Материалдар / Ата – баба тәрбиесі. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата – баба тәрбиесі. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлының өмірбаянына қысқаша шолу жасау. "Ұшқан ұя" мәтінімен жұмыс жасау. Батаны түсіндіру, құндылықтарды оқушы бойына дарыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
1240
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ата – баба тәрбиесі. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Күні: 05.10.21

Машықкер: Сайфолланова С. К.

Әдіскер: Табилтай С

Мектеп мұғалімі: Шиянова А. З.

Бағасы: ____________________

Қолы: ____________________


Бөлім:

2 – бөлім: Құндылықтар

Педагогтің аты-жөні:

Сайфолланова С. К.

Күні:

05.10.21

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ата-баба тәрбиесі. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз,батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

2.6 кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау.

4.2.6.1 кеіпкердің, кеіпкерлердің іс-әрекеті, мінезқұлының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.

Кейбір оқушылар үшін:

Өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Ширату. «Миға шабуыл» тәсілі

Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтай отырып, жаңа тақырыпты ашады.

  • Оқушылар, бұл өмірде не қымбат?

  • Не қиын?

  • Жақсы жігіт қандай болады?

Мақсаты: Бұл тұста оқушылар тірек сөздерді пайдалана (қымбат, қиын, жақсы адам) отырып өткен сабақ бойынша өз пікірлерін жеткізу барысында сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырады. Оқушыларды ынталандыру барысында тиімді тәсіл белсенді оқу тәсілін қолданылады.

Тиімділігі: Оқушылар өткен сабақты кіріктіру арқылы естеріне түсіреді. Рухани құндылықтарын байытады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері,

ДК экраны,

презентация, интербелсенді тақта.

Сабақтың ортасы

33 мин

1-тапсырма:

Ребусты шешу арқылы бүгінгі күннің тақырыбын тап.

Дескриптор: ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты табады. Жалпы - 3 балл.

Интербелсенді тақта, сурет.


2-тапсырма:

Топпен жұмыс.

1 – топ: Бауыржан Момышұлы өмірбаяны

2 – топ: «Ұшқан ұя» мәтіні

Оқушылар топпенен берілген тапсырманы түсініп оқиды. Өзара талқыға салғаннан кейін әр топтан 2 оқушыдан шығып басқа топтарға барады, өздерінің түсінгендерін айтып береді.

Дескриптор: тапсырмаларды орындау арқылы уақытты үнемдейді. Өз ойларын ашық жеткізеді. Жалпы – 4 балл.

Оқулық.


Сергіту сәті:

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.




3-тапсырма:

«Есіңе түсір» айдары.

  • Бата дегеніміз не?

  • Саған Бауыржанның бабасы берген ақ батаның қай сөзі ұнады?

  • Өз отбасыңда қандай әдет – ғұрып бар?

Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: Рухани құндылықтарды, отбасылық әдет – ғұрыптарды еске түсіреді. Ойларын еркін жеткізеді. Жалпы - 3 балл.


Оқулық.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Не білдім?» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабақтан түсінгендерін білу үшін «Бұл кім?» деген сұрақты негіздей отырып Бауыржан Момышұлы туралы білімдерін стикерлерге жазып, ватманға жапсырады.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!