Материалдар / «Бала тәрбиесінің негізгі міндеттері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала тәрбиесінің негізгі міндеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру-қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай ұалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу-тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала тәрбиесінің негізгі міндеттері»

Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру-қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай ұалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу-тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып, мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы- бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық-педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында балабақшамызда ата-аналарға арналған жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары: 
Әрбір отбасының мақтан тұтарлық жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді. Барлық отбасы көмекші қажет етеді, көмек түрі отбасының қандай да бір қажеттілдігіне байланысты болады. Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата-ананы, яғни отбасының қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 

Отбасының да, балабақшаның да, мақсаты-мүддесі біреу-ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнатып, мектепке дейінгі ұйымдарға балалар үшін мектепке бару кезінде бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – баршаның ісі.















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!