Ата-аналармен
жүргізілетін сабақтар.
№2
сабақ
Мақсат:Балаға қандай көмек
көрсетуге болатыны жөнінде кеңес
беру
1. Ассосация
“Жанұя”(Доп беру арқылы жауаптар
беру)
Балаңыздың туған
күні?
Балаңыздың парталас
көршісі кім?
Бүгін сабақта қандай
тақырып өтті?
Балаңыз спорттың
қандай түрін жақсы көреді?
Тәрбиешісінің толық
аты-жөні?
Балаңыздың сүйікті
асы қандай?
Балаңыз қандай
өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыз қандай түсті
жақсы көреді?
Балаңызды еркелетіп
қандай сөз айтасыз?
Балаңыз сізді
ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға
түседі?
2.Мектепке бейімделуге балаға қалай көмек
көрсетуге болады?
Мектепке оқуға барған балаға моральдық және
эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (сөкпеген дұрыс
болады), бір нәрсе жасап жатқанда мақтау керек (басқа балалармен
салыстырмай).
1.Баланың мектептегі жетістіктеріне өзіңіздің
қобалжушылығыңызды
көрсетпеңіз
2.Баланың мектептегі өміріне көңіл бөліп тұрыңыз
және экскурсия, кезекшіліктер, мектептегі мерекелерге дайындық пен
өткізу туралы, баланың басқа балалармен қарым-қатынасына өз
назарыңызды аударып
тұрыңыз
3.Балаға өзіне сенімділік беретін қызметінде
жетістікке жеткен саланы белгілеп, баса
көрсетіңіз.
Бұның барлығы баланың қобалжушылығын төмендетеді
және бала сабақта жұмыс істегенде жетістіктерге жете алады. Бала
мектептегі сәтсіздіктері үшін тұйық болуына жол
бермеңіз.
Долылықты бір әдіспен жазалауға борлады –
қарым-қатынас мүмкіншілігінен айыру (асықпай, қыр
көрсетпей).
Ең
басты жүлде – бала тыныш, сабырлы, бір нәрсе жасап отырғанда ашық
сенімді, мейірімді, жақсы қарым-қатынас (баланы емес, баланың
жұмысын мақтаңыз).
Олар неге бейімделулері
қажет? Бірінші сынып оқушылары
оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен
үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы
қажет.
Күн тәртібі өзгереді. Енді бала қалаған уақытына
дейін қыдырып, ұйықтай алмайды. Оның уақытының минутына дейін
тіркеліп жазылып қойылған. Біз балалардың бейімделу кезеңі сәтті,
денсаулықтарын қадағалап, психологиялық мәселелер туындамай өту
үшін барлық жағдай жасауымыз
қажет.
Ересектер қандай
көмек көрсете аламыз? Біріншіден бұл оқу жылына икемделу.
Бұған алдын ала дайындалған қажет. Тамыздың орта кезінен бастап күн
тәртібін өзгерткен дұрыс. Ерте тұрып, ерте ұйқыға жату қажет.
Өзіңіз үлгі болыңыз. Белсенді демалу қажет (таза ауада). Алдағы
оқуға дайындалу (кітап оқу, сурет салу, қию, құрастыру, әңгімелесу
...).
Компьютерде ойнауды,
теледидар көру уақытын шектеп
отыру.
Баланы мектептен
кейін тамақтандырып, бір-екі сағат демалдырғаннан кейін ғана
қосымша сабақтарына жіберуге болады. Және балада үй тапсырмасын
орындауға уақыт қалу қажет.
Бала таза ауада үш,
үш жарым сағат қыдыруы қажет. Таза ауасыз бала дұрыс дамиды деп
айтуға болмайды.
Бала дұрыс тамақтануы
қажет. Баланың миының дұрыс жұмыс істеуі үшін ас мәзірінде сүт,
жұмыртқа, бауыр, балық тәрізді тағамдар болуы тиісті. Ал жармалар,
бұршақ тұқымдастар, жержанғақ, шекілдеуік дәнегі, жаңғақ қуат үшін
қажет. Организмді дәрумен мен микроэлементтермен толықтыру үшін –
картоп, жеміс, көкөніс
қажет.
Бірнеше
тілек:
Мектепке барған
балаға рухани және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай
(ұрысуға қажеті жоқ), ол бір нәрсе істеп жатқан кезде мақтаған
дұрыс.
Баланың нәтижелерін
басқа дұрыс орындаған баланың нәтижесімен салыстыруға
болмайды.
Баланы тек баланың
өзімен ғана салыстыру қажет және оның нәтижелерін жақсарту үшін
ғана мақтаған жөн.
Ата-ана шыдамдылық
көрсетіп, баланың жетістіктерін күтуі қажет, себебі мектепте
қобалжушылық жағдайлары болып
тұрады.
Мектеп ұзақ мерзім
бойы аяушылықпен бағалауы
тиісті.
3.Аяқталмаған
сөйлем:
– Егер баланы үнемі сынап отырса,
...
– Егер балаға үнемі күлсе,
...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса,
...
– Егер бала төзімділікте өссе,
...
– Егер бала адалдықта өссе,
...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе,
...
– Егер бала кекшілдікте өссе,
...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,
...
Дұрыс
жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы
құлқы болмайды).
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып
кетеді).
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз
қадірі үшін оқиды).
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды
түсінуге тырысады).
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып
жетеді).
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол
адамдарға сеніммен қарайды).
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып
өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,
... (ол әлемнен махаббат табуды
үйренеді).
4.
Рефлексия
- Мына гүлсіздердің балаларыңыз
сияқты нәзік, сол гүлге баланы танып- білудегі естеболатын
жағдайларды жаза қойыңыздар.
- Өзіңіз не алдыңыз?
- Сабақта айтылған мәселелердің сізге
пайдасыбар ма?