Материалдар / Аустралияның табиғат зоналары 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аустралияның табиғат зоналары 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарында әртүрлі әдіс-тәсілдер берілген.Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналары туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шыншылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

28

География

7 сынып

Сабақ тақырыбы:

Аустралияның табиғат зоналары


Жалпы мақсат:

Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсіну

Сабақтың мақсаттары

Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналары туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шыншылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі:

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлап жұмыс жасауға үйрене отырып жағдайлармен танысады.


Негізгі идеялар:

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту


Сабақта қолданылатын материалдар:

Ресурстық парақтар, жер шарының физикалық картасы,атлас,кескін карталар,үлестірмелі материалдар,бағалау парақтары.

Қажетті құралдар:

маркер, стикер, интербелсенді тақта,



Оқыту әдістері:

Ой шақыру

Ашық-жабық сұрақтар әдісі.

Номенклатурамен жұмыс.

Миға шабуыл

Жигсо әдісі

Зообақ.

  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты топқа бөлу


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



Кіріспе


7мин

1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. Кәмпит түстерін таңдау арқылы үш топқа бөлу,топ басшысын сайлау.


-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу

Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.

Тұсаукесер

5 мин

«Ой шақыру»әдісі.1-кезең.

1. Аустралияның ең үлкен өзені? (Муррей Дарлинг сағасымен)

2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады?  (Крик)

3. Аустралиядағы жаз айындағы ең жоғарғы температура? (+ 52,8ºС)

4.Аустралияның ең суық айы? (шілде)

5.Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр?

(тропиктік белдеу)

6. Аустралияның ең ірі көлі? (Эйр)

7. Қай порт ағылшын жаратылыстанушысының

есімімен аталады? (Чарльз Дарвин)

8. Ағылшындық ақынның  есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон)

9. Аустралияны ашқан голландтық  теңізші? (В.Янсзон)

10. Материкте қанша артезиан алабы бар? (33)

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

2- кезең. «Ашық-жабық» сұрақтар әдісі

І топ.

1.Аустралияның солтүстік және шығыс жағалық бөлігінде ғана

жылы ағыстар әсерінен мол жауын шашын болады (иә)

2.Муррей өзені Атлант  мұхиты алабына жататын өзен (жоқ)

Аустралияда қалдық көлдер аз (иә)

3. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқуларына

муссондық желдер әсер етеді (жоқ)


ІІ топ.

4.Аустралия материгінде субэкваторлық, тропиктік, қоңыржай климаттық белдеу бар (иә)

5.­Өзендері жаңбыр және жер асты суларымен  қоректенеді (иә)

6.Аустралияда 43 артезиан алабы бар (жоқ)

7.Климаттың құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. (иә)

 ІІІ топ

8. Аустралияның ең ірі өзені Виктория (жоқ)

9.Материк оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі

аз түседі (жоқ)

10.Аустралиядағы ірі шөлдің бірі Намиб деп аталады (жоқ).

11.Тасман аралының оңтүстік бөлігі қоңыржай климаттық белдеу (иә)

3-кезең. «Номенклатурамен жұмыс» әдісі 


І топ. Эйр көлі

ІІ топ. Муррей

ІІІ топ. Дарлинг.

Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.

Оқушылар қол шапалақтау арқылы бір-бірін бағалап отырады.


































Оқушылар өздері орындап болған соң, өздерінің тапсырмасын қасындағы көршісіне оқып, ой бөліседі

(берілген өзен көлдерге

сипаттама бере отырып картамен

ж ұмыс жасайды)

Негізгі бөлім

20мин

А)Миға шабуыл.

Ертеде ренжіп мен аралдарға,

Кетіп ем жылжып өзге жағалауға.

Оңтүстік жарты шарды мекен еттім,

Талайлар көшіп келді паналауға.

Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ

Ойпат көп, шығысымда жоталар көп.

Шағыл мен құм басады баурайымды.

Сөнбеген өзгелердей жанартау жоқ.

Тұрсамда ортасында мұхиттардың,

Суына жауын-шашын қанықпадым.

Оңтүстік тропигі кесіп өтіп,

Бұлттардан жауын-шашын жаудырмайды.

Менде бар жануарлар өзгеде жоқ,

Қалталы аю, коала, кенгуру көп.

Мен өзім кіп-кішкентай болғанменен

Материкпін сыры мен жұмбағы көп. «Аустралия материгі»

Ә)Қызығушылықты ояту.

Аборигендер тілінде коала «су ішпейді» Оған эвкалипттің

жас жапырақтарындағы ылғал жеткілікті болғандықтан, су ішпейді.

Аустралияның табиғат зоналары орналасу жағынан оңтүстік

жарты шардың басқа материктерімен ұқсас.

Табиғат зоналары ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы

жөнінен үлкен айырмашылық жасайды.

Еш жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар

тіршілік етеді 

Б)Мағынаны тану кезеңі

а) интербелсенді тақтадан қысқа мәліметтер көрсетіледі.

Оқулықтағы «Аустралияның табиғат зоналары» тақырыбымен танысуға уақыт беремін.

В)Топтық жұмыс

І топ. тропиктік шөл мен шөлейт зонасы

ІІ топ.саванналар мен сирек ормандар

ІІІ топ. Ылғалды субтропиктік ормандар

(Берілген 3 зона бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа

жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын

ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған

жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан

бір оқушы шығып қорғайды).




























Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді.

-Тақырып бойынша маңызды фактілерді параққа жазып шығады.

-Тапсырманы жеке орындайды, көршісімен ең үздік орындаған жауабын біріктіреді.

-Жұптар жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.




Г)Зообақ. 

Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктердің суреттері таратылады.

І топ. Үйректұмсық, Ехидна, кенгуру, шөп ағашы.

ІІ топ. Коала, Динго, қара какаду, тотықұс,бөтелке ағашы

ІІІ топ. Лирақұйрық, вомбат, эвкалипт, коала

Оқушылар суреттегі жануар мен өсімдіктің атын айтып, қосымша мәліметтер беріледі. Мәлімет берген оқушыға   ұпай беріледі.


Қорытынды




10 мин




Ой толғаныс

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады.

Сөзжұмбақ шешу.Семантикалық карта.Сұраққа жауап беру.

Оқушылар кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындайды.



Бағалау.




Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.


Топ басшылары бағалау парағын есептейді.


Кері байланыс.

















Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?


Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?














Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолмен еңсергендігімен бөліседі.



Үйге тапсырма:







3 мин


  1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін, жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бұғаздарды белгіле

  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Аустралияның табиғат ерекшеліктері мен физикалық-географиялық орнына таныстырылым дайындау.


Оқушылар берілген тапсырмаларды жазып алады.

















Бағалау парағы


Оқушының

аты-жөні

«Ой шақыру»

әдісі

«Ашық-жабық» сұрақтар әдісі


Картамен жұмыс

Зообақ

Ой толғаныс


Бағалау























































Бағалау шкаласы.

15-12 дұрыс - «5»

11-9 дұрыс – «4»

8-5 дұрыс - «3»

4 дұрыс- «2»

Критерий

Дескриптор

Ұпай


Деректер арқылы ойын жеткізуі.

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі.

3

Деректермен жұмыс жасай алады.

2

Деректер бар, толықтыруды қажет етеді

1

Жеке тапсырмаларды орындауы

Тақырып бойынша маңызды фактілерді келтіреді

3


Дәлелдемелері толық емес.

2


Дәлелдемелері әлсіз.

1

Топтық талдауға қатысуы

Өз ойын жеткізеді, идея қосады, дәлелдей алады

3


Өз ойын жеткізеді, дәлелдемелері әлсіз

2


Дәлелдемелері әлсіз

1

Ой толғаныс

Тапсырманы толық орындайды

3


Жартылай орындайды

2


Жауабы қанағаттанарлықсыз

1


Абай орта мектебі







Қысқа мерзімді жоспар.


Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары.













География пәні мұғалімі: Тасыбекова Айжан.


2016-2017 оқу жылы.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!