Материалдар / Бала тәрбиесіне бала деп қарамаңыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесіне бала деп қарамаңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала мәселесіне - бала деп қарамаңыз. Тәрбие тал бесіктен демекші, көпшілік қазіргі таңда осы бір мәселені көп қолға алуда. Заман өзгергенімен өзекті мәселенің бірі болып қала бермек. Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, — сөзінен белгілі. Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын. Ал бала тәрбиесінде — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала мәселесіне - бала деп қарамаңыз.

Тәрбие тал бесіктен демекші, көпшілік қазіргі таңда осы бір мәселені көп қолға алуда. Заман өзгергенімен өзекті мәселенің бірі болып қала бермек. Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, —  сөзінен белгілі. Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын. Ал бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.       Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана  және бала құрайды.  Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды.  Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Мен осы мақаламды жаза отырып өзімнің осы азғантай өмірімнен алған тәжірибемді өзім секілді бір – бір отбасының ұйтқысы, мәні мен сәні болып отырған аналармен бөліспек ойым бар.  Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ.  Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың  жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі.  Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес.  Отбасының ең басты тірегі ол  — әке. «Әке» дегенде баланың көзіне үлкен қорған елестеуі керек, ал қазіргі нарық заманында сол қорған құлаудың аз – ақ алдында тұр десе болады.  Осы жерде «Неге?» деген  сұрақ үлкенді де кішіні де мазалайтыны анық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі  алғашқы 7- 8 жыл халқымызға көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі. Осы кезеңде ел арасын жұмыссыздық ,  ақша жоқтық  сияқты жағдайлар жайлап, өмір сүруге қабілеті жоғары адамдар алға шығып, адал еңбек жолындағы азаматтар орта шенде қалып, ал тірлік қылуға құлықсыз адамдар қолда барын сатып бітіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына қосылды. Сөйтіп осы 7-8 жыл халықты түрлі таптық жікке бөліп жіберді.Ешкім өмірге де, өз тағдырына да өкпелеуге тиіс емес деп ойлаймын. Адамды Алланың өзі жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыдан құдіретті етіп жаратқан. Сондықтан әр адамзат сол құдіретін пайдаланып, өз өмірінің жақсы болуына мүмкіндік жасауы қажет. Жаңағы қорған бола алмай отырған әкелер өмірдің сынын көтере алмай отырған азаматтар десе болады.   Енді «бақытты бала» деген әңгімеге қайта оралғым келіп отыр. Бала бақытты болу үшін оған барлық жағдай жасалуы керек деген ұғым бар халық арасында.   «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп ертеден – ақ адамдар арасындағы айырмашылық ажыратылып отырған. Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол  — отбасы.  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек.  Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды?  Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ «Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі. Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. «Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата –анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің  қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмейміннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қойылары хақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!