасынан сатыр-сұтыр етіп сытыла түзу сызықты бір оқ атылып еді» деген үзіндісінен байқаймыз. «Сәмен Қажытай жаққа қарап еді, еріксіз шошып кетті. Оның қайратты қара шаштары тікенше көтеріліп, жасыл от лаулап тұр екен. – Сәмен, сенің басыңда жасыл от жарқылдап тұр ғой, – деді үрейленіп» деген қиялдан туған оқиғаларға да куә боламыз.

Мұнда зерттеушілердің экспедициясымен кездесіп, Сәмен «Көшпелі алтын» жайлы аңызбен бөліседі, өзінің көрген қызғылт-сары жер бетінен бір метрдей биіктікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүрген от па, әлде алтын ба белгісіз құбылысты көргенін баяндап береді.

Әйтиевтің: «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен-ақ түсінген боларсыңдар. Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния» дейді», – деген түсіндірмесінен көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап та алады. Сақиналы композицияны қолданып, «Көшпелі алтын оқиғасы» шығарманың өн бойында – басында, ортасында және соңында қайталанып беріледі. Құрылымның бұл түрі мәтінді түсінудің жаңа деңгейінде басында айтылғанға оралуға мүмкіндік береді.

Соңында Сәменнің «Не себепті осы көшпелі найзағайлар Сібір жақта көп? Жердің экваториялық немесе азиялық бөліктерінде ол өте сирек кездеседі. Оның да жауабы бар. Жердің өзін-өзі айналу жағдайына қарай атмосфераның қозғалысы да әртүрлі ғой. Жердің қушық жағында атмосфера көп қозғалады. Қою болады. Сол себепті де, ауамен ілесіп, ол жаққа метеорит көп жауады» деген ойынан әлі де зерттеу жасап отырғанын көреміз. Тауды үңгіп жол салып жатқан құрылысшы «көшпелі алтындарды» қызықтап отыруымен оқиға аяқталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!