Материалдар / ашық тәрбие сағаты Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық тәрбие сағаты Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары сынып жетекшіге балаларға отансүгіштік қаситтер қалыптастыруға көмегі зор. Тарих пәнінің мұғаліміне пайдасы болады деп сенемін, өйткені сабақта жамбыл облысының тарихи ескерткіштер туралы кең мәлімет ала алады. Бололарға ұлттық тәлім-тәрбие, туған жерге деген сүіспеншілігі қасиеттер бойларына сіңіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
2441
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Патриотизм- ұлттық рухтың асқақ белгісі

Сабақтың мақсаты: қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.


Ресімдеу

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар

Музыкалық және бейне көркемдеу

Мемлекеттік гимнің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

ноутбук, слайд-шоу

Үлестірмелі материалдар

кеспе қағаздар, нақыл сөздер

Эпиграф

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»Н.Ә. Назарбаев

Дайындыққа арналған әдебиет


1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі


Ұйымдастыру кезеңі.

1. Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

2.Мемлекеттік гимн орындау.

3. Оқушыларды топқа бөлу


І-блок. Мотивациялық


«Ассоциация» стратегиясы

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

Оқушылар сөйлемдерін тақтаға іледі.


ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам.

ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімнің жаңарту бағдарламасын ұсынды. Онда елбасы:

«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.  

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.


ІІ-блок. Практикалық

1-топ: Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет береді.

1.Адамдар өте ерте кезден–ақ бір–бірімен сауда жасасқан. Алғашында сауда бір жерде бар, екінші жерде жоқ нәрселер мен құнды заттарды айырбас жасау түрінде жүргізілді. Мысалы, олар: тұз, асыл тастар, алтын, дәрілік өсімдіктер, хош иісті заттар. Содан кейін адамдар тауарларды – азық-түліктерді, малдарды, қола және темірді, терілерді, маталарды, сәйгүліктерді және басқа да көптеген заттарды бір – бірімен алмастыра бастады. Кейін келе оларды ақшаға сату, керектілерін сатып алу жүзеге аса бастады. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір – біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір – біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша б.з.б. ІІІ – ІІ ғасырларда Еуропа мен Азияны (Еуразия) байланыстыратын Ұлы Жібек жолы пайда болды.

2. Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын әдемі көк тас лазурит (ляпис – лазурит) тасымалданған «Лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын «Нефрит жолы» болған. Үшіншісі – «Бұлғын жолы» болған. Бұл жол арқылы қымбат бағалы терілер тасылған.

3. «Ұлы Жібек жолы» деген ежелден келе жатқан ат емес. Бұл атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қалыптастырды. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жол» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Бұл жолдың ұзындығы – 7 мың шақырымнан астам. Жібек жолының бағыты: Хуанхэ өзені Ұлы Қытай қорғанының батысы Іле өзені Ыстықкөл. Солтүстік бағыт Оңтүстік бағыт Испиджаб (Оңт. Қазақстан) Ферғана, Самарқан Еуропа Батыс Қазақстан Қара теңіздің солтүстік–шығысы Сырдарияның Жерорта теңізі төменгі ағысы Орта Азия Түркістан Иран, Ирак, Сирия

4. Еуропаның көптеген елдері Шығыс елдерімен, соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты аса ірі елдермен байланыс жасауға құштар болды. Ол кезде теңіз жолы болмағандықтан, Еуропа мен Азияны байланыстыратын құрлық жол тек Орта Азия арқылы өтетін еді. Саудадағы басты тауар – жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйізтұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б. Жібек өндіру тәсілі құпия болғанына қарамастан, жасырын түрде алып шыққан. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне салып алатын болған. Әйелдердің шашының арасына тығып алып шыққан. Б.з. алғашқы кезі – жібек өндіру Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғдылар жібек өндіруден Қытаймен бәсекеге түскен. Қытай қалаларында соғдылардың сауда отарлары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақталған. Жібек өндіру, сондай-ақ Жапонияда, Кавказ жерінде жандана бастаған.

5.Жібек жолының Қазақстан басты орталығы болды. Осыған байланысты сауда керуендері өтетін жолдардың тоғысқан жерлерінде ірі қалалар пайда бола бастады. Қалалардың көбі өзен - көлдердің жағасына, жері бай, топырағы құнарлы, ауа райы жұмсақ жерлерге салынған. Олар әсіресе Талас, Іле, Қырғыз, Жоңғар Алатауының бөктерінде жиі кездеседі. Өйткені, бұл аймақтардан Сырдария, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгір, Арыс сияқты өзендер ағып өтеді. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді.Қазақстанға белгілі болған  орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің  Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.    VII  ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде  түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран  жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.




