АШЫҚ САБАҚ
Иманалиева Гүлмира
Нартаевна
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім
бөлімінің «Қазалы ауданының Оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының «Бағдарламалау негіздері» үйірмесінің
жетекшісі
Сабақтың тақырыбы: Видео
роликтер жасау және сақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға Mobie Maker және Sony Vegas Pro
бағдарламасында
жұмыс
істеуді меңгерту, мүмкіндіктерін
пайдаланып видео
роликтер
жасауды және сақтауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, шығармашылық
қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі
бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі
құралдар: Компьютер,жұмыс
дәптер, оқулық,
интнрак.
тақта электронды оқулық, т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Үйірме мүшелерімен
сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Назарларын сабаққа
аудару
2. Өткен сабақты
қайталау сұрақтары
1.
Бейнеклип деп нені атаймыз ?
2.
Кадр – дегеніміз не ?
3.
Кинопленка деп нені түсінесің ?
4. Жариялау процесі
дегеніміз не ?
5.
Раскадровка деп нені түсінесің ?
6.
Сандық камера дегеніміз не ?
Тренинг. «Жақсы көңіл-күй» сыйлай білейік.
Оқушылар бір-біріне
компьютер құрылғыларын қатыстыра отырып тілектер білдіреді. Мысалы:
монитордай жүзің жарық болсын, дауысың колонкадай ашық
болсын.т.б.
Екі топқа бөлінген А-тобы
және Б-тобы тақтадағы сандарды таңдау арқылы өткен тақырып бойынша
сұрақтарға жауап беріп, жасырынған тақырыпты
ашады.
Қане кім
айтады Mobie Maker деген сөздің
қазақшасын кім біледі кім айтады ?
Mobie Maker - орысшасы
Изготовитель кинофльма.
- қазақшасы кинофильм
жаса
1.Тапсырма
А-тобы
және Б-тобы
Movie
Maker және
SONY
Vegas Pro
программасында наутбукпен видео мантаж
жасау
Жаңа
сабақ. (Практикалық сабақ) Интеракт.
тақтадан (Видео)
Windows Movie Maker – дыбыс
(аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға
арналған бағдарлама.
Windows
Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе
басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне
жазбалары арқылы фильм құруға болады.
Өзімізге қажетті фильм құру
үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау
арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын
таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген,
бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра
аламыз.
Құрылған фильмді компьютерге
немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа
қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де
Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған
болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе
сандық бейнекамерадан көруге болады.
Windows Movie Maker
интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж»
т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. Windows Movie Maker
бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер,
бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ
Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде
орналасқан.
Жоба
- раскадровкада және уақыт
шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект
сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден
тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының
типі .mswmm болып табылады. Сақталынған
жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде
ашу керек.
Фильм – бұл фильмді сақтау шеберінің
көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау
құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге
болады.
Кадр
- саны жағынан көп кескіндер
жинағының бейне көрсетілімі.
Клип – үлкен көлемдегі
бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.
Жоба
файлы - ағымдағы импортталған немесе
жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының
құрылымы туралы мәлімет.
Шығыс
файлы – бұл ағымдағы жобада
импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе
кескін файлы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы көрсетілетін
дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба
дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа
орынға ауыстыру ұсынылмайды.
Windows Movie Maker
бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты
сақтауға болады.
Windows Movie Maker-де
жазылғандар мазмұны Windows Media форматында сақталады.
Windows Movie Maker
жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға
болады:
Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF,
AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.
Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF,
JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.
Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2,
MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.
Windows Movie Maker бағдарламасының интерфейсі
бірнеше элементтерден тұрады:
-
Жоба аты
көрсетілген тақырып жолы;
-
Меню жолы;
-
Қ ұралдар
тақтасы;
-
Фильмдермен жұмыс жасау
панелі;
-
Жинақтар панелі;
-
Раскадровка немесе уақыт
шкаласына арналған аймақ;
-
Монитор терезесі.
Меню жолы және құралдар тақтасы.
Windows Movie Maker бағдарламасындағы меню
командаларымен және құралдар тақтасымен орындалатын тапсырмалар
туралы мәліметтердің құрамы.
Фильмдермен жұмыс жасау панелі.
Фильм құру кезіндегі орындалатын әрекеттерден
(бейне жазу, фильмді монтаждау, фильм құруды аяқтау, фильм құру
туралы кеңестер) тұрады.
Жинақтар панелінде импортталған клип жинақтары (кескіндер, бейне және дыбыстар
т.б.) көрсетіледі.
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған
аймақ. Раскадровка немесе уақыт
шкаласында орындалатын әрекеттерді көрсетеді.
Уақыт шкаласы жоба
клипіндегі уақыт параметрінің өзгерісін қарастырады. Уақыт
шкаласында ағымдағы жобаға қосылған файл типтерін көрсете отырып
келесі жолдар бейнеленген: бейне,
ауысым, дыбыс, дыбыс немесе әуен, атау кірістіру.
Монитор терезесін жеке клиптерді және толық жобаны көру үшін қолдануға
болады. Монитор терезесі фильмді сақтар алдында алдын ала көру үшін
қолданылады.
Видео роликтер жасау
сақтау ережелері:
және мақсаты мен мазмұнын
білу керек;
-
Роликтегі ақпарат ықшам
және қарапайым болуы керек;
-
Объект фонның түсі бойынша
ерекшеленуі керек;
-
Слайдты безендіру үшін
үйлесімді түсті таңдау ерек.
-
Анимациялық ауысулар,бейне
дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады.
Сергіту сәті
2. Тапсырма.
https://bilimland.kz
–тен оқушыларға тапсырма берілді.
Бекіту
сұрақтары
h ttps://bilimland.kz
–тен оқушыларға тест сұрақтары
беріледі.
Үйге
тапсырма: «Менің кіші Отаным»
тақырыбына ертегі құрастырып келу