Материалдар / Азаматтық - патриоттық тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азаматтық - патриоттық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастырудың жолдары, отансүйгіштікке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2019
3976
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтық –патриоттық тәрбиесі

  

Хамзина Ж.Х.

қосымша білім беру педагогі

«Балдарған» тұлғаны дамыту

орталығының жетекшісі


Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді .Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю.

«Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, діңіне, ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі.Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген  ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді. «Отансыз адам болмас,ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған.Өйткені,Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен,өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады.

      Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек,олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады. Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты.Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді, атап кеткенде аумақ, климат, табиғат, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы,тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады.Патриот болу-өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну.Осы күрделі сезім балалаық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.

«Балдырған» түлғаны дамыту орталығында азаматтық –патриоттық тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

-рухани-адамгершілік,

-әлеуметтік,

-эстетикалық,

-өлкетану,

-еңбек,

-интеллектуалдық,

-отбасылармен бірге жұмыс істеу. 

Осыған орай келесі міндеттер орындалады:

-балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені ,қаланы сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу;

-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран);

-елінің,халқының,қаласының жетістіктерін мақтан тұту,жауапкершілік сезімін дамыту;

-басқа ұлт өкілдерін сыйлау,олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;

-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;

-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;

-адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту;

-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.

     Осы міндеттердің барлығы балалармен қарым-қатынас түрлерінде шешіледі,яғни ойындар,еңбек ету,тұрмыстық жағдаяттар кезінде.

      Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді.Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.

       Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды.Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Әрине осы мәселені шешуде тіл дамыту сабақтарында оқитын, тыңдайтын халық ертегілерінің орны ерекше. Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады.

    Жұмыс барысында кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары да қолданылады.Қазақтың ұлтжандылығы,отансүйгіштігі ертеден  қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдерде: 
         “Туған жердей жер болмас,

   Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.

    Мұндай мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерінОтанын сүюуіне негізделіпөз елін, туған жерін құрметтеуге табиғатын сүюге балаларды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келе жатқанын есімізде ұстағанымыз жөн..




Біз мақал-мәтелдерді жай жаттап қана қоймай, оларды түсіндіріп, белгілі жағдайларда қолдануға жағдай жасаймыз.

     Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздері қолданылады. Балалардың арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін  ұйымдастырылады.           

Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта пәндік-дамыту орта қалыптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда: балаларға аталған тақырыпта жазылған әдебиеттер, балалармен жұмыс істеуге арналған «Қаламызға экскурсия», «Қала тарихынан» атты альбомдар жасалған.

Жұмыс мазмұнын жүзеге асыру түрлі әдіс тәсілдер арқылы өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, 9 Мамыр – Жеңіс күні Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме өтсе, 7 мамыр —Отан -қорғаушылары күніне орай суреттер көрмесі және «Ел қорғауға әзірміз!» атты көңілді жарыс ұйымдастырылады. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдей алады.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату өте қажет. Ата –аналарға демалыс, мерекелік күндері баламен бірге уақыт өткізіп, табиғат аясына серуенге шығып, өлкенің белгілі орындарымен таныстыру міндеті жүктеледі. Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Сондай-ақ балалармен тақырыптық сабақтар өткізіледі. Еліміздің төл мерекелерін  ертеңгіліктер өткізу арқылы тойлауға ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады.16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні мерекесінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен жетістіктері, Астана туралы бейне фильмдер көрсетіліп, ертеңгілік, сурет көрмесі ұйымдастырылады. 1 желтоқсан –Бірінші Президент күні мерекесінде елбасына құрмет көрсету, оның жасаған еңбектерін атап, ұлттық сезімін ояту мақсатында бейне фильм көрсетіліп әңгіме сабақтары өткізіледі.

Осы рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі

Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген азаматтық-патриоттық сезімдер адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ бұл сезімдер адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.


Қолданылған әдебиет:

  1.Новицкая, М.Ю. Наследие. Патриотическое воспитание в детском саду./М.Ю. Новицкая. — М.: Линка-Пресс, 2003. — 200 б.

   2.Гражданское воспитание в ДОУ. / авт.-сост. Е.А. Позднякова. — Волгоград: Учитель, 2008. — 148 б.

3.Сәтірқызы Г. Отансүйгіштік қасиет тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге арқылы қалыптасады. — Егеменді Қазақстан. — 2006 — 15 желтоқсан. -4 6.


 






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!