Материалдар / Атақты ұстаз Ш. Амонашвилидiң жазбаларынан менiң түйген ой-пікірiм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атақты ұстаз Ш. Амонашвилидiң жазбаларынан менiң түйген ой-пікірiм

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталуы туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11548 тіркелді


      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.
Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталу мерзімі 2015 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.
      Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы.
      Оқу жылы барысындағы каникулдар:
      1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);
      2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
      3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.
      2. 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілсін.
      3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!