2-топ: Ежелгі Тараз ескерткіштері туралы айтады.

1.«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған. Қорық – мұражайдың негізгі қызметіне тарихи – мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерттеу, дәріптеу, қадағалау мен қорғау кіреді.Мұражай иелігіне Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштер кіреді. Бұл аймақтың бай әрі ұзақ тарихы бар. Мұнда тарихи дамудың негізгі сатыларынан көптеген айғақтар – ежелгі адамдардың тұрақтары, петроглифті ордалар мен тас мүсіндер, көшпелілердің обалары мен қорғандары, орта ғасырлық қалалар мен қоныс мекендері, Әулие ата кезеңі сәулетінің ескерткіштері сақталып қалған. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайында тарих пен мәдениеттің 110 ескерткіші бар, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерден жинастырылған, тас дәуірі мен біздің қазіргі заманымызға дейінгі қала шекарасында да, облыс территориясында да орналасқан 28 ескерткіштің республикалық маңызды статусына ие. Солардың ішінде туристерге ең танымалы ретінде Тараз қаласы, Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Дәуітбек кесенесі, Ақыртас құпия кешені мен Тектұрмас кесенесін атап кетуге болады.

2.Қорық – мұражайдың ашылғанынан бері бірталай жұмыстар атқарылды және ескерткіштерді қалпына келтіру мен қорғау, оларды зерттеу, нәсихаттау жұмыстары бойынша белгілі бір тәжірибелер жинақталды, ғылыми – белгілі басылымдардың үш томы мен әртүрлі буклет түрлері басып шығарылды. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтардың қайта жаңғыруы, түркі тілдес мемлекеттер мәдени мұрасының басым дамытылуы мен сақталуы» бағдарламасы аяларында тарихи туризмді дамытуға арналған инфрқұрылымдар жасалуда. 2002 жылдан бастап 15 Республикалық маңызды тарихи – мәдени мұра нысандарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

3.2013 жылы Тараз қаласындағы Әулие ата кезеңінің ескерткіші – 1900 жылы тұрғызылған бұрынғы Офицерлер үйі (Бектұрғанов көшесі, 3) қайта қалпына келтірілді.Әр жылдары басталған археологиялық жұмыстар орта ғасырлық ескі қалаларда жалғасуда: Тараз, Құлан мен Өрнек (Т.Рысқұлов ауданы), Баласағұн (Ақтөбе, Степинское, Шу ауданы), Түймекент (Байзақ ауданы), Бектөбе (Жамбыл ауданы).Мысалы, орта ғасырлық қалалар, керуен – сарайлар, кесенелер мен мешіттер ескерткіштері әр жыл сайын танымал болып келуде, әр елден келетін туристер, басқа облыстар мен республикамыздың басқа қалаларынан келетін тұрғындар саны артып келеді. Көпшілік халыққа бұрын белгісіз болып келген тарихи археологиялық фактілерді табу мен зерттеу жұмыстарын ұсыну жалғасуда.

4.Сонымен қатар қорық – мұражай ғылыми қызметпен айналысады, ғылыми әдебиеттер, кітапшалар, жолсеріктер, буклеттер басып шығарылады. Бүгінгі таңда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» деген жалпы атаумен үш томдық кітап пен әр нысанға арналған жеке кітапшалар басып шығарылды. Мұражай қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті газет – журналдарға өздерінің ғылыми мақалаларын жариялайды.

5. «Ежелгі Тараздың ескерткіштері» тарихи-мәдени мұражай қорығының директоры Тәкен Молдақынов ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық жиынында Қазақстаның 33 тарихи ескерткіші «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, ЮНЕСКО тізіміне барлығы екі қазақстандық тарихи ескерткіш – Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі мен «Тамғалы тас» шатқалы енген.


3-топ: Ескерткіштерді сиппатайды.

1.Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

2.Бабажы-қатын кесенесі Қазақстандағы — 10 — 11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.Ғимаратта шағын көлемдегі архитектура. Детальдер ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабажа қатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.[1] [

3.Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі.
Кесене сәулетшісі мен құрылысшылары белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты имарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа Тараз қаласына қарап тұр.
Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар. Г.А.Пугаченкова кесенені XIV ғасырға жатқызады.
Орыс тіліне аударғанда « Тектұрмас» «тау жай тұрмайды» деген мағынаны береді. Кесене Сұлтан Махмұдханның жерленген орны болып саналады. Нұсқалардың бірі бойынша ол жергілікті әулие, басқасы бойынша – Қараханид әскерлерінің басқолбасшысы. Ол исламның таралуына үлкен үлес қосқан. Құрылыстың нақты уақыты туралы деректер жоқ.
XIX ғасырдың соңында кесенені В.А.Каллаур зерттейді. ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы жалғыз фотосурет қалған. Кесене 1935 жылы қиратылады. 1939-1940 жылдары оның үйінділерін Г.И.Пацевич зерттейді. 2002 жылы, Тараздың 2000-жылдығына орай Амнгелді Момышевтің бастамасымен кесенені қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қайта жаңарту жұмыстарын жас сәулетші Нұрлыбк Бәкеев қолға алды. Кесене сақталып қалған ескі сурет бойынша қалпына келтірілді.

4.Ақыртас – көненің таң қаларлық ескерткіші, VIII—IX ғасырлардағы сарай кешені. Ақыртас жамбыл облысындағы тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас блоктарынан салынған бір құрылыстың үйінделері. Кешен құрылысшылары өз заманы үшін таң қаларлық инженерлік технологияларды білген.

Ескерткіштің нақты уақыты мен мақсаты белгісіз. Бұл мәселелер бойынша көп дау жүргізілуде. Осы уақытқа дейін имараттың құрылысшылары да анықталмады. Ғалымдардың бір нұсқасы бойынша Ақыртас монахтарға арналған хужралары бар несториандық монастырь болуы мүмкін. Басқалары монастырь буддалық болған дейді. Зерттеушілердің жартысы АқыртастыҰлы Жібек жолында тұрған ортағасырлық қала Касрибасқа ұқсатады.

Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласының орталығында Дәуітбек Шамансұр кесенесі орналасқан. Бұл кесене монғол наменгері Ұлұқ Білге Икбалхан Дәуітбектің жерленген жерінде тұрғызылған. Осы сәулет өнерінің ескерткіші жергілікті халық арасында Шамансұр кесенесі атымен белгілі.

Осы жерлеу құрылысының орналасу жері кездейсоқ емес, оның жанында Қарахан кесенесі орналасқан, ал бүкіл территориясы көне Тараз қаласының рабадына кірген болатын. Шағын тарихи анықтама, рабад (араб. —қала айналасы), 7—8 ғғ. Орта Азия мен Парсы елінің қалаларында кәсіпшілік-саудалық қала маңындағы елді мекен. Рабад шахристанмен шектесіп отырды. 9—10 ғғ. рабад шығыс феодалдық қаланың экономикалық және саяси орталығы болып саналған. 11-12 ғасырларда монғол наменгері жерленгенде, кесене көне ортағасырлық қаланың дәл орталығында орналасқан.

Көптеген қайта салулар мен қалпына келтіру жұмыстар нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысында кесене өзінің қазіргі кездегі көрінісіне ие болды. Алғашында кесене күмбезі төрт жартылай дөңгелек доғаларда тұрған ротондық типтегі шағын құрылыс болғаны әбден мүмкін. Доғалар тақталардан қаланған тастан жасалған іргетасқа сүйеніп тұрған.

Қабір үстіндегі мұнарада араб тілінде Дәуітбек Шамансұрдың дүние салған кезі –1262 ж. қашалып көрсетілген. Бұл жазуды 1893 ж. ғалым В. В. Бартольд пен 1939 ж. академик А. М. Беленицкий екі рет зерттеп, оқыған. Қазіргі тілге бұл жазу әдеби түрде осылай аударылады: «Қалам мен қылыштың иесі. Қоран мен жаны таза жандардың қорғаушысы болды».

Ойық ауылы:

а) Қарақожа мешіті ХХ ғасырдың басында соғылған. Ауылдың солтүстік-шығыс жағындағы жәдік көлінің маңында орналасқан.

б) «Ілебай» Сағанасы ХХ ғасырдың басында тұрғызылған Сеилбек елді мекенінің жанында.

в) «Бөлтірік шешен» кесенесі 1995 жылы тұрғызылған. Сеилбек ауылының солтүстік жанында «Балта» қыратынын етегінде орналасқан.

г) Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың бейіті Талас өзенінің айналасында жатыр.

д) «Ноғай-ишан» мешіті ХХ ғасырдың басында соғылған. Талас өзенінің жағасында орналасқан.

е) «Бөлтірік құдығы» ауыл орталығынан 30 шақырым жерде.





Елбасымыз: Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек- деген.

Сондықтан мәдени мұраларға қамқорлық жасап, оларды мақтан тұту біздің басты міндетіміз.

«Менің Қазақстаным» бейнеоролигін тамашалау және өз ойларын айтып түйіндеу.


Рефлексия. «Тегтер бұлты»

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.





















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!