Материалдар / Әулет педагогкасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әулет педагогкасы

Материал туралы қысқаша түсінік
әулет педагогикасына фотоалбом
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
354
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







IMG..20180716 078.jpg Shape1

Үштен бес жас аралығында балдырған (ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала (ұл),балақай(қыз), 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады.Отау иесі болғаннан, немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып, тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже) делініп,тұрмыс аясы-әулет атанған. Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті, тәлім-тәрбиелі үлгі-өнегені-ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз.Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Әулет мектебі-кім-кімге,нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын,тұнық шыныдан жасалған,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқыт-пайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей,шенді-шекпенді,хан-қара-ша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнерие-лерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі, Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі т.б. Айталық:керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі. Қазақ мектебінің басы–Ана мектебі.Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орна-ған. Ел, ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.





C4428AA.tmp Shape2

Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы- отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыларға (қазақ,қырғыз,монғол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайьын,өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ жүйесі қалыптасқан.

































Shape3

. Әулет мектебінде білім беру, тәрбиелеу ісі -әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылық- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес, ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң, алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған. Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам, ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал, жүргінші-жолаушы, түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз, дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ, жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі ата-әже, әке-шеше, жеңге-жезде сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды. Ол-балалар ойын- сауығын, ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыратын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген, керектеніп пайдаланған. Ал,қазақтың педагогикалық ілімі, қазақ философиясымен бірге қалыптасып, біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен, дүниетан-ымдық, наным-сенімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып, бүгінгі педагогикаға ұласты. Анығында,қазақ педагогикасы-аталған төрт тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтарына сүйене отырып дамып жетілді.Қазақ педагогикасы–оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген; айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі, қалыптасқан; ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген- сүбелі дүниетаным, ұлтанды мәдениет.Талай ғасыр талқысынан сүрін-бей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндік-ті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрыл-ымы бар-ұлт өкілін қалыптас-тыратын қазақ үрдісі.Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап, болашақ-ты болжауға мүмкіндік беретін, табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.

Shape4

Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып, бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасы-ның туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы- Ана мектебі күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді. Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін, бағытын,қағида мұратын тағайында-ған педагогикалық ілімді-әулет педагогикасы деп отырмыз..Қазақта топтық, таптық, бектік немесе байларға, кедейлерге (касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген. Бұлардың сыртында, қазақтың әулет-тік педагогикасы, әулет мектебінің сан қилы болуына сай,өнер білім үйр-етіп, тәрбиелеу тәсілі басқа ұлттарға ұқсай бермейді.Өзіндік өзгеше-лігі, ұлттық ерекшелігі тым дара келеді.Мысалы, «Жеңге жезде мектебі» т.б. әулет мектебінің түрлері қазақтан басқа ешкімде жоқ.Бірақ барлық жұрт та әулет педагогикасы(Семейная педагогика, family peda-gogy, Familien-Pädagogik, La pédagogie de la famille) бар.Тура мағынада отбасылық педагогика деу дұрыс шығар.Алайда,оның ұлттық ерекшелігі мен өзге-шелігін ескеріп,ӘУЛЕТ ПЕДАГОГИКАСЫ деудің еш оғаштығы жоқ.
Отбасы педагогикасы – бұл отбасындағы бала тәрбиесі, оның ерекше-ліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін зерттеуге, бала тұлғасын қалыптастыру туралы ата-аналарға ғылымға негізделген нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.Отбасылық педагогиканың мақсаты-балалардың отбасында физикалық және психикалық дұрыс өсіп дамуына оңды жол-жоба,амал-тәсіл айқындау арқылы ата-аналарға, тәрбиелеуші қауымға ғылыми негізде жәрдем беру. Отбасылық педагогика нысаны- тәрбие институты ретінде отбасының белгілі мерзім жағдайындағы ахуәлі және дамуының негізгі бағыт-бағдарын саралап, зерделеу болмақ. Отбасылық педагогика- балалардың отбасында тәрбиеленуі, оның негізгі үрдістері мен заңдылықтарын көздей отырып зерттеу арқылы мынандай міндеттерді алдына қояды:
-отбасылық тәрбиелеудің теориялық мәселелерін шешу;
-отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесін зерттеу;
-отбасылық тәрбиелеу тәжірибесіне ғылыми жетістіктерді енгізу;
-ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың жол-жобасын зерттеу;
-отбасындағы қатынас педагогикасына сараптама жасап, талдау жүргізу;
-әлеуметтік орта,мектеп,отбасындағы тәрбиелеу мен баулудағы нақтылы байланыстың ең төте,айқын жолын зерттеу арқылы жаңа жүйелік мүмкіндіктерді анықтау т.б.



Shape5

Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузында,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап, әулет, ру,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ,жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап,қарттарға дейін қатыс-атын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалып-тағы тәрбие мектебі болғанымен арасында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта. Қазақ танымында адам жасы: балалық, жігіттік және қарттық деген деген үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқынан шыққанға дейінгі бала-қызылшаха(кей өлкеде шарана, шақалақ) деп аталады.Бір жас аумағында- шарана, шақалақ, нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп,сөйлей алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы.Текті жан болғанға дейінгі шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады.Жанды бақадан текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең үлкен белесі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!