Материалдар / Ата-анамен тренинг. Критериалды бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анамен тренинг. Критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
1) ата-аналармен жұмыс кезеңінде білім беру мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша түсінік алуы 2) критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігі 3) ата-ана мен мектеп арасында байланыс орнату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
992
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



та-аналарға арналған тренинг)

Тренингтің міндеттері:

  1. ата-аналармен жұмыс кезеңінде білім беру мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша түсінік алуы

  2. критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігі

  3. ата-ана мен мектеп арасында байланыс орнату

Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам,

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Амандасу түрлері

2. Топқа бөлу.

3. Ой жинақтау. (Постер қорғау)

4. сергіту жаттығуы.

5. Қорытынды.

Тренинг жүрісі:

  1. Амандасу

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздер мен біздер бір-бірімізді көргенде жылы жүзбен амандасамыз. Ал дүние жүзінде амандасудың бірнеше түрлері бар екен. Ендеше, қазір бір бірімізге жұп болып қарай қалайық. Құлақпен, бетпен, иықпен, шынтақпен, тіземен амандасайық, аяғымызды топырлатып амандасып көрейік.

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

2. Топқа бөлу.

Ән бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырыңыздар.

  • «Махаббатсыз дүние бос» демекші анаға, балаға, отбасына, Отанға, жұмысқа деген махаббат бар , олай болса 1-топ «Махаббат» тобы,

  • Әр адамға туған жері, Отаны, туып өскен өлкесі қымбат.Сәби дүниеге шыр етіп келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық,тіпті оны өз анасындай көруі тиіс. Сондықтан бұл топты «Атамекен» тобы деп атадық

  • Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі болғандықтан келесі топ «Армандастар» тобы.

3. Ой жинақтау.

- Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланың білім алудағы табыстарын сіздер қайдан көресіздер?

- Үш топқа конвертке салынған тақырып беріледі. Бүгінгі әңгіменің арқауы болып отырған қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, рубрика деген ұғымдар туралы ой қозғап, өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.


1 – Оқушы портфолиосы деген не?

2 – Бағалаудың қандай түрлері бар?

3 – Рубрика не үшін қажет?


Ата–аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.


4. Сергіту жаттығуы – «Өрмекші торы» әдісі

- «Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата–ана.


Ата-аналар ортаға шығып, жіпті бір-біріне ұсына отырып сұрақ қойып, жауап беріп өрмекші торын құрады.

5. Қорытындылау

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. «Қоқыс жәшігі», «Чемодан», «Еттартқыш»

Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!