Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар. №3 сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар. №3 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы 1 сыныпта күтіп тұрған қиындықтар туралы және оны қалай жеңуге болатыны жөнінде кеңес беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар.

3 сабақ

Мақсат: Баланы 1 сыныпта күтіп тұрған қиындықтар туралы және оны қалай жеңуге болатыны жөнінде кеңес беру

1.Видеоролик «Әке менімен бірге болшы»

Талдау:

1) 1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

Қорытынды: Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.

Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.

2,Ата-аналар неге дайын болулары қажет.

 1. Баланың жазуы жаман.

Себебі баланың саусағы дұрыс дамымаған немесе қолының моторикасы ұсақ. Ұсақ моторика ұсақ жұмыс барысында дамиды. Баламен бірге сурет салыңыз, ермексазбен мүсін жасаңыз, құрастырыңыз, қыздармен тоқыңыз, кесте тігіңіз, бисермен тоқыңыз, аппликациялар, суреттер киыңыз. Баларды тұшпара, самса жасауға, жармаларды тазалауға қатыстырыңыз. Саусақтарға арналған гимнастика жасаңыз.

2. Бала сабақта отырып мұғалімді естімейді, сұрақтарды да естімейді, мұғалімнің тапсырмаларын орындамайды.

Себебі: бала айналадағы бөгде заттарға алаң болады. Бала өзінің ішкі әлеміне, өзіне беріледі.

Себебі ата-ана, үлкендер тарапынан қамқорлық, сүйіспеншілік, назардың жетіспеушілігі.

Эмоциялық қолдаумен балаға назар аудару қажет. Баланы бақылаңыз, бірге сурет салыңыз, құрастырыңыз. Сәттілікті қамтамасыз етіңіз.

 3. Созылмалы сәтсіздік.

Себебі:Баланың мектепке жеткіліксіз дайындығы (дамымаған моторика, ерікті назардың қалыптаспауы).

  • Қобалжушылық, өзіне сенбеушілік (мектеп алды жасында қалыптасқан отбасылық қақтығыстар мен отбасылық қарым-қатынастың әсері).

  • Ата-ана үмітінің аса көтеріп жіберуі (тек жақсы жетістіктерді күту, немесе мектеп алдында қорқыныш сезіну)

Көмек себептерін жоюдан тұрады.

4Вербализм (көп сөйлеу) (Бала көп сөйлейді, себебі бала өзін-өзі өсіре бағалайды, үлкендер баланың қабілеттерін өсіре бағалайды, бейнелі ойлауда қиыншылықтар көреді, есептер шығаруға қабілеті жоқ)

Себебі: сөйлеу дамуы өте жоғары және ойлау дамуында кешігу бар.

Бейнелеу ойлауды дамытуға көмек көрсету (сурет салу, мозаика, құрастыру, аппликация), сөйлеу әрекетінде тарта сөйлеу, нәтижелі қызметін ы

5Психофизикалық инфантилизм. (Бала өзін мектеп жасына дейінгі  баладай үстайды, мектептің талаптарын маңызды деп есептемейді, өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптаспаған).

Себебі: мектеп деңгейіне жетілмегені.

Бұндай баланы тағы бір жыл мектеп жасына дейінгі мекемесіне жіберу дұрыс болады.

6.Бейімсіздік белгілері (түрлі қорқыныш сезімі; жылау; көңіл күйдің өзгеруі; басым, ішім ауырды деп шағыну; бала ұйықтап жатып сөйлеуі немесе айқайлауы)

Себебі: оқу балаға қиын беріледі, оған жайсыз.

Көмек көрсету үшін баламен әңгімелесу, баланы тыңдау және баланы бақылау қажет. Ұйқы алдында баламен серуендеп келіңіз, сырласыңыз. Бұл жағдайды байқап, сыныптастары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесіңіз, пікірлесіңіз.

7Бала ата-ананың көмегінсіз үй тапсырмасын орындай алмайды. (Балалар өз беттерімен үй тапсырмасын орындай алады және міндетті)

Себебі: өз өзіне сенбеушілік, қобалжушылық, өз бетімен еңбек ету білмегендігі.

  • Баламен жұмыс істеу барысында баланың қабілеті мен өздігінен дамуына көмек көрсету.

  • Балаға ол өз бетімен барлығын орындай алатынын түсіндіру. Бірақ ескертіңіз: «Егер орындай алмасан меннен сұрауға болады»

  • Тапсырмаларды тексеріп тұруды ұсыныңыз: «Егер қарсы болмасан мен, сен шығарған есептерді кейін тексеріп берейін»

  • Баланы аралық нәтижелер үшін мақтап тұру. Бұл баланың сенімділігін күшейтеді.

  • Егер жұмыс тоқтап қалса, біріншіден неге бұлай болғанын анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Сен бұны қалай санадың?» немесе «Сен мына санды қайдан алдың?»

  • Егер бала түсіне алмаса, шешімнің басқа әдістерін ұсынбаңыз.

  • Бала қателессе, нақты кеңес беріңіз: «Сен шешімде 15 санды таптың, ал мүлде басқа сан жаздың» немесе есепті бірнеше кезеңнен шығарындар.

  • Бала өзі жалғыз сенімді шығара алса, балаға көмектеспеңіз.

  • Мұғаліммен балаңыздың білімдегі олқылықтары туралы әңгімелесіп, ақылдасып тұрыңыз. Балаға есепті шығару жолдарын мектептегідей түсіндіріп тұрсаңыз, баланы шатыстырмайсыз.

  • Үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетуде ерекше жағдайлармен шек қойып тұрыңыз: ұзақ ауру немесе өте күрделі тақырып

  • Баламен сабақ оқып отырсаңыз, балаға өз бетімен ойлауға, есептеуге, тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз, араласпаңы.

8Бала таңертең жаман оянады.

Себебі: динамикалық стереотип шынықтырылмаған.

  • Оятқыш сағатты пайдалануды үйретіңіз (балаға салтанатты түрде жеке оятқыш сағат сыйлаңыз)

  • Радио мен теледидардың даусын қаттырақ қойыңыз.

  • Баланы асықтырмаңыз (егер оны асықтырсаңыз, бала барлығын баяу істейтін болады). Дұрысы дәл уақытты белгілеген («10 минуттан соң үстелге отырамыз, 30 минуттан соң үйден шығамыз»)

  • Жалқау деп мазақтамаңыз, дауласпаңыз, 5 минут ұйқы үшін айтыспаңыз, сағаттың тілін 5 минутқа ертерек қойыңызда балаға 5 минут жатуға уақыт беріңіз.

  • Бастауыш сынып оқушыларын мектеп жасына дейінгі балалардай өзіңіз ұйықтатуға жатқызыңыз. Ұйқы алдында баламен әңгімелесіңіз, мұқият баланы тыңдаңыз, жұбатыңыз, баланы түсінетіңізді көрсетіңіз (бала сізбен ашық сырласып сөйлеседі және қорқыныш сезімінен арылып, тынышталып ұйықтап қалады)

3 «Алмастыру» ойыны

Бала кінәлі болғанда айтылатын мына сөйлемдерді алмастырып айтыңыздар

  • 1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

  • 2. Неге сен басқа балалардай емессің?

  • 3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

  • 4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

  • 5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

  • 1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

  • 2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

  • 3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

  • 4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

  • 5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

 4. Рефлексия

- Мына  гүлсіздердің балаларыңыз сияқты нәзік, сол гүлге баланы танып- білудегі естеболатын жағдайларды жаза қойыңыздар.

- Өзіңіз не алдыңыз?

- Сабақта айтылған мәселелердің сізге пайдасыбар ма?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі