Материалдар / Автокөліктермен жүк тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Автокөліктермен жүк тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобиль тасымалдары — бұл жүктер мен жолаушыларды рельссіз жолдармен жерде жүретін көлікпен тасымалдау.Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары – жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу. Алысқа тасымалдау үшін автомобиль тасымалы тез бұзылатын, ерекше, бағалы, тез жеткізілуі қажет, басқа жүк таситын көлік түрлерімен тасымалдауға қолайсыз жүктерді тасымалдауға қолданылады. Автомобиль тасымалының құндылығы - ыңғайлылығы мен икемділігі, кемшілігі – барынша жоғары тасымалдау құны.
Авторы:
21 Ақпан 2024
64
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Автокөліктермен жүк тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру»

Студенттің тегі, аты, әкесінің аты: Шынжырбай Самұрат Серікұлы

Ғылыми жетекшілері: өндірістік оқыту шебері Утемагамбетов Балгабай Таргынович,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бақытжанова Күміс Қайыржанқызы

«Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК


Автомобиль тасымалдары — бұл  жүктер мен жолаушыларды рельссіз жолдармен жерде жүретін көлікпен тасымалдау.Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары – жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.

Алысқа тасымалдау үшін автомобиль тасымалы тез бұзылатын, ерекше, бағалы, тез жеткізілуі қажет, басқа жүк таситын көлік түрлерімен  тасымалдауға қолайсыз жүктерді тасымалдауға қолданылады. Автомобиль тасымалының  құндылығы -  ыңғайлылығы мен икемділігі, кемшілігі – барынша жоғары тасымалдау құны.

Автотасымалдау жүктерді жеткізудің барынша кең тараған түрі болып табылады. Басқа да жүк тасымалдау түрлері сияқты жүк тасымалының бұл түрінің  өз «плюстары» мен «минустары» бар.Басымдығына жүктерді теміржолмен тасыған кездегі (бұл әсіресе алыс қашықтыққа тасыған кезде  білінеді) аралық операциялардың болмауы есебінен аса жоғары ұтқырлық пен жылдамдықты жатқызуға болады. [1.10].

Сондай-ақ, жүктерді тасымалдау ырғақтылығы болып табылады (яғни, жүкті көптеп жинақтау қажет  болмайды), жүкті барынша сақтауды қажет ету,  жүктерді оның жіберушіден алушыға дейін қайта тиеп-түсірмей жеткізу мүмкіндігі, жүкті жіберушілер алушылардың орналасқан жерінің  теңіз және өзен  айлақтарынан, сондай-ақ ірі қалалардан, теміржолдардан тәуелсіздігі. Бұл қысқа қашықтыққа жүк тасымалдаудың ең тиімді түрі.

Кемшіліктерінің арасында барынша көп жүк партияларын тасыған кезде алыс қашықтыққа тасымалдауға шек қойылуын, жол бойы желілеріне тәуелділікті, көлемі шағын жүктерді тасымалдаудың шектелуін бөліп көрсетуге болады. Алыс қашықтыққа жүк тасымалдаған кезде көліктің  бұл түрі аса қымбат болып табылады. Сонымен бірге қысқы кезеңде тасымалдау географиясы азаяды.

Көлік кешенін дамытқан кезде экономиканың жағдайы мен мүмкіндігін, сондай-ақ көлік-логистикалық жүйесін дамытудың озат әлемдік тәжірибесін ескеру қажет. Экономиканың серпінді дамуы тауарды жылжыту көлемінің барынша өсуіне, тиісінше  ішкі сияқты халықаралық, соның ішінде транзиттік жүктің өсуіне алып келетінін әлемдік тәжірибе  көрсетіп отыр. Бірақ көлік және логистика инфрақұрылымының жеткіліксіз дамымауы жағдайларында елдің көлік кешенінің өнімділігі мен тиімділігі төмендеуде. [1.21].

Осыдан келіп көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, атап айтқанда ҚР көлік кешенінің тиімді жұмыс істеуін арттыруды қамтамасыз етудің ажырамас және шешуші құрамдауышы ретінде өңірлік көлік-логистикалық орталықтары (ӨКЛО) жүйесін қалыптастыруға бағытталған  міндеттерін шешудің өзектілігі туындайды.

Жүк тасымалдау процесі технологиясы дегенді адамдардың оны дәйекті және өзара байланысты кезеңдер мен операцияларға бөлу жолымен барынша бір қалыпты орындалатын және мақсаты жоғары тасымалдау тиімділігіне қол жеткізу болып табылатын нақты тасымалдау процесін іске асыру тәсілі деп түсіну қажет.

Қандай да болмасын жүк тасымалдау  процесінің технологиясы үш белгіні сипаттайды: тасымалдау процесін бөлу, үйлестіру және кезеңділік,  іс-қимылдың нақтылығы.

Жүк және коммерциялық жұмыстың технологиясы мына операциялардың орындалуын көздейді:

- жүкпен (тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және беру);

- құжаттармен. [1.47].

Ірі көлемді жүкті тасымалдау қажет болған кезде, әдетте, тралдар мен тарату тіркемелері қолданылады. Сақталу мерзімі тез өтетін немесе арнайы көлік режиміндегі өнімдерді тасу қажеттілігі туындаған кезде осындай мақсаттарға арналған арнайы тоңазытқыш құрылғылары бар рефрежераторлар пайдаланылады.

Тұрақты түрдегі қалыпты температураны қажет ететін заттар мен өнімдерді тасымалдау қажеттілігі туындаған кезде арнайы жылыту изометриялық жүйесімен жабдықталған автомобильдермен тасымалданады. Бұл жабдық ауаның қалыпты температурасын ұстап тұруға  мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ірі көлемді жүктерді тенттелген фуралармен тасымалдауға болады.

Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.

Өйткені, қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.

Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [2.23].

Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.

Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:

— көлік шығындарын азайту;

— қозғалыс қауіпсіздігі;

— экологиялық қауіпсіздік;

— ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;

Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.

Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе.

Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.31].

Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі әлемдік деңгейге жету үшін барлық көліктік жүйені модернизациялауын іске асыру керек.

Еліміздегі көліктердің бәрі бірігіп үйлесімді жұмыс жасайтын біртұтас көлік жүйесін түзейді. Онда ұйымдастыру, басқарумен қатар жылжымалы құрамдарды пайдаланады және қатынас жолдарының, техникалық құралдардың барлық түрлерін қолданады. Халық шаруашылығының, тұтынушылардың тасымалдауға деген барлық сұраныстарын уақытылы, сапалы түрде, толық қамтамасыз етеді.

Ол үшін атқарылатын тасымалдау жұмыстарын экономикалық тұрғыдан тиімді болатындай етіп, көліктің барлық түрлерін пайдаланады, олардың арасындағы өзара байланысын жүйелі ұйымдастыруды жетілдіріп отырады.

Көліктің халық шаруашылығында маңызы, оның атқарған жұмысынының (тасымалдаудың) өзіндік құнымен анықталады. Көлік шығыны барлық өндірістің өзіндік құнының 15% жуығын құрайды. Оның ішінде: қара металл рудалары мен қара металл өндірісіне арналған рудасыз материалдар 20%, ағаш өнеркәсібі өнімдері 24%, көмір 15%, мұнай өнімдері 26%, табиғи газ 35%, құрылыс материалдары 60%, цемент 30%, ауылшаруашылық өнімдері 20% құрайды. [3.96].

Қандай да болмасын тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жүктің тасымалдау сапасы ең бірінші қолға алынады. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік экономиканың қозғалтқыш күштерінің бірі болып есептелетін көліктік кешен өзінің кері әсерін тигізеді.

Себебі қандай да болмасын жүк жіберуші немесе қабылдаушы сапасыз, сынған, бүлінген тауарлар, құралдар тіпті тамақ өнімдерін алса, олардың құны болмайтыны баршаға мәлім. Яғни жүк тасымалдаушы екінші бір кәсіпкердің, өндіріс ұжымының немесе мемлекеттік орындардың шығарған өнімдерін бүлдіріп, бағасын түсіреді де, екі жақты бірдей қаржылық тұйыққа тірейді.

Сол себепті тасымалдау, соның ішінде автомобильдер мен тасымалдау жұмыстарын атқару технологиясын, негізгі шарттары мен ерекшеліктерін жете меңгеру, ол болашақтағы дұрыс атқарылар тасымалдау кепілі болмақ.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Афанасьев Л.Л., Цукерберк С.М. «Автомобильные перевозки» М.Транспорт, 1973г.

2.А.А. Артемьев С.П. «Совершенствование организации перевозок » М. Высш.шк. 1997г.

4.А.М. Горев., Е.М.Олещенко. Организация автомобильных перевозок и безопасность движения. Академия 2006г.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!