Ашық сабақ:Сөйлеу тілінің дамуында артикуляциялық жаттығудың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:Сөйлеу тілінің дамуында артикуляциялық жаттығудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды.Артикуляциялық жаттығу жжасаудың маңызы және олардың жасалу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сөйлеу тілін дамытуда

артикуляциялық жаттығулардың маңызы»


Логопед:Алиева А.Б.


Тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды.

Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп тараған түрі- дыбыс айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де «кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» - деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кейіннен бала оқып, жазып үйренуде де, жазбаша сөйлеу тілінде көптеген қателер (дислексия, дисграфия) жіберетін болады. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ моторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б), сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз не? Және оның маңызы қандай?

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу аппаратының бұлшықеттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы – жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі автивті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

-пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

  1. Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.

  2. Оның орындалуын көрсетеді.

  3. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жалыңтпаш айтқызу , тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарындарын қолдану өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын ккөрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетеміз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе, талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшықеттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып , «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл қозғалысы, нақтылығы, күші біртіндеп дамиды. Бұл фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дыбыстардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар:

  1. Сигматизим – с-сь,з-зь; ц, ш-шь, ч, щ, ж

  2. Ротацизм – р-р, р-ль

  3. Ламбдацизм – л-л, л-ль

  4. Каппацизм – к-к, г-к, х-х

  5. Йотацизм – й

Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын аномалия – қатты таңдай бик жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.

Ламбацизм – тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хтрургиялық операция туралы шешім қабылданады.

Ротацизм – тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немесе жіңішке икемі кем тіл.

Сигматизм – тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.

Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: «Піл», «Тәтті тосап», «Сағат», «Тарақ».

Ызың дыбыстарға арналған: «Түтікше», «Жымию», «Тісімізді тазалаймыз», «Ашуланған мысық».

Діріл дыбыстарға арналған: «Әткеншек», «Сылақшы», «Ат шауып келеді», «Күрекше».

Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшықеті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп,сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, сергіту сәттері, жылылық шеңберлері, түрлі дидактикалық ойын-жаттығулары көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану – осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шараларының нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын. Ең бастысы, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу қорқынышынан арылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2021
607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі