Материалдар / "Ауғанның асуында от кешкендер" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ауғанның асуында от кешкендер" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған соғысына 30 жыл толуына байланысты мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мизамбаева К.У.№ 30 орта мектепҚарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы Ауғанның асуында от кешкендерАдам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар.Туған топырағынан жаралған әр азаматтың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ.Бейбіт өмір! осынау сөздің астарында азаттық пен еркіндік және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр.Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр.Иә ,әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары,ержүрек,қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады.Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата-бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы,білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарынан бастан өткеруінен көрініс......Соғыс-зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан.Соғыстың тарихы басқа болғанымен ,тағдыры бір.Бүкіл Кеңес Үкіметін сергелдеңге салған бұл сұрапыл соғыс зардабынан қазақ халқы отбасы боздақтарынан айырылып,қасірет-қайғыға көмілді,қаншама қыршын жас құрбан болды,жүректерде қасіретті соғыс жарасының жазылмасы айғақ...Белгісіз соғыстың қасіреті мен естелігі әлі талай ұрпаққа сабақ болатыны сөзсіз. Тарих қашанда болсын ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады. Тарих жылнамасына өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл.Ауған жерінде болып,қанды қырғынды басынан кешкен Шарықты селолық округінің "Теректі"елді мекенінде тұрып, бүгінгі күнде тұрмыс тіршілігімен жан-жаққа кеткен "ауған соғысының ардагерлерін " атауға болады.Мизабаев Ержан Ұзақбайұлы, (Ахметов Сапарғали Советұлы), Атабаев Сайлау Армияұлы, Шалабаев Ербол Нәзімбекұлы, Жанағұлов Сырбай Болатұлы.Ауғанстанның тау-тасында жастық ғұмырлары жаралы, жас та болса көпті көрген,көп жасаған қарттардай есейіп шыға келген қыршын жастардың жолдары тым ауыр болып еді.Ия, соғыс зардабы оларды өмір талқысына салды.Әскери антқа берік,Отанды адал қорғау,әскери бұйрықты орындау сияқты патриоттық сезім мен міндет қана тұрды..Қазақстан халқы үшін Ауғанстаннан әскерді ресми түрде шығару жай ғана атаулы күн емес, бұл барлық ауғанстандық жауынгерлерді еске алу күні.Олардың ерліктерін дәріптеп,кейінгі ұрпаққа патриоттық тәлім-әрбие беру баршамыздың борышымыз болып табылады. Қанды қырғынға толы соғыс уақытымен сырғып алыстай түссе де, көзімен көрген куәгерлердің жадында мәңгі қалмақ,ал ұрпақ еншісіндегі бар міндеті сол аға буынның ерлігіне бас иіп,құрмет көрсету ғана.Уақыт алға жылжыған сайын ауған ардагерлерінің жасаған ерліктерінің шоқтығы биіктей бермек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!