Материалдар / "Аутизм, оның зерттелуі, категориялары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Аутизм, оның зерттелуі, категориялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу әдістемелік материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
1369
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпараттық жоба

Жоспар:

1. Тақырыбы;

2. Аутизм, оның зерттелуі;

3. Аутизмнің көрсеткіштері, категориялары;

4. Аутизмнің түрлері;

5. Аутист балаларды топқа бөлу;

6. Аутизмды анықтау тесті;

7. Статистика;

8. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс тәсілдер;

9. Қорытынды.


1. Зерттеушілік жоба тақырыбы: "Аутизм"

2. Аутизм, оның зерттелуі.

Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. 

Ең алғаш  "аутизм" деген терминді 1912 жылы швейцар  психиатрі Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. 1943 жылы америка психиатрі – Лео Каннер ерте балалық аутизмді анықтап зерттеу жүргізген. Ал 1944 жылы австриялық зерттеуші Аспергердің «Аутистикалық психопатия» атты еңбегі шықты.

Қазіргі уақытта  аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Аутизмнің пайда  болуына тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті не туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. да жағымсыз жағдайлар әсер етуі мүмкін.

Л.Каннердің  айтуынша аутизмнің себебі, тумыстан жеткіліксіз биологиялық механизмдер  аффектизмі, яғни «аффектілі қоршау»  қоршаған ортамен қарым –қатынас орнатуға кедергі құру. Ал Х.Аспергердің ойынша, ерте балалық аутизмнің психикалық ауытқуы мен бұзылуы – алғашқы инстинктердің әлсіздігі. Б.Римланд пен С.С.Мнухин ми бағанының ауытқуы маңызды әсер етеді деп көрсетеді.


3. Аутизмнің негізгі көрсеткіштері, категориялары. Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы  деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

- жалғыздықты жақсы көру;

- ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу;

- мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы;

- эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;

- біркелкі қимылдарды қайталай беру.

Аутист балалардың көптеген бірізді және шамалы жүріс-тұрыстың қайталануын Вайнленд шкаласы бойынша бірнеше категорияларға бөлшектенген.

  • стереотипті - мақсатсыз қозғалыс (бас айналдыру, қолды сермеу, теңселу);

  • компульсивті тәртіп - небір ережелерді сақтау. Мысалы, заттарды тиянақты, бір қалыпты орналастыру;

  • біркелкілік - өзгерістерге қарсы болу. Үй жиһаздарының орнын ауыстыруға қарсылық білдіру, басқа біреудің араласуына немқұрайлы болу;

  • дәстүрлі (ритуальный) тәртіп - күнделікті істі бір тәртіпте, бір мезгілде орындау. Мысалы, бір диетаны ұстану, бір киімде жүріп-тұру.

  • шектеулі тәртіп - бір затқа, құбылысқа, объектіге бағытталу. Бала бір ойыншыққа немесе бір телехабарға шүйіледі.

  • аутоагрессия- бұл белсенділік, яғни бала өз- өзін жарақаттайды. 2007 жылдағы зерттеулер бойынша балалардың 30 пайызы өз- өзіне зақым келтірген (қолын тістейді, шашын жұлады, т.б.)   


4. Аутизмнің түрлері:

Каннер аутизмі. Бұл балалардажиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аузизмнің ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы - баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнату, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсылық, тым сезімталдық, ешкімге еліктемеу, үнемі бір қимылды қайталау. Сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Аутизмнің белгілері баланың 3 жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады.

Аспенгер синдромы. Каннер аутизмімен салыстырғанда жеңілдеу формасы. Белгілері ұқсас, алайда, балалардың интеллектісі әлдеқайда жоғары. Әдетте бір жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік еңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алғанымен адамдармен байланысқа түсуі қиын.

Ретта синдромы. Аутизмнің ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар 2 жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айырыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмнің бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.

Процессуалды аутизм. Аутизмнің бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен түрлі қабілеттерін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілері байқалады.




5. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:

1. аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.

2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.

3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.

4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.


6. Аутизмді анықтау тесті:

- ортақ даму көрсеткіштері бойынша баланың әрекетін бағалау - туғаннан 16 айға дейін;

- М-CHAT тест (модифицирленген скринингті тест) - 16-30 ай аралығындағы балаларға арналған;

- CARS аутизм шкаласы (балалардағы рейтингті аутизм шкаласы) - 2-4 жас аралығы;

- скринингті тест ASSQ - 6-16 жас аралығындағы балаларға арналған тест.

Тест нәтижелері толықтай балада аутизм диагнозы барын растамайды, бірақ мамандарға қаралуға бағыт береді. Бала дамуын ескере отырып, бала жасына арнайы тестті қолдану қажет.


7. Әлемдік статистика бойынша, 2000 жылы аутизмнің таралу деңгейі 10 мың балаға шаққанда төрт – бес адамнан тура келген. Американың сырқатты бақылау және алдын алу орталығы сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тағы 110 баланың біреуі осы дертке душар болған.  2007 жылы Американың әрбір 150-баласына осындай диагноз қойылған. Нәтижесінде 2002-2006 жылдар аралығында сырқаттың таралу деңгейі – 57%, ал соңғы 20 жылда 60 %-ға артқаны анықталды. Соңғы уақытта Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт артқаны байқалады. Тіпті күмәнді деген деректердің өзі бұл сырқаттың қазақстандық балалар арасында кең етек жайып бара жатқанын көрсетеді. Мәселен, Алматы облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталығының статистикалық есебіне сүйенсек, 2003 жылы аутизмге шалдыққан – 77 бала, 2006 жылы  – 255 бала, 2009 жылы 326 бала тіркеліпті.

Мамандардың айтуынша балаларға  дер кезінде көмектессе, 60%-ы мектеп бағдарламасына ілесіп, білім алады. Алайда 90%-ы арнайы білім беру жүйесі қамтылмағандықтан мүгедек болып  қалады.

 Батыста аутист балаларды  әр түрлі бағдарламалар арқылы  қоршаған ортаға бейімдеуге көмектеседі. АҚШ мемлекетінде қайырымдылық қорын қоспай бір аутист балаға жылына 30 мың доллар бөлінеді. Бірақ мұның көмегі аз. 70% науқаста дос- жоралары жоқ, 95% үйленбеген және тұрмысқа шықпаған. Жұмысқа тек 20- 30%-ы орналасады. Қазіргі күнде аутистер кереңдер мен көрмеушілерді бірге алғанмен жиірек кездеседі.

Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1.

8. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс тәсілдер.

Технология

Ойын, жаттығу, тренинг

1

Ойын технологиясы

Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату. «Айналма» ойыны. Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:

Балақайлар, тұрайық;

Шеңбер құра қалайық;

Сен де менің досым;

Мен де сенің досың;

Барлығымыз доспыз.

Қарым-қатынасты дамыту.

«Қуыршақпен ойна» жаттығуы. Ойын барысы: түрлі тақырыптар бойынша сюжеттік-рольдік ойындар жүргізу. Мысалы, «Дүкенге барамыз», «Қонақта». Қуыршақ балаға əлеуметтік рольдерге кіруге көмектеседі.

Зейінді дамыту. «Артығын тап» жаттығуы.

Ойын барысы: нұсқаушы берілген суреттердің ішінен артығын табуды тапсырады. Мысалы, қияр, асқабақ, сəбіз, алма. Артығы: алма.

Қозғалыстық ойындарын дамыту. «Достармызға үй саламыз» ойыны. Ойын барысы: нұсқаушы балаларды екі топқа бөліп, олардың Ақтөс жəне Ақтабан атты екі достарының барын айтады. Олар өте жақсы достар. Тек олардың тұратын үйі жоқ. Қане, оларға үй салып көмектесейікші. Осылайша, бір топ Ақтөске, екінші топ Ақтабанға үй салады. Ол үшін балаларға кубиктер мен тапсырмалар беріледі. Кім үйді бірінші салып бітіреді.

2

Глобалды оқыту технологиясы

Ерте жастағы аутист-балаларды оқытуда глобалды оқыту əдістемесін қолдану барынша тиімді болып табылады. Глобалды оқыту – баланың бүкіл сөзді толығымен қабылдауы (жазылуына қарап).

Келесі жаттығуда біз сөздерді бөліктерді бойынша глобалды оқытамыз. Сөздің бөліктері, буындар, жеке əріптер. Мысалы: ма-ма, па-па, а-ға, ал-ма, ал-м-ұрт. Аталмыш əдіс арқылы бірте- бірте қалыпты оқуға өтуге болады деп санаймыз.

Баланы ең алдымен қандай сөздермен таныстырған жөн? Əрине, ең алдымен, біз қарапайым, күнделікті қолданыста жүрген сөздерден бастаймыз. Олар: ана, əке, аға, апке, ата, апа т.б.

3

Сенсорлық интеграция технологисы

Көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сəйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арқылы тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға соғады.

Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын немесе қоршаған ортаның аса əсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады.

Сенсорлы интеграцияның мысалдары:

  • гамакта тербелу (кеңістікте бағдарлану);

  • музыкаға билеу (есту жүйесі);

  • бұршақ толтырылған қораптармен ойын (тактильді сезімдерін дамыту);

  • туннельде жорғалау (кеңістікте бағдарлану жəне жанасу);

  • қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі мен тактильді бағдарлануы);

  • орындықта айналу (тепе-теңдік жəне көру қабілетіне əсер);

  • бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау).

4

Ақпараттық технология

«Дэльфа–142.1» логопедиялық тренажеры баланың ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін жан- жақты дамыту, түзету бағдарламасының кешені түрі болып табылады. Ол кез келген дыбыс, əріп, буын, сөз, сөйлем сияқты сөйлеу тілінің бірліктерімен жұмыс жүргізуге, мынадай логопедиялық міндеттерді: сөйлеудің грамматикалық-лексикалық жақтарын дамыту мақсатымен тыныс алуды жəне дауысты түзету, сөйлеу бұзылыстарын түзету үрдісіне ойын элементтерін қосу, сөздік материал мен жаттығу типтерін жан-жақты қарастыруға, түрлі мақсатқа сай материалдарды қолдануға (суреттер, əріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер), баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беруге, логопедиялық жұмыспен қатар баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік береді.

Тренажерлар зиятында ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар, сөйлеу бұзылысы бар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жəне қабылдау ерекшеліктеріне сəйкес жасалады.

Аутист балаларға  арнайы көмек көрсету жүйесі өткен  ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет  АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде  қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық ғылыми негіздемесі болмаған.


9. Қорытынды. Жалпы аутизм ауруы жайлы, бұл ауруға шалдыққан балалар жайлы мәлімет жинау барысында бір түйгенім, аутизм - емі бар сырқат. Бастысы оны дер кезінде анықтай біліп, ертерек күресті бастау. Балалар өте тез өседі, сол себепті сырқаттың алғашқы белгілері назардан тыс қалуы мүмкін. Ал оны байқаудың бірден бір жолы - өмірде қажеті жоқ, маңызы жоқ, мағынасы жоқ нәрселерге уақытты жұмсамау, назарды расымен қажет нәрселерге аудару, ертең не болады деп жүгірудің орнына бүгінгі күнге көз тастау, баланың қалай өсіп келе жатқанына, қандай қылық көрсетіп жатқанына, не айтып жатқанына мән беру.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!