Материалдар / Бағалау- оқушыларды ынталандыру құралы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бағалау- оқушыларды ынталандыру құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге әлемдегі бүкіл ел өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Осы өзгеріске біздің елімізде де өз үлесін қосуда. Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму- білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сондықтан да, біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштар, мақсат қоя білетін тұлғаны қалыптастыруды көздеп, жақсы нәтиже күтеміз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім беру- шығармашыл мұғалімнен оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игеруді, шығармашылықпен еңбектенуді талап етеді. Сол себепті шәкірт тәрбиелеген әрбір ұстаз үнемі ізденіске ие.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2022
787
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Астана қаласы

58 мектеп- гиназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Өнер Айжан

Бағалау- оқушыларды ынталандыру құралы.

Қазіргі кезде әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге әлемдегі бүкіл ел өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Осы өзгеріске біздің елімізде де өз үлесін қосуда. Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму- білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сондықтан да, біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштар, мақсат қоя білетін тұлғаны қалыптастыруды көздеп, жақсы нәтиже күтеміз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім беру- шығармашыл мұғалімнен оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игеруді, шығармашылықпен еңбектенуді талап етеді. Сол себепті шәкірт тәрбиелеген әрбір ұстаз үнемі ізденіске ие.

Еліміздің білім саласына енгізіліп отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделген. Бұл оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері, жан-жақтан жинаған ақпараттарына негізделеді. Ендеше білім алуда- оқушыда өз бетінші ізденуі дұрыс. Дәстүрлі оқытуда оқушы алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана алмайды. Ал оқушылардың қалай оқу керектігіне бағыттай отырып, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - сындарлы оқытудың негізгі мақсаты. Алайда, қазіргі кезде тұлғаны сындарлы оқытуға бағыттау ерен еңбекті талап етеді. Олай болса, мектеп жасынан бастап, оқушыларды өз бетінше білім алуына, ізденуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша ұсынып отырған жеті модульді сабақтарымызға кіріктіре білсек тиімді болмақ. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланғанда басқа модульдердің міндетті түрде кіріктірілетінін білеміз. Екінші жағынан, кез - келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді қаншалықты пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс. Сондай -ақ жеті модульдің бірі, ойып алар орны бар оқыту мен оқуды бағалау модулінің орны ерекше. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде өз сабақтарымда жеті модульді неғұрлым тиімді пайдалануды, ұтымды кіріктіруді көздеп келемін. Кейбір сабақтарда жеті модульдің бірі кіріктірілмей өткізілуі мүмкін. Ал оқу мен оқытуды бағалау модулі кіріктірілмей өтетін сабақ болуы мүмкін емес екені айдан анық. Бұл модульдің ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды сонымен қатар жауапкершілікке үйренеді. Picture 5 Олай дейтінім, "Не ексең -соны орасың" демекші өз тәжірибеме деңгейлік курсты оқығанда алған білімімді шыңдау үшін жан- жPicture 2 ақты ізденудемін. Іздену арқылы сабақтарыма айтарлық өзгеріс енгіздім. Нәтижесінде сыныбымда оқу сапасының артқандығын мақтанышпен айта аламын. Сабақтарыма жеті модульді пайдалануда мен үшін ең күрделісі оқыту мен оқуды бағалау болды. Ең алғаш әдебиеттік оқу пәнінен критерий бойынша жұптық, топтық бағалауды пайдаланып көрдім. Әрина алдымдағы оқушылардың қабілеттері әртүрлі болғандықтан өзін- өзі бағалаулары да әділ және оңай болмады. Өте жоғары көрсеткішке ие болды. Осыдан өзім жіберген бір қатемді байқадым. Сабақ соңында мұғалімнің де бағалауы болатындығын ескертпеген екенмін. Келесі сабақта түсіндіру жұмысы жүргізіліп критерийге оқушының бағалауынан соң мұғалімнің бағалауын кіріктіріп бағалағанда басқаша көрсеткіш пайда болды. Сөйтіп, біртіндеп оқушылар өзін- өзі бағалауды ойланып барып бағалауға үйренді. Бұдан байқағаным әрбір сабаққа байланысты ұтымды, түсінікті критерий қоя білудің маңызы мұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді болмақ. Ең алғашқы бағалау парағымен кейінгі бағалау парағын салыстыратын болсам мынадай.

Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні:_________________________________________

Бағалауда нені еске аламын ?

1-15 дейінгі ұпайды жаз

1

Үй тапсырмасын толық орындадым, оқып жаздым


2

Үй тапсырмасын оқымай жазып келдім


3

Үй тапсырмасын жазбай оқып келдім


4

Үй тапсырмасын орындамадым


5

Жаңа сабақты жақсы түсіндім


6

Жаңа сабақта өз ойымды толық айта алдым


7

Жаңа сабақта өз ойымды айта алмадым


8

Жаңа сабақты онша түсінбедім


9

Жаңа сабақты мүлдем түсінбедім


10

Топтық жұмыста өз ойымды өте жақсы айттым


11

Топтық жұмыста өз ойымды толық айта алмадым


12

Тапсырмаларды орындағанда белсенді қатыспадым


13

Сұраққа толық жауап бердім


14

Сұрақ қоя білдім


15

Сұраққа жауап бере алмадым



Жалпы ұпай саны баға қой



"5"- 13-15 ұпай

"4" - 10-12 ұпай

"3" - 7- 9 ұпай

"2"- 4- 6 ұпай

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:________________________________

қ/с

Бағалау критерийлері

Ұпайлары

Өзіңді бағала

Мұғалім

Бағасы

1

Үй тапсырмасын орындауы

Толық 3

Орташа 2

Төмен 1



2

Жаңа тақырыпты түсінуі

Толық 3

Орташа 2

Төмен 1



3

Сұрақтарға жауап беруі

Толық 3

Орташа 2

Төмен 1



4

Шығармашылық тапсырманы орындауы

Толық 3

Орташа 2

Төмен 1



5

Топтық талқылауға белсенді араласуы

Толық 3

Орташа 2

Төмен 1




Барлық ұпай саны





«5» -11- 15 ұпай «4» - 8-10 ұпай «3» - 5-7 ұпай

            Жалпы алғанда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).

           1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет). Білім саласында бағалаудың аталған түрлері қатар жүретіні белгілі. Сондай -ақ оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы әділ бағаланбай қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Сонымен қатар оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің оқушы білімін бағалауға, оқушыны зерттеуіне зор мүмкіндік туады. (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау, критериалды бағалау әдістерін қолданғанда). Оқушылардың алған білімдерін тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оқуға деген ынтасы арта түседі. Олай дейтінім, мұғалім оқушының білім деңгейін анықтап, оның танымдық жұмысын ұйымдастыру- ға, алған білімін толықтыруына жағдай жасайды. Ал оқушы болса өзінің тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Нәтижесінде оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алады. Оқушы баға алу арқылы өзінің мектептегі және үйдегі жұмыстарын тиянақты орындауға,оны дамытуға ынталанады. Өз ісіне сын көзбен қарап, өзін өзгелермен салыстырады. Өз іс-әрекетіне мұқияттылық танытып, жақсы мақсатқа ұмтылады. Ал оқыту мен оқуды бағалау- мұғалім үшін ғана емес мемлекет үшін де зор маңызға ие. Мектептің жұмысын, мұғалім жұмысын білім басқару ұйымдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Осы үдерісті іске асыру үшін білімді тексеруге белгілі талаптар қояды. Жақсы жетістіктерге жетіп, еңбегінің жемісін көрген мұғалімнің де оқушыны тәрбиелеуге, білім беруге деген ынтасы артады. Бір сөзбен айтқанда оқыту мен оқуды бағалау тек қана оқушыны ғана емес мұғалімді де ынталандырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!