Материалдар / Балалар басылымының бүгінгі бейнесі Ғылыми жоба

Балалар басылымының бүгінгі бейнесі Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар: I Кіріспе .................................................................................................................. 3 II Негізгі бөлім 1. Балалар шығармашылығының өткені мен бүгіні........................................... 4 2. Балалар басылымдарының балаларға тәрбие берудегі маңызы.....................9 III Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
107
0 рет жүктелген
4500 ₸
Бүгін алсаңыз
+225 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +225 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация

Балаларға арналған басылымдар жасөспірімдерді, балаларды тәрбиелеуге бағытталады. Ал бүгінгі жастар арасында жігерсіздік, қатыгездік, уақыттың қадірін білмеу секілді жайттар жиі қылаң береді. Бұл тәрбиенің аздығынан ба? – Бұл қоғамда үлкен түйткілге айналды. Әрбір ұлт, әрбір халық өзінің ұрпағының келешегін ойлауды мықтап қолға алмаса болмайтын заман келді. Өйткені қазір балалар мен жасөспірімдердің санасына ықпал ететін, әсер ететін дүниелер шамадан тыс көбейді. Қазір әр баланың қолында ұялы телефон бар, интернет парақтарын содан-ақ қарай береді. Осы орайда бұл ғылыми жобада балаларға арналған басылымдардың маңыздылығы мен қазіргі қолданысы туралы жазылыады. Жоба үш бөлімнен (кіріспе, негізгі, қорытынды) тұрады. Кіріспе бөлімінде жалпы жұмыстың жазылу барысына сипаттама беріледі. Ал негізгі бөлім екі тармаққа бөлініп басылымдарыдың өткені мен бүгінімен қатар, басылымдардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы туралы айтылады. Қорытынды бөлімде жалпы жұмысқа қорытынды жасалып, ұсыныс білдіріледі.

Аннатоция

Детские издания направлены на воспитание подростков, детей. А среди сегодняшней молодежи такие случаи, как невежество, жестокость, незнание достоинства времени, часто становятся в стороне. Разве это недостаток воспитания? – Это стало большой проблемой в обществе. Каждая нация, каждый народ своего потомства рук не времени не пришли прочно перспективы мышления. Ведь сейчас очень сильно увеличилось количество предметов, которые влияют на сознание детей и подростков. Сейчас у каждого ребенка есть мобильный телефон в руках,и интернет-страницы, которые затем дают. В этой связи в этом научном проекте говорится о значимости и современном использовании детских изданий. Проект состоит из трех частей (вводная, основная, заключительная). Во вводной части дается описание хода написания общей работы. А основная часть разделена на два пункта, где говорится о прошлом и настоящем изданий, а также о важности изданий в воспитании детей. В заключительной части подводятся итоги работы и рекомендации.

Annotation
Children's publications are aimed at educating teenagers and children. And among today's youth, such cases as ignorance, cruelty, ignorance of the dignity of time, are often left on the sidelines. Is this a lack of education? - It has become a big problem in society. Every nation, every people of their offspring of the hands of no time came to firmly perspective thinking. Indeed, now the number of objects that affect the consciousness of children and adolescents has increased greatly. Now every child has a mobile phone in his hands, and Internet pages, which are then given. In this regard, this scientific project talks about the importance and modern use of children's publications. The project consists of three parts (introductory, main, final). In the introductory part, a description of the progress of writing a common work is given. And the main part is divided into two points, which speaks about the past and present of publications, as well as the importance of publications in raising children. The final part summarizes the work and recommendations.

















Жоспар:


I Кіріспе .................................................................................................................. 3

II Негізгі бөлім

1. Балалар шығармашылығының өткені мен бүгіні........................................... 4

