400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Бала тілі бал”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тілі бал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тілі бал


“Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар” деген қазақтың мақал сөзі терең мағынаға ие. Шынымен де, бала өмірге келген күннен бастап, әр қылығы бізді көңілдендіріп, жадыратып тастайды.

Баланың алғаш дауыстап шығарғае күлкісі, алған тісінің пайда болуы, алғаш басын көтеруі, алғаш былдырлап сөздер айтуы міне, отбасы үшін ештеңеге айырбастауға тең келмейтін теңдессіз бақыт. Сірә, баланың бір сыңғыр күлкісін естісең ьарлық шаршауыңды ұмытып кетесің ғой, ал егер бал тіліне құлақ салсаң тіптен, құдды бар әлемді төңкеріп тастайтын алапат күшке ие сезінесің.

Баланың тәтті тілі-кіршіксіз таза, мөлдір көңіл мен пәк жүректің символы. Себебі ол тілімен ғана емес, көңілімен сөйлейді.

Ал, балақайдың көздеріндегі жарық пен жан дүниесінің тазалығы, тілінен төгілген сөздер арқылы анық көрінеді. Бәлкім осыдан да, тілі тәтті шығар.

Кейде үлкендер балақайдың айтқар бір ауыз сөзінен терең мағына тауып, оған ой жүгіртіп жатады.

Баланың бал тілінен бөлек өзінің бар болғанының өзі отбасы үшін өлшеусіщ сыйлық емес пе? Оның бір өзі-ақ тып-тыныш үйге жан бітіріп, бәрінің езуіне күлкі ұялатады. Әрбір қылығы мен сөзіне сүйсіне қарап, көзіміз жарқ етіп, жүрегімізге сәуле шашылып, қызықтап куә боламыз. Бұл сүйініш пен қуанышты сезінген де, сезінбеген де арманда.

Бала тілі-тұңғиық, тереңдіктегі шынайылық пен мейірімділіктің бейнесі, адамзаттың ең нәзік, ең таза сезімдерінің айнасы. Әрине баланың нұр мен шаттыққа толы алаңсыз балалық шағының , тәтті бал тілінің куәсі атанғымыз келсе, бізде өз тарапымыздан махаббат пен гармонияда өсіруіміз алдымызға қойылған міндет.




Зинелова Нұрай

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика кафедрасының 3 курс студенті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі