Материалдар / Ата заң құқық кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата заң құқық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс-сабақ Сайыстың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,іздендіру,түсіндіру Сайыстың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Әділет», «Ақиқат»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2023
170
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Ата Заң – адам құқығының кепілі»

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сана –сезімін қалыптасуы және дамытуы,ұйымшылдықпен тәртіптліктің тимді жолдарын үйрету,жауапкершілікті артыру. Оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шындау.Құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке,елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Интерактивті тақта,видеоролик

Сайыстың түрі:Сайыс-сабақ

Сайыстың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,іздендіру,түсіндіру

Сайыстың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Әділет», «Ақиқат»

Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көрсетеді)

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып,бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата-заңның 1-бабында «ҚР-сы өзін демократиялық,әлуметтік,зайырлы,құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген.

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп,жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды аттамай,тура жолмен жүріп,еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан,бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Адал ұрпақ-Мәңгілік ел болашағы» деп аталады.Құқық бұзушылық-қоғам өміріне тән дерт.

Бейнеролик

Бейнеролик бойыынша сұрақ-жауап алу.

1 Тапсырма «Қылмыс» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Постер қорғау. «Қылмыс» сөзіне түсінік беру.

Қосымша мәліметтер:

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар таныларды (78-бап)

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері -79-бап

  • Айыппұл :

  • Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

  • Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

  • Түзеу жұмыстары ;

  • Бас бостандығын шектеу ;

  • Бас бостандығынан айыру ;

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады

  • Азамат 14 жастан бастап қылмыстың – кісі өлтіру (96-бап)

  • Денсаулығына зиян келтіру-103 бап

  • Тонау-175 бап

  • Ұрлық-178 бап

  • Бұзақылықтың ауыр түрін жасау – 179 бап

  • Мемлекеттік немесе жеке меншікті мүлікті жою – 187 бап

  • Қаруды,әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап

  • Адам ұрлау – 125 бап

  • Терроризм – 233 бап

Жаза түрлері:

  • Айып салу

  • Құқықтын айыру

  • Қоғамдық жұмысқа тарту

  • Еңбекпен түзету жұмысы

  • Бас бостандығын шектеу

  • Тұтқындау

  • Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

  • Бас бостандығынан айыру

  • Сотталушының мүлкін тәркілеу

  • Өлім жазасы

2 Тапсырма “Көңілді қалпақ” ойыны “Әділет” тобы

Сұрақтар:

  1. Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993,1995ж)

  2. Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

  3. ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы)

  4. Жеті жарғыны” қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)

  5. ҚР – сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлуметтік)

  6. Қылмыс құрамын атаңыз? (объект,объективтік жақ,субъективті,субъективті жағы)

  7. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)

  8. ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж, 16 желтоқсан)

  9. ҚР – ның “Мемлекеттік нышандары туралы” заң қашан қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)

  10. Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)

Ақиқат” тобы

Сұрақтар:

  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. “constitution”-құрылғы,өкім)

  2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

  3. Қылмысты санаттары қарай қалай енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

  4. Жеті жарғыда” бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)

  5. ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық)

  6. Бала неше жастан бастап,қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)

  7. Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж , 28 қаңтар)

  8. ҚР – да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)

  9. Мемлекеттің биліктің жүйесі? (Президент,Парламент,үкімет,Сот және БАҚ )

  10. Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім , 98 бап)

3.Жағдаяттық тапсырмалар.

Әділет” тобы

Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп , - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма,ұр,сазайын бер.

Тәрбиеші:

-Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?

Ақиқат” тобы

Ермек 9 сынып оқушысы,күніге сабақтан қайтқанда,өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын,ұялы телефонын тартып алады.Бұл Ермекке әдетке айналған.

Тәрбиеші:

-Сендер қалай ойлайсыңдар, Ермек дұрыс істеп жүр ме?

4. “Тәртіп орнат”

1.Құқық -------------------- А – Еліміздің негізгі заңы.

2.Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.

3.Мемлекет ---------------- В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4.Азамат --------------------- Г – Тәуелсіздік

5.Құқық бұзушылық ------ Д – Заңдар жүйесі

6.Президент ----------------- Е – Заң шығарушы орган

7.Парламент ----------------- Ж – Заң жүйесін бұзу

8.Егемендік ------------------- З – Құқығы бар ел тұрғыны

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г.

Қорытынды: Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп,тірбиелі,мәдениетті,білімді адам болуға ұмытылуымыз керек.Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей , басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз.Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыыз жете түсінуге тиіспіз.Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп,құрметтейік.

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып,айналаңа қара мәнді,

Адам бол!Білімі тасқан,өнеріасқан

Өзіңе сүйісіндірер басқа жанды-деп арқалы ақын С.Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай ,өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады дееген сеніммен,оқушыларға ,келген қоңақтарға алғысымызды білдіре отырып ,бүгінгі “Ата Заң – адам құқығының кепілі» атты сайысымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!