2. Балалар басылымдарының балаларға тәрбие берудегі маңызы.....................9

III Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер























Кіріспе


Балаларға арналған басылымдар жасөспірімдерді, балаларды тәрбиелеуге бағытталады. Ал бүгінгі жастар арасында жігерсіздік, қатыгездік, уақыттың қадірін білмеу секілді жайттар жиі қылаң береді. Бұл тәрбиенің аздығынан ба? – Бұл  қоғамда үлкен түйткілге айналды. Әрбір ұлт, әрбір халық өзінің ұрпағының келешегін ойлауды мықтап қолға алмаса болмайтын заман келді. Өйткені қазір балалар мен жасөспірімдердің санасына ықпал ететін, әсер ететін дүниелер шамадан тыс көбейді. Қазір әр баланың қолында ұялы телефон бар, интернет парақтарын содан-ақ қарай береді. Түрлі сайттарға кіреді. Ғаламтордан өздері қалаған мағлұматтарды оқиды. Бұрын оқулықты, одан кейін хрестоматияны және әдеби кітаптарды оқумен шектелген балалардың қазір ақпарат алу кеңістігі кеңеюде. Олар қазір әлемде болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды дер кезінде біліп отыруға мүмкіндік алды. Түрлі сайттар мен ақпараттық порталдарда көбінесе ұрыс-керіс, соғыс, төбелес, қырғын, апат туралы айтып, жазып, көрсетіп жатады. Ал мұның бәрі жасөспірімдер мен балалардың психикасына кері әсер ететіні сөзсіз. Адамның иммунитеті деген түсінік бар емес пе? Сол секілді ұлттың да иммунитеті болады. Ал балалар мен жасөспірімдердің иммунитеті әлі де толық қалыптаспаған. Бұлар кез келген дүниені, әсіресе, теріс әрекеттерді тез қабылдап алады. Сондықтан, біз экраннан үлгі-өнеге болатын дүниелерді көптеп көрсетудің ретін табуымыз керек. Балаларға көрсететін дүниені өзіміз жасамасақ болмайды. Қазір газет-журналдарымызда ұлтты алаңдататын мәселелерге көп назар аударамыз. Біздің үкіметтік баспасөз құралы  болып саналатын 4 басылымымыз бүкіл тақырыптарын осы бағытқа бұрды. Турасын айтсам, газет-журналдарымызды шын мәнінде үлкен күрескерлікпен шығарып жатырмыз. Өйткені оқырман жаппай тез қабылдап жатқан жеңіл-желпі дүниелерге қарсы материалдар беру және мақаланы  оқылымды етіп беру оңай емес. Оның үстіне көтеретін тақырыптарымыздың да жүгі жеңіл емес. Сондықтан, біз жұмысқа орналасуға құлықты тілшілерге өте қатаң талап қоямыз. Шығармашылық ұжымдағы журналистерге де артылған жауапкершілік мол, қойылған талап қатаң. Бүгінгі журналистің аргументтері мықты, дәлелді болу керек, айтарын санаға сынадай қағып, сіңіріп жаза білуі керек. Содан кейін түрлі сайттардағы ақпараттардан да оқылымды дүниелер жазуға міндеттіміз

Жұмыстың сипаттамасы:

1. Ғылыми жұмыстың мақсаты: Балалар басылымдары- баланы тәрбиелеудегі негізгі күштің бірі. Баланы жастайынан жақсылыққа, батырлыққа, адалдыққа, елін сүюге тәрбиелеу – ұлтымыздың қанына сіңген қасиет. Бала тәрбиесі тек ата-анамен емес, бұқаралық ақпарат құралдарымен де толысады. Теледидардағы балаларға арналған бағдарламалардан бөлек аға буын жазып қалдырған мол мұра да балалар үшін алтын қоржын іспеттес. Балалар басылымдары- бүлдіршіндерді тәрбиелейтін мектеп. Мақсат-ғылыми жұмыс арқылы балалар басылымдарының қоғам алдындағы рөлін көрсету.

2. Қолданылған әдістер: Зерттеу жұмысында жүйелі, кешенді талдау, салыстыру, типтендіру, салыстырмалы-типологиялық, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

3. Ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелері (ғылыми, практикалық):

Кемелді болашақ болу үшін кемелді білім беру жүйесі керек. Ал білім тек шыығарма оқумен толысады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ, «Жиырма бірінші ғасырға білімді дамыта алмаған адамнан мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз .... барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап, біз он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет». Елбасымыз әр сөзінде білімді ұрпақтың санын көбейтуді сөз етеді. «Болашақ жастар қолында» деп айтып жүргенімізбен, жастарды елі үшін езіліп тұратындай тәрбиелеу олардың балдырған бал дәуренінен бастау алатынын ескере бермейміз. Балалар басылымдары- баланы тәрбиелеудегі негізгі күштің бірі. Баланы жастайынан жақсылыққа, батырлыққа, адалдыққа, елін сүюге тәрбиелеу – ұлтымыздың қанына сіңген қасиет.Бала тәрбиесі тек ата анамен емес, бұқаралық ақпарат құралдарымен де толысады. Теледидардағы балаларға арналған бағдарламалардан бөлек аға буын жазып қалдырған мол мұра да балалар үшін алтын қоржын іспеттес. Балалар басылымдары - бүлдіршіндерді тәрбиелейтін мектеп. Ал ол мектептің деңгейі мен берері - журналистер алдындағы міндет.

Балаларды 6 жастан бастап көркем әдебиетпен тәрбиелеуге болады дейді мамандар. Бірақ, бала ол жасқа жеткенше ата-ана үйге кітаптар әкеліп,баланың алдына қағаз, қалам қойып көзін үйрету керек. Баланың ойлауы мен қабілетіне мән берсе 11 жасынан бастап әдеби шығарма оқып,шығарманы талдауды үйренеді. Сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Тіпті, сол жаста балаға «Абай жолын» да оқытуға болады.

Кітап оқып, көркем шығармамен танысып өспеген ұл мен қыз бабалардан қалған дәстүрді қайдан білсін? Көп мамандар өмірлік тәжірибелерінде кітап арқылы бәріне жеткенін, ұлдары мен қыздарын кітап арқылы тәрбиелеп, болашақ міндеттерін ұқтырғанын айтады. Мәселен, қыз бала өсе келе әдеби шығарма кейіпкерлері арқылы қыздың жан сұлулығын, басқа босағаға аттағандағы міндеттерін, ерінен төмен тұруды үйреткен. Ал жігіттерге сол шығарма кейіпкеріндей қайсарлық пен батылдықты, нәзікжандыларға деген сый мен құрметті үлгі еткен. Бүгінгі атыс пен фантастикаға толған шығармалар біздің ғасырлардан жалғасқан мұрамыздың бірін де бере алмайды.

Сәби санасының өсуі - адамзат дамуының кепілі деген аталы сөздің астарында ұлт пен мемлекет болашағының да жағдайы сөз болатынын аңғару қиын емес. Сол себепті,балаларға арналған газет журналдарды тек өз тауарымызды өткізіп халықтың қалтасын қағу үшін емес,көзі ашық ұрпақ пен білімді бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін көбейтуіміз керек. Тәлім тағылымы мол басылымдар жоқ емес. Бірақ осыдан он жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда сапа сұйылған. Телеарналар рейтинг үшін жұмыс жасайтын болса, кейбір балалар басылымдары да ішіне әйтеуір қызылды жасылды бірдеңелерді тығып адам санын көбейтіп әлек. Біз оқыған «Мөлдір бұлақ» пен «Айгөлекте» шын мәнінде іліп алар дүние көп болатын. Аталған айдарлары мен жазылған дүниелері бізді шын мәнінде тәрбиелейтін. Ертегі оқып, жұмбақ шешіп, өзіміз қатарлылардың жеткен жетістіктерін көріп, алға ұмтылатынбыз.

«Әрбір бала жұлдыз: жарқырауына жәрдем ет»-дейді Жүсіп Баласағұн. Ал сол жұлдыздарымыз қазір тәрбиені қайдан алып жүр? Ата-ана жұмысқа кетісімен, телефонға телміретін бөбектердің ұялы телефонның қыр сырын бізден жақсы білетіні де жасырын емес. Ата-ана да әйтеуір бала жыламасын деп сматфондарын қолына ұстата қояды. Ол алдымен баланың көру қабілетіне кері әсер етсе, екіншіден ойнаған атыс шабыс ойындарынан үлгі алып,қатігез болып өседі. Керісінше, бір сәт балаға көңіл бөліп, газет журналдардан ертегілер мен қызықты деректер оқып берсе, бала да соған дағдыланады.

Балдай жырын балаларға арнаған ақын Ө.Тұрманжанов былай деген екен: «Балаларға түсінікті болайын, олардың тілін, көңілін табайын, нағыз халық әдебиетінің соны, бай тілімен жазайын деп халық ауыз әдебиетінін көп жинап, көп зерттедім. Бұл ойым орнын тапқан сияқты. Көп ертегі, әңгіме, поэма жаздым. Оларымды оқушыларым жылы қабылдады». [1.] Бала тілін тапқысы келген журналист халқымыздың фольклор өнеріне де көз жүгіртіп, ден қойса, үлгі алса нұр ұстіне нұр болар еді.
















2.1.Балалар шығармашылығының өткені мен бүгіні

Мерзімді баспасөз – қоғам айнасы. Айналадағы болып жатқан құбылыстