Материалдар / Атақты ұстаз Ш. Амонашвилидiң жазбаларынан менiң түйген ой-пікірiм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атақты ұстаз Ш. Амонашвилидiң жазбаларынан менiң түйген ой-пікірiм

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  Түркістан облысы,Шымкент қаласы,"Аль-Фараби атындағы мектебі" ЖШС

Исаева Айман Кобландиевна

Атақты ұстаз Ш. Амонашвилидің жазбаларынан менің түйген ой пікірім.


Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

               Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген.

Атақты ұстаз Шалва Амонашвили бұл мәселе бойынша былай толғанады: «Білім беру саласында жүргізген реформалардың ақталмайтындығының себебі неде деп ойлайсыз? Мен айтайын. Бұл реформалар нағыз керек, өзекті тұстарға бағытталмаған. Кез келген пайдалы реформа тек ұстаздан басталады. Егер мен жаман ұстаз болсам, менің қолыма жақсы бағдарламаларды берудің қажеті не? Ал егер мен жақсы ұстаз болсам, қолымдағы жаңа бағдарлама маған сапалы білім беруге көмектеспейді ме? Әдістемені өзіңше көріп, өзіңше түсініп, бар жан тәніңді балаларға бағышта. Әуелі шығармашыл, ойшыл, тәуелсіз ұстазды тәрбиелеу керек. Оларды ұрыспай керсінше мадақтау керек. Олар өмір суретшілері емес пе? Бүгінгі ұстаздар 21 ғасыр бейнесін салуда!»

«Ешкімде саған дос та емес, дұшпан да емес, әрбірі сенің Ұстазың», «Жоғарғы дәрежелі рухани ізденіс пен шабыт оқушы мен мұғалім  арасындағы қарым қатынасты ерекшелендіреді, өзара сенімділік ұялатады, ал білім –ақылмен жүректі жылытатын шынайы,  қарқынды сиапат береді, себебі сүйіспеншілік ол адамның жан-дүниесіне апарар бірден-бір жол– деп, Ш.А. Амонашвили ізгілікті  жоғары бағалайды.

Сонымен қатар, «Жансыз білім аяққа түскен салмақ сияқты» деп Ш.Амонашвили айтқандай, балаға берілген жансыз білім желге ұшқан сөзбен тең. Яғни, хабарлана салысымен ұмыт қалатын жансыз білім – ақыл үшін, ізгілікке жетелейтін жанды білім – жүрек үшін. Жанды білім әрбір адамның жүрегіне жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды ашуға, ішкі рухани-адамгершілікті дамытуға ықпал етеді. Осы ретте жанды білімнің мақсаты – баланы ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелей отырып, әрбір оқушының өмірдің мәнін түсіну, өзін-өзі тану және өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсіну үшін жағдай туғызу; өз ойына, сөзіне жауапкершілікпен қарайтын, елінің мүддесі үшін еңбек ететін үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу.



Менің ойымша, ізгілік – адамның жүрек түкпірінен жарып шығар нұр секілді адамзатқа шуақ шашар сәуле іспеттес. Тіршілік атаулының негізі – ізгілікте. Ізгілік – адамның  барлық жақсы қасиеттерінің бастауы. Қайырымдылық жасау үшін таптырмас мүмкіндік пен асқан ерлік емес,  кең пейіл мен ақ жүрек керек.  Қайырымдылық жасау арқылы адам ізгілікке жол ашады. Жүрегі таза, жаны жайсаң жандар әрқашан да жақсылық жасауға бейім болады.  Қайырымды, мейірімді жан әрқашан да барша  адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға сүйіспеншілік шуағын шашып, қол ұшын беруші жан. Адамзат баласының ортақ,  ешкімді бөліп-жармас кең үйі Жер-Ана бар.  Осы ортақ үйдегі ынтымақ пен бірліктің көзі ізгілік пен сүйіспеншілік болып табылады. Адам өмірге келгенде оның қалай өмір сүруі, кім болуы және  қаншалықты игі іс жасап, артында өшпестей із қалдыруы да өзіне байланысты. Адамның аты қалай өшпейді? Адамның аты оның жасаған өмірдегі жақсылығымен, оның артында қалдырған ізгі, дұрыс іс-әрекеттерімен есте қалады. Яғни, адам болу бір басқа.Адамның адам болуы, оның әлеуметтік мәртебесіне байланысты емес, жан дүниесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға  бай болуы, оның ақиқат жолымен жүріп, дұрыс әрекет жасағаны, сүйіспеншілікнұрымен шуақтанған жан болуында. Бұл қасиеттерді өзімізді өзіміз тану арқылы бойымызға сіңіре аламыз.

Қазіргі таңда адамдар арасында бір-бірімізге деген сеніміміз жоғала бастаған. Оның басты себебі неде? Себебі, бүгінгі жаһанданған заманда адамдардың бойында  руханилық пен жанашырлық сезіміне көлеңке түскен. Алайда қазіргі таңда басқаның тағдыры үшін алаңдап, қолынан келген барлық көмегін көрсетіп, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да адал ниетпен игі істер жасап жүрген жандар да қоғамда аз емес. Тіршіліктің діңгегі – ізгілік.  Егер барлық іс-әрекет ізгі оймен, ізгі ниетпен жасалып, ізгілікке бағытталған болса,  әлемде мәңгілік үйлесілімділік орнап, барша тіршілік атаулы ізгілік нұрының шуағының астында бейбіт өмір кешері анық.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!