Материалдар / Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы бала тәрбиесінде маңызы бар мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алакөл орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сергазинова Карима Токеновна



Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі заман жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, «Әр адам – өз заманының баласын сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Сондықтан, «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, қоғам түзеледі»,-деп халық педогогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізге. Жас адамды есті, саналы, сергек, етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, «ес түзелмейді»,олай болмса, егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

  • Отбасында баланың өсіп-жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

  • Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.

  • Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-анан, туған-туыстарын, жасы үлкенді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

  • Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың, әдет дағдыларын қалыптастыру.

  • Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

  • Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

  • Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға тәрбиелеу.

  • Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке баулу.

Бұл сияқты жауапты мақсат, міндеттерді орындау үшін бала дүниеге келгеннен бастап отбасында, одон кейін қоғамдық тәрбие орындарында, мектептерде тәлім-тәрбие беріліп, ғылым білімге үйренеді. Осылайша бала тәрбиесі үзіліссіз, жүелі жүргізілуімен шешіледі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұясы болса, «Баланың бас ұстазы-ата-ана».

Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сыры, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, әдептілікке баулиды. Себебі, отьасы-таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы.

Ата-ана баланың күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, көмектесіп, кездескен қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыру арқылы еңбек дағдысының беки түсуіне ықпал етуді, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа үйретеді. Олар баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық етіп, айналасындағы адамдармен олардың жағдайымен, талап-тілегімен санасуға үйретеді, отбасында баламен жеке дара тәрбие жұмыстарын (әңгіме, насихат, түсіндіру) жүргізуге мүмекіндік зор.

Ата-ана баланың материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып, талап-тілегімен, пікірімен, санасып отырса, олардың арасындағы қарым-қатынас сыйластыққа, сенімге негізделген әке-шешесін жақсы көру құрметтеу сезімін дамыты түсу. Ата-ана баламен пікірлесуге бейім, бейауыз сөздерд қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып, өнегелі бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді, өйткені « жақсы сөз жан семіртеді».

Болашақтағы бақытың баянды болу үшін әке мен шешенің тұлғасы баланың жетуге талпынатын мұратына айналу керек.

Отбасында баланы ежелден-ақ халықтық әдеп- салты, дәстүрі, жөн-жоралғысы рухын.да тәрбиелеген. Атап айтсақ: адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынас, екі жақты сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, дарқан қонақжайлық, көл-көсір меймандостық, жомарттық, кеңпейілділік, адамға ілтипат, ізет көрсету, сөз өнерін құрметтеу, табиғатты қастерлеуге баулыған.

Сонымен, отбасындағы тәрбие қоғамдық тәрбие өзара тығыз байланыста, халықтық педогогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніп, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізгі қаланбақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!