400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тұрмыс салт жырлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы

Тұрмыс салт жырлары

Сабақтың мақсаты

Тұрмыс -салт жырларының түрлерімен таныстыру.

Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Электронды оқулық

  3. Оқулық

Оқыту нәтижесі

Тұрмыс – салт жырларының түрлерін меңгеру

Жаңа тақырыпты ашу

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.-

Абайдың осы өлең жолдарын қалай түсінесіңдер? Әр топ өз ішінде пікір алысып, қорғау қажет (Вервалды іс әрекет)

Түйінді идеялар (мұғалімнің жазбасы)

(Оқушыларға үлестірме материал ретінде тарату)

Тұрмыс-салт жырлары халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен тікелей байланысты. Тұрмыс – салт жырларының тқмендегідей түрлері бар. Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.


Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

  1. тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

  2. дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

  3. үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

  4. мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), өтірік өлеңдер, т.б.



Тұрмыс-салт жырлырында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Жылқышы”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Бозінген”, т.б.


Түркі халықтарының тұрмыс-салт жылы тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.


Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

Сабаққа қолданылатын материалдар

Постер, АКТ(слайд)

Сергіту сәті


Оқу әдістері

Диалогтық, топтық, шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар

Әр топқа тұрмыс-салт жырларының өмірлік маңызына түсініктеме беру, тарихқа шолу жасау

1 топ

Наурыз жыры.

Жарапазан



2 топ

Үйлену салтына байланысты жырлар

3 топ

Көңіл-күйге байланысты айтылатын жырлар


Тұсау кесер дәстүрін көрсетіңіз


Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер айту, оның мағынасын ашу


Наурыз көже


Кейінгі тапсырма

«Халық дәсүрінің көрінісі» тақырыбында топпен постер қорғау

Бағалау

Топ бір-бірінің жұмысын бағалайды

Үй тапсырмасы

«Сарқылмас қазына» тақырыбында эссе жазу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
4243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі