Материалдар / Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды тәрбиелейтін ата-ана болғандықтан мына материалдағы жазылған сөздер өте жақсы айтылған деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
702
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері.

Әрекетіміз дұрыс болу үшін оған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз.

(Әл-Фараби)

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.Бұл баланың әсерленгіш,еліктегіш;ойлауды,сөйлеуді меңгерумен,алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең.

«..тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз –бүкіл тәрбие процесінің тоқсан проценті»-деп,Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.Бала тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болу-ең алдымен өзі туып-өскен отбасында алған тәрбиеге,ондағы қалыптасқан қарым-қатынасқа байланысты.Қай ата-ана болмасын өз перзентінің иманды да инабатты,адамгершілігі мол,саналы азамат болып өсуін қалайды ғой.Сондықтан бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білу,әрбір ата-ана үшін қажетті шарт.Жалпы жаратылыс адам денесі сияқты екі бөліктен тұрады:біріншісі-бес сезу мүшесі арқылы сезіп,ақылмен ажырататын материалдық дүние (сана).Екіншісі-сезу мүшелері сезе алмайтын,бірақ ішкі дүниемізбен сезіп,ақылымыз ажырататын рухани дүние (астар сана)Ежелден-ақ ғалымдар (Платон) астар сананы қылық-әрекет,сырқат,көңіл-күй,табиғат,адами ара қатынастар проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерілу қажет фактор екенін мойындаған Астар сана аумағында адамның өзіне,басқаларға,жалпы өмірге деген қатынасы үлкен маңызға ие.Сондықтан балалардың эмоцианалды тұлғалық ерекшеліктерін дамытуда ата-ана ұстанымының алатын орнын білу аса маңызды. Әр бала үшін өз ата-анасынан артық ешкім жоқ,олар ең ақылды,күшті,әдемі.Әсіресе,сәби шақтағы ата-ананың бала алдындағы беделі ерекше.Ата-ананың әділеттілігі,айтқан сөзі мен істеген ісінің дұрыстығына кәміл сенетіндігін балалардың «Мамам айтты...», «Папам осылай істе деген»сияқты сөз саптауларынан байқауға болады.Үлкен адамдар өзінің қажеттіліктеріне орай,қоршаған ортаның талабына «күмән келтіріп»,салмақтап қарсы тұруға,қабылдамауға қабілетті.Олар астар санаға қажет емес деп санаған ұстанымдарды саналы түрде өткізбейді («Шылым –денсаулыққа зиян!»-шеккім келеді,шегемін). Ал балалар олай істей алмайды.Балалық шақта ата-анамен қарым-қатынаста психологиялық қорғаныс жасауға баланың мүмкіндігі жоқ,ол естап көргенін бұлжытпай қабылдап,бойға сіңіреді. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дейтін халық нақылы осындайда айтылады. Әрине ата-ана ұстанымының басым бөлігі жағымды;баланың дұрыс дамуына бағыт береді. Әуелден қалыптасып,атадан балаға жеткен жағымды ұстанымдардың мысалын көптеген мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздерден,ертегі-аңыздардан байқауға болады. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос», «Жақсы өтіріктен,жаман шындық жақсы»



Есті кісі ерегеспейді

Көпшіл адам бөлек ішпейді

(Кенен Әзірбаев)

Кісі көрсең есікке

Жүгіре шық кешікпе,

Қарсы алмасаң мейманды

Кесір болар несіпке

(Үмбетай ақын)

Ал күнделікті өмірде өз балаларымызбен қарым-қатынаста қолданатын сөздерімізді еске түсіріп көрейік:қалай мадақтаймыз,қалай еркелетіп,қалай ескерту жасаймыз;ренжігенде,айтқанымызды орындата алмағанда не айтамыз?Біздің үлкендердің санамызға бұл ұстанымдар,наным-сенімдер қайдан келді?ойланып қарасақ,біздің өміріміздегі жақсылық,кемшіліктеріміз ішкі бағыт-бағдар көп жағдайда өз ата-анамыздан беріледі. Сондықтан,құрметті ата-аналар бала тәрбиелеудегі өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі-өнегенің балаға қаншалықты әсер беретін әрқашан есте ұстағанымыз жөн.Сіз төмендегі ескерту,шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз:

  • Баршы,қазір менің қолым бос емес!

  • Қарашы тағы бүлдірдің!

  • Дұрыс емес!

  • Сенің бірдеңеге үйренетін күнің бола ма?!

  • Сен мені жындандырарсың!

  • Әкең (немесе шешең)екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар!

Таныс қой!Солай емес пе?Мұндай сөздер баланың астар санасына сіңіп қалады.Ал кейін есейе келе балаңыз тұйықталып,сізбен сөйлескісі келмесе,өз-өзіне сенімсіз ынжық болса;жалқау болса,әкесіне (немесе шешесіне)деген құрмет сенімін жойса-таңқалмаңыз! «Не ексең,соны орасың».баланы кіналап,кемшілігін бетіне басу,басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес.Баланың әр қадамына бақылау жасап,мінез-құлық қылықтарына үнемі баға беру оның өмірін түнекке айналдырумен бірдей.Оның орнына балаңыздың әр ісі ,қылығына түсіністікпен қарап,өз-өзін бағалауға,өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!