Материалдар / Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаттары: Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою туралы түсініктерді қалыптастыру. Техникалық ой-өрісін дамыту, техникалық тілде сөйлеуді ынталандыру, автокөлік агрегаттары мен түйінділерінің дефектілерін жоюдың тәсілдерінен хабардар болуға құзыреттіліктерін қалыптастыру. Сабаққа белсенді қатысу, өзара қарым-қатынасты нығайту, оқытушыны зейін қойып тыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
226
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысының Білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Коммунальное государственное казенное предприятие

«Колледж транспорта» управления образования области Абай


«Бекітемін» «Көлік колледжі» КМҚК ОЖ бойынша директордың орынбасары «Утверждено»

Заместитель директора по УР

КГКП «Колледжа транспорта»

___________М.Т.Молдагалиева

«____»_______________2023 г.


«Келісілді» Абай облысының ББ «Облыстық

Инновациялық-әдістемелік орталық»

КММ ММ директоры

«Согласовано»

Директор КГУ «Областной

Инновационно-методический центр»

ГУ «УО области Абай»

______________А.С. Исабаева

«___»_______________2023 г.


Методическая разработка открытого урока

Облыстық ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Мамандық /специальность: 1201000 – Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Пән атауы/Наименование дисциплины: Электроника незіндегі автокөлік электржабдықтары

Курс, топ /курс, группа: 3 курс, 32 ТРэк

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока: Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою

Дайындаған оқытушы/ Преподаватель: Далбин Талгат Серикканович

Өту түрі/ форма проведения: оффлайн-онлайн

Өтетін уақыт / время проведения: 19.01.2023г, 8:20



«Келісілді»

ШҚО ТжБК

инженерлік және құрылыс саласы бойынша

ОӘБ төрағасы

«Согласовано»

ТиПО ВКО председатель ОМО

по инженерной и строительной отрасли

_____________Кошкимбаева С.С.



Семей қаласы 2023 ж.


Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Сабақ жоспары № 46

Зертханалық жұмыс № 22

Пән аты: «ЭЛЕКТРОНИКА НЕГІЗІНДЕГІ АВТОКӨЛІК ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫ».

Оқытушы: Далбин Т.С.

Топ: 32 ТРэ-к.

Сабақ тақырыбы: «Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою».

Пәнді меңгеруде студенттер келесі құзыреттерді меңгеруі тиіс:

БҚ1 Өз еркімен ойлау қабілетін дамыту, техникалық және кеңістікте ойлау, түйіндерді шеше білуі, бағалау қабілеттілігін дамыту.

БҚ4 Білім және кәсіби деңгейін әр дайым жоғарылатуға және тұлғалық қабілетін жетілдіруге қажеттілікке талпыну.

БҚ6 Кәсіптік шеберлігімен іс тәжірибесін кең көлемді қолдана білу.

КҚ 3. 12.4. Анықтамалармен жұмыс істеу, сызбалар сызу, құрастыра білу.

КҚ 3. 12.8. Автомобильді диагностикалау кезінде есептеу техникасын пайдалана білу.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Автокөлік электржабдықтарының ақауларын анықтау және жою туралы түсініктерді қалыптастыру.

Дамытушылық: техникалық ой-өрісін дамыту, техникалық тілде сөйлеуді ынталандыру, автокөлік агрегаттары мен түйінділерінің дефектілерін жоюдың тәсілдерінен хабардар болуға құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: сабаққа белсенді қатысу, өзара қарым-қатынасты нығайту, оқытушыны зейін қойып тыңдау.

Пәнаралық байланыс: «Автокөлік құрылысы», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету»,

Сабақтың түрі: зертханалық.

Пайдаланатын оқыту технологиясы: АКТ технологиясы, ойын технологиясы

Көрнекілік: Автокөлік электрожабдықтары стенді, АВS стенді, инжекторлық қозғалтқышты басқарудың электрондық жүйесі стенді, мультиметр, диагностикалық аспап LAUNCH X431 (PRO), үлестірме материал

Сабақ құрылымы:

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

I.

Ұйымдастыру бөлімі

3 минут

II.

Үй жұмысын тексеру (ойын әдісі)

15 минут

ІІІ.

Зертханалық жұмыс орындау

5 минут

ІV.

Корытынды кезең - жұмыс нәтижелерін көрсету

15 минут

V.

Сабақтың қорытындысы

2 минут


І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киім үлгісіне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру. Топ 3 микротопқа бөлінеді. Осы кезенде жеребъевка өтеді. Сабақ барысында ойын, тапсырмалар, сұрақтар қойылады. Дұрыс жауаптарға жетон беріледі. Жетондар санына байланысты сабақ қорытындысы анықталады. Ең көп жиналған жетондар саны 1, 2, 3 орынға бөлініп 90, 85, 70 балдарымен бағаланады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Автоэлектрик білгірі» атты ойыны. Алдыңғы тақырыптарды сұрақ-жауап арқылы қайталауда «Ойын әдісі» пайдаланылады. Әр топ стендттерге байланысты кем дегенде 5 сурақ дайындауы тиіс. Сол сұрақтарды қарсылас топтарға қояды. Сұрақтарды дурыс құрастырып және дұрыс жауап берген үшін жетон таратылады. Сдендттердің құрылысы мен жұмысы 1,2,3 қосымшада сипатталған.

ІІІ. Зертханалық жұмыс орындау. Стендттермен жұмыс істеу. Стендттерде арнайы ақаулар қойылған. Микротоптардың студенттері ақауларды анықтап, жойып, стедттің жұмысын тексерулері тиіс. Жұмысқа 5 минут уақыт беріледі. Уақытылы орындаған топқа 1 жетон беріледі.

ІV. Корытынды кезең - жұмыс нәтижелерін көрсету. Команда капитандары шығып стендттерде атқарылған жұмыстарын сипаттайды. Команда мүшелері стендттің жұмысын көрсетеді. Капитанның техникалық тілде сөйлеу мәнеріне және технологиялық барысты дұрыс сипаттағанына жетон беріледі. Команда мүшелелерінің жұмысы да бағаланады.

V. Сабақтың қорытындысы. Сабақтың жалпы мақсаттарын қайталау. Сабаққа белсенді қатысқандарды, жетон санына байланысты бағалау.


Оқытушы ________Далбин Т. С.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!