Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшаның "Ортаңғы" тобына арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ай |
Тақырыбы |
Күні |
Балалардың сөйлеу қабілеттерін зерттеу |
Экспрессивтік дамытушылар |
Фонетикалық қабілетін қалыптастыру |
Лексикалық |
Ескерту |
|
|
1-14.09 |
Тексеру |
|
|
|
|
Қыркүйек |
Ойыншықтар |
19.09 |
1. Күрделі сөйлемдерді құрастыруға үйрету (Қуыршақ, шатыр, қоян, отыр) 2. Көмектес септіктің жекеше түрін меңгерту (Мен аюмен ойнадым) 3. Біртекті бастауышта сөйлемдерді құрастыра білуді үйрену (Сөреде қуыршақ, қоян, машина тұр) 4. Да-де жалғауларын қолдана білуге үйрету (Машинада, сөреде, жерде, қорапта) |
1. Логопедтің көмегімен әңгіме құрауға үйрету (Кім өз ойыншығы туралы әңгімелейді?) 2. Дидактикалық ойын «Жұмсақ ойыншықтар». Балалар көру арқылы ойыншықтарды ажырату. |
Дыбыс деген не? А - дыбысы |
Сөзді және сөзсіз дыбыстар арқылы есту қабілетін арттыру. Дауысты дыбыстармен таныстыру (Әндетіп ауа ауыздан еркін шығады, ешқандай кедергісіз) А – дыбысына тоқталайық. |
|
Қыркүйек |
Жанұя |
26.09 |
1. Етістіктің жақтарын үйрету (Мен ән саламын, анам ән салады) 2. Сын есімнің сапалық және қатысты түрлерін меңгерту (Анамның көйлегі, әкемнің жидесі) 3. Бірдей анықтауыш және пысықтауыш пен сөйлем құрастыруды үйрету (Мен әкеммен, анаммен тұрамын. Менің анам мейрімді, әдемі, әдепті) 4. Сөздерді дұрыс айтуға үйрету (Анамның қызы, қызымның анасы) 5. Етістіктің шарттарын үйрету (Анам бөлмеде отыр. Мен келемін, сен келесің, ол келеді.) |
«Жанұя» суреттерімен таныстыру. «Жанұя» суретіне қарап әңгіме құрастыру. Логопедтің сұрағына жауап беруге үйрету. «Екі дос» әңгімесіне қарап, балалардың сөйлеу тілдерін дамыту. |
У дыбысы |
Дауысты дыбыстарды пысықтау. Уа, ум, у, ун, ум. |
|
Қазан |
Жеміс – жидектер |
3.10 |
1. Сын есімнің зат есімнен жасалуын үйрету (Дәм-дәмді алма) 2. Зат есімнің көпше жалғауларын үйрету (Алма-алмалар) 3. Зат есімді сын есімнің жалғауларымен үйрету (Тәтті алма, қызыл алма) 4. Барыс септігімен сөйлем құрастыру (Мен алманы қоянға бердім) 5. Бірдей анықтауышпен сөйлем құрастыруға үйрету (Столда домалақ, қызыл, тәтті алма жатыр) 6. Қайда?-деген сұрақтың дұрыс жауабын үйрету 7. Күрделі сөйлемдерді құрастыруды үйрету (Алманы өзім жеймін, алмұртты досыма беремін) |
1. Берілген сұраққа дұрыс сөйлем құрауды үйрету. 2. Суретке қарап әңгіме құрастыруға үйрету. 3. Жемістерді бір-бірімен салыстыруға үйрету (Алма-алмұрт) 4. Дидактикалық ойын: «Атамның бағында». |
А-у дыбыстарын меңгерту. |
1. Сөздің басында келетін а-у дыбыстарын меңгерту (Алма, уақ). 2. Айтылған буындарды есте сақтауға үйрету (Ау-уа, уа-уау). 3. У-а дыбыстарын сөздің соңында қайталау (алма, ашу, аққу). |
|
Қазан |
Күз |
10.10 |
1. Зат есіммен сын есімді көпше жалғаулармен үйрету (сары түс – сары түстер). 2. Етістіктің көптік жалғауларын үйрету (жинаймын – жинаймыз) 3. Жай сөйлемді үйрету. Етістік+сын есім+зат есім. (суық жел соғып тұр) 4. Бірдей анықтауыштардан сөйлем құрастыруды үйрету (дала суытып, жаңбырлы алтын күз келді) 5. Себепті бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрауды үйрету (күз суық болғандықтан адамдар жылы киінеді) 6. Антонимдерді меңгерту (құрғақ-ылғал, таза-лас, үлкен-кіші) |
1. Логопедтің көмегімен сюжеттік суреттерден әңгіме құрастыру. 2. «Күз» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. |
И дыбысы А, У, И |
1. Өткен сабақтағы дыбыстармен артикуляциялық жаттығуларды қайталау жасау. 2. Сөздерді буынға бөліп үйрету (а-ғаш, жаң-быр) Иуа, иау, уиа дыбыстарын қайталау. |
|
Қазан |
Көкөністер |
17.10 |
1. Зат есімнің жекеше және көпше түріндегі жалғауларын үйрету (қияр-қиярлар, қызанақ-қызанақтар) 2. Етістіктің шақтарын меңгерту (жинадым, жинадық, жинаймыз) |
1. Схема бойынша көрсетілген суреттерден әңгіме құрастыру. 2. Екі жемісті салыстыру (қияр-қызанақ) 3. Дидактикалық ойын: «Бақша» |
М дыбысы. |
1. Дауыссыз дыбыстармен таныстыру. 2. Артикуляциялық жаттығуларды жасату. 3. Дыбыстарды қайталау. М-ум-им-ма. (машина, мама, мұз, альбом) |
|
Қазан |
Үй құрылысы |
24.10 |
1. Зат есімнен қатыстық сын есімнің құралуы (тас-тастан, ағаш-ағаштан) 2. Жалғауларды меңгерту (үйдің алдында, үйдің қасында) 3. Етістіктерді дұрыс айтуды үйрету (кетті, келді шықты) 4. Сан есім және зат есіммен сөз құрастыру (бір қабырға, екі қабырға) 5. Зат есім сын есімдермен сөз құрастыру (қабырға тастан – тастан қабырға, терезе ағаштан) |
«Құрылысшы» атты сюжетті суретті көрсету, таныстыру. Үй мен ағаш үйді салыстыру. |
М дыбысы. О дыбысы. |
Қатаң дыбыстар: қ,п,с Ұяң дыбыстар: в,б,г,ғ Үнді дыбыстар: р,л,у Оуи-оуи дыбыстарымен артикуляциялық жаттығуларды жасату (ора, осы, оқы) |
|
Қазан |
Бау-бақша |
31.10 |
1. Қарама-қарсы сөздерді үйрету, таныстыру (апельсин тәтті – жуа ащы) 2. Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыруды үйрету (қияр-бақшада өседі, алма-бауда өседі) 3. Етістіктің шақтарын меңгерту (жұламын, жұлдым, ертең жұламын) 4. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнен сөйлем құрастыру (алма-бұл жеміс, себебі ол ағашта өседі) 5. Біркелкі бастауыштан, анықтауыштан сөйлем құрауды үйрету (бақта алма, алмұрт, жүзім пісті. Бақта қызыл алма тәтті алма өседі) 6. Сөздерді қйталау (қияр, қызанақ) |
Жемістермен көкөністерді салыстыру. Дидактикалық ойын: «Бау-бақша» |
О, у А, у О, м |
О, У дыбыстарын қою. УО, ОУ жаттығу жасату. ОУ дыбыстары бар суреттерді таңдау. Буындарды қайталау. Ма-му, ми-мо. Ұзын және қысқа сөздерді қайталау. Ма-ши-на, ман-да-рин. |
|
Қараша |
Дене мүшелері |
7.11 |
1. Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру (Айбектің көзі қара, Нұртастың көзі қоңыр) 2. Сұраққа дұрыс жауап беруді үйрету. 3. Ұзын-қысқа ұғымын меңгерту (Асыл Айгүлден ұзын, Марат Мирастан қысқа) 4. Зат есіммен сан есімді дұрыс айтуға үйрету (бір мұрын, екі көз, екі қол) 5. Сөйлемді дұрыс айтуға үйрету (мен қолымды сабынмен жудым) 6. Қарама-қарсы сөздерді меңгерту (мейірімді, мейірімсіз, таза, лас, көңілді, көңілсіз) |
Адамның дене мүшелерімен, құстардың, жануарлардың дене мүшелерін салыстыру. Дидактикалық ойын: «Моншада, бөлмеде» |
П дыбысы. |
Артикуляциялық жаттығулар ОП, УП, АП. Суреттерден сөздерді жаттату. Қатаң дыбыстармен таныстыру: қ, п, с, ф, х, ц, ч, щ, ш. |
|
Қараша |
Үй жануарлары |
14.11 |
1. Ілік септігімен таныстыру (қойдың қозысы, ешкінің лағы) 2. Зат есімнің көпше түрімен өзгертілуі (мысық-мысықтар, ит-иттер) 3. Жануарлардың дыбыстарымен таныстыру (мө-мө, аф-аф, мяу-мяу) 4. Біркелкі анықтауышы бар сөйлем құрастыруды үйрету (менің қоңыр, ала, момын мысығым бар) |
Суретке қарап әңгіме құрастыру. |
П дыбысы. П-И дыбысы |
П И дыбысын қояды үйрету. Ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуды үйрету. |
|
Қараша |
Азық-түліктер |
21.11 |
1. Жатыс септікпен сөз құрастыру. 2. Біркелкі толықтауышпен және баяндауышпен сөйлем құрауды үйрету (анам ұн, сүт, май, қатық сатып алды. Анам ұн сатып алып, қамыр илеп, бауырсақ пісірді) 3. Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыруды үйрету (қант тәтті, ал жуа ащы) 4. Бір, екі, үш қайтала! Май, сүт, нан сөздерін айту. 5. Қатыстық сан есімнің жалғаулары (тауықтың сорпасы) 6. Тоңазытқыш азық-түлік сақтау үшін қажет (неге?) сұраққа дұрыс жауап беруді үйрету. |
«Азық-түлік дүкені» атты суреттерді көрсету. Дидактикалық ойын: «Азық-түлік дүкені» |
Н дыбысы. |
Артикуляциялық жаттығулар жасату. Сөздерді қайталау. (диван, батон нан) Буындарды қайталау (ан, ин, на, не, ну) |
|
Қараша |
Жабайы аңдар |
28.11 |
1. Зат есімнің жалғауларын үйрету (құлын-құлыншақ) 2. Сын есімнің жалғауларын үйрету (түлкінің терісі, қасқырдың терісі) 3. Барыс септігінің жалғауларын меңгерту (аюға бал қажет) 4. Біркелкі бастауыш сөйлемдерді құрастыруды үйрету (орманда қасқыр, қоян, аю бар) 5. Зат есімнің көптік сандарының жалғауларын үйрету (қоян-қояндар, аю-аюлар) 6. Сөйлем құрастырып үйрету (қасқыр апанда тұрады, қоян бақшаның түбінде тұрады) |
Сюжеттік суретке қарап әңгімелеу. «Орман» Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?» |
Н дыбысы Ы дыбысы |
Дыбыстардың ерекшеліктерін түсіндіру, қайталау. Ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажырату. Артикуляциялық жаттығулар жасату. Ы дыбысының айтылуын үйрету (осы) Сен, мен, біз сөздерін қайталау. |
|
Желтоқсан |
Көліктер |
5.12 |
1. Зат есімнің жекеше және көпше жалғауларын меңгерту (машина-машиналар, ұшақ-ұшақтар) 2. «Көліктер» атты тақырыпқа сөйлем құрауды үйрету (мен машинамен кетемін) 3. Сөйлем құрастыру (қайық жүзеді, ал машина келеді, кетті) 4. Сан есіммен сөз құрастыру (машинаның төрт аяғы бар) |
Тақырып бойынша әңгіме құрастыру. Екі көлікті бір-бірімен салыстыру. |
Ы-И дыбысы. |
Ы дыбысын қою. Сөздің соңынан келетін ы-и дыбыстарымен жаттығу жасату (осы-мосы) |
|
Желтоқсан |
Біздің көшеміз |
12.12 |
1. Зат есім және сын есімнің жалғауларын түсіндіру (биік үй-биік үйлер) 2. Машина жолмен кетіп барады. Сөйлемді дұрыс айтуға үйрету. 3. Біркелкі толықтауыш сөйлем құрастыру (қалада көп-көп көшелер, үйлер, саябақтар бар) 4. Есімдіктер мен сөз құрастыру (менің қалам, менің көшем, менің ауылым) 5. Зат есімнің көптік санымен байланыстыру (үй-үйлер, көше-көшелер) 6. Сөздерді қайталау (зәулім үй, қонақ үй) |
Дидактикалық ойын: «Айгүлдің бөлмесі» |
Т дыбысы. |
Сөйлеу тіл мүшелерінің дыбыстарын дұрыс айтуға машықтандыру. Та-ат Ойын: «Сөз ойлап тап» Тарелка, туфли, тәтті. |
|
Желтоқсан |
Жаңа жылға дайындық |
19.12 |
Жаңа жыл әндерін үйрету. |
|
|
|
|
Желтоқсан |
Қайталау |
26.12 |
|
|
|
|
|
|
|
1-8.01 |
Тексеру |
|
|
|
|
Қаңтар |
Қыс |
9.01 |
1. Зат есімі және сын есімі бірлік және көптік сандарының жалғауларын меңгерту. 2. Біртүбірлі сөздер. 3. Біркелкі анықтауышты сөздер (жерге аппақ ұлпа суық қар түсті) 4. Біркелкі баяндауыш сөйлемдер (ақ қара жерге домалап, айналып түсті) 5. Қарама-қарсы сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру. 6. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру. |
Суреттерге қарап қыс туралы әңгімелеу. |
Қ дыбысы Қ-Т дыбысы |
Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Буындарды қайталау. Қа-та, ақ-қа, ап-та. Дауыстарын саралау. |
|
Қаңтар |
Үй құстары |
16.01 |
1. Зат есімнің атау септігінің, көптік сандағы жалғаулары (қаз-қаздар, тауық-тауықтар) 2. Зат есімнің кішірейтіліп айтылуы. 3. Зат есімнің жалғауларын үйрету (тауықтың балапаны бар) 4. Зат есім және сан есімдерден сөз құрастыру (қаздың ұзын мойыны бар, қаздың мойыны ұзын) 5. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (қаздар қарқылдайды, әтештер шықырады) |
1. Құстарды бір-бірімен салыстыру. 2. Ертегілерді әңгімелеу. |
Д-дыбысы |
Артикуляциялық жаттығулар до-ды-ду. Да-де дыбыстарын қою, қайталау, саралау. |
|
Қаңтар |
Жиһаздар |
23.01 |
1. Жатыс септігінің септелуін үйрету (орындықтың аяғы бар) 2. Шкафта, шкафтан, шкафтың қасында сөздерінің мағынасын түсіндіру. 3. Біркелкі бастауышпен сөйлем құрастыру (жатын бөлмеде диван, шкаф тұр) 4. Сабақтас құрмалас сөйлем құрастыруды үйрету (кітаптар сөресі, кітаптарды жинап қою үшін қажет) 5. Қозғау, апару, көтеру сөздерін үйрету. |
Жиһаздарға байланысты салыстырмалы түрде әңгіме құрастыруға үйрету (орындық-сәкі) Дидактикалық ойын: «Бөлмедегі жиһаз» |
Т дыбысы |
Артикуляциялық жаттығулар жасау. Т дыбысын дұрыс айтуды меңгерту. Темір, терезе, тас сөздерін қайталау. |
|
Қаңтар |
Киімдер |
30.01 |
1. Зат есімнің кішірейтіліп айтылатын жалғаулары (белдемше, кіп-кішкентай белдемше) 2. Атау септігіндегі бірлік, көптік сандарының септік жалғаулары (көйлек-көйлектер) 3. «Менің» сөзін меңгерту (менің көйлегім) 4. Біркелкі анықтауышпен сөйлем құрастыру (анамның көйлегі жаңа, қысқа, әдемі) 5. Сын есімнің зат есімнен құралуы (теріден тігілген етік) |
1. «Балалар серуенге шығуға дайындалды»-атты суреттерге қарап сұраққа жауап беруге үйрету. 2. Дидактикалық ойын: «Кім қандай киім киеді?» |
Д-дыбысы |
Артикуляциялық жаттығуларды орындату. Дыбысын қайталату (Дина, Дима, ди-ды сөздерін қайталату) |
|
Ақпан |
Аяқ-киімдер |
6.02 |
1. Біркелкі анықтауышы бар сөйлем құрастыру (менің әжемнің жылы, жаңа, жайлы бәтеңкесі бар) 2. Зат есімнің сын есімге ауысуын үйрету (үй-үйдікі, резин-резиннен, тер-теріден) 3. Ілік септігінің жалғауларын үйрету (анамның туфлиі жоқ) 4. Бәтеңкенің бауын байлауды үйрету. |
Балалармен үлкендердің аяқ киімдерін салыстыру. Дидактикалық ойын: «Аяқ киім дүкені» Суреттерге қарап әңгіме құрастыру. |
Ғ дыбысы |
Артикулияциялық жаттығуларды орындау. Буындарды қайталау. Ги-ға, ға-ги. |
|
Ақпан |
Мамандықтар |
13.02 |
1. Біркелкі бастауыштан сөйлем құрастыру (дәрігердің жұмыс жасауы үшін: дәке, спирт, қолғап қажет. Балабақшада аспазшы пісіреді, қуырады, кеседі) 2. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (дәрігер емдейді, ал аспазшы тамақ пісіреді) 3. Есімдікпен зат есімнің пайда болуы. (оқу-оқытушы, жүру-жүргізуші) 4. Тақпақтармен таныстыру (емдейді, емдедім) |
«Аурухана» тақырыбына суреттен әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын: «Барлық мамандықтар да жақсы». Дидактикалық ойын: «Менің ұнататын мамандығым» |
К-Г дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындату 2. Буындарды қайталау ка-га 3. Дыбысты дұрыс қоюды үйрету. |
|
Ақпан |
Мамандықтар |
20.02 |
1. Біркелкі бастауыштан сөйлем құрастыру (дәрігердің жұмыс жасауы үшін: дәке, спирт, қолғап қажет. Балабақшада аспазшы пісіреді, қуырады, кеседі) 2. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (дәрігер емдейді, ал аспазшы тамақ пісіреді) 3. Есімдікпен зат есімнің пайда болуы. (оқу-оқытушы, жүру-жүргізуші) 4. Тақпақтармен таныстыру (емдейді, емдедім) |
«Аурухана» тақырыбына суреттен әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын: «Барлық мамандықтар да жақсы». Дидактикалық ойын: «Менің ұнататын мамандығым» |
К-Г дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындату 2. Буындарды қайталау ка-га 3. Дыбысты дұрыс қоюды үйрету. |
|
Наурыз |
Ыдыстар |
27.02 |
1. Зат есімнің бірлік-көптік жалғаулары (кесе-кеселер, қасық-қасықтар) 2. «неден?» -деген сұрақтарға жауап беруді үйрету (кеседен-кесеге) 3. Біркелкі анықтауыштан сөйлем құрастыру (менің кесем ақ түсті) 4. Сын есімнің зат есімнен құралуы (шөлмек-шөлмектен) 5. Құрамалас сөйлем құрастыру (қазан темірден, ал кесе шөлмектен жасалған) |
Суреттерге қарап сөз құрастыру. «Шкафтағы ыдыс-аяқтар»-әңгіме құрастыру. |
Х дыбысы |
Х әрпін қою |
|
Наурыз |
Аналар мерекесі |
6.03 |
1. Біркелкі анықтауыштан сөйлем құрастыру (менің анам мейірімді, сүйкімді) 2. Зат есімнің, сын есімнің, бірлік, көптік сандары (менің әжем ақылды, менің анам ұзын бойлы) 3. Есімдіктермен сөз құрастыру (менің әжем, менің әкем, менің ағам) 4. Зат есімнің септелуі. 1) Атау септік: кім? Анам. 2) Ілік септік: кімнің? Анамның. 3) Барыс септік: кімге? Анама. 4) Табыс септік: кімді? Анам. 5) Жатыс септік: кімде? Анамда. 6) Шығыс септік: кімнен? Анамнан. |
«Балалар аналарын қалай құттықтайды?» сұрақтарға дұрыс жауап беруді үйрету «Анамның мейрамы» атты сюжеттік суреттерге қарап сөйлем құрастыру |
Х дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау 2. Буындарды қайталау. Ха-хо-хи, ох-ах |
|
Наурыз |
Наурыз мерекесі |
13.03 |
1. Жекеше және көпше түрдегі зат есім сөздерін түсінуге үйрету (асық-асықтар) 2. Біркелкі анықтауыштан сөйлемдер (менде ақ, үлкен, сақа асық бар) |
«Наурыз» мерекесіне байланысты әңгіме құрастырып үйрету |
Л дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау 2. Буындарды қайталау. Ло-ла-лу, ло-ло-ло |
|
Наурыз |
Көктем |
20.03 |
1. Салалас құрмалас сөйлем құрастыруды үйрету (құстар ұшып келеді, себебі күн жылынды) 2. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (қыста суық болады, ал көктемде күн жылы болады) 3. Біркелкі анықтауыштан сөйлем құрастыру (жылы сәулелі көктем келді) 4. Қарама-қарсы сөздерді үйрету (ерте-кеш, ұзын-қысқа) |
«Көктем» атты сюжеттік суретке қарап көмекші сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру. |
Б дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау 2. Буындарды қайталау. Бо-бы, бо-бу-бы |
|
Наурыз |
Жабайы және үй жануарлары |
27.03 |
1. Зат есімнің көптік санының жалғауларын үйрету (аю-аюлар) 2. Дыбыстарды дұрыс қоя білуді үйрету (қасқыр орманда тұрады, сиыр адамның жанында тұрады) 3. Сын есім және зат есімнің көптік сандарының жалғаулары (ала сиыр-ала сиырлар) |
Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?" |
Б дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау 2. Буындарды дұрыс қоюды үйрету. Бо-бу-бы-би |
|
Сәуір |
Ағаштар |
3.04 |
1. Зат есімнің көптік санының жалғаулары (қайық-қайықтар) 2. Сын есімді пайдалана білу (қайың-қайыңнан) 3. Септіктердің жалғауларын дұрыс айта білу (қайың-қайыңды, қайыңнан, қайыңмен) 4. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (қайыңның діңгегі ақ, ал ағаштың діңгегі қоңыр) |
«Орман» атты сюжеттік суреттерге әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын: «Қайсысы ағаштың жапырағы?» |
Э дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау 2. Буындарды қайталау. Эх-ух-эхо-ах, этаж. |
|
Сәуір |
Балабақша |
10.04 |
1. Бірінші бастауышта сөйлем құрастыру (балабақшада тәрбиеші, күтуші, жұмыс істейді) 2. Етістіктің жақтарын үйрету: 1-жақ: мен сурет салдым. 2-жақ: ол сурет салды. 3-жақ: сен сурет саласың. 3. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (балабақшада жақсы, себебі сурет салады, ойнаймыз) |
«Балабақшада» сюжеттік суреттерден әңгіме құрастыру |
В дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау Вт-впа, би, ва. |
|
Сәуір |
Жәндіктер |
17.04 |
1. Зат есімнің көптік санының жалғаулары (қоңыз-қоңыздар) 2. Біркелкі баяндауышты сөйлем құрастыру (жәндіктер далада секіреді, ұшады, жүреді) 3. Зат есімнен сөздердің сын есіміне өтуі (араның балы, бал-балдай) |
«Көкалда, Жайлауда» атты суреттен әңгіме құрастыру |
Ф дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау Фа-фи |
|
|
|
23-4.05 |
Тексеру |
|
|
|
|
Маммыр |
Гүлдер |
8.05 |
1. Зат есімнің септік жалғаулары (қызғалдақ, қызғалдақтарда, қызғалдақпен) 2. Сөйлем мүшелерін таныстыру. Бастауыш, баяндауыш сөйлем құрастыру (бақ қызғалдақ, қалампыр өсіп тұрады) 3. Зат есім және сын есімді сөздер (гүлдің иісі, қызыл раушан) 4. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру (гүлдерге су құйып тұру керек, себебі құймасаң солады) |
«Балалардың гүлді өсіруі» сюжеттік суреттен әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын: «Гүлдерді жина» |
В-В А, У, О, Ы, Э |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау АУ, ИУА, АОУИ |
|
Маммыр |
Жидектер |
15.05 |
1. Зат есімнің көптік сандарын үйрету (жидек-жидектер) 2. Тәтті жидек, тәтті жидектер сөзін меңгерту. 3. Жидектен, таңқурайдан сөздерін меңгеру |
«Айгүл мамасына қайнатпа қайнатуға көмектесті» - суреттен әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын: «Жидектерді жинаймыз» |
С дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау Сима, си, са, су |
|
Мамыр |
Жаз |
22.05 |
1. Жаздық киім, жаздық киімдер сөзін үйрету. 2. Гүлдер терезенің алдында өседі – сөйлемдерді үйрету. 3. «Жүзу» сөзін меңгерту. |
Суреттерге қарап сөйлем құрастыру |
С дыбысы |
1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау Өткендерді қайталау. |
|
Мамыр |
Қайталау |
29.05 |
|
|
|
|
|
«Келісемін» «Бекітемін»
«Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін мектеп және «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін мектеп және
мектепке дейінгі ұйым» КММ мектепке дейінгі ұйым» КММ
әдіскері Р.М.Қайрлиева директоры А.Е.Жалмұханова
« » 2017ж « » 2017ж
Логопед маманының 2017-2018 жылғы ортаңғы тобына арналған жыл жоспары
Логопед: Козбакарова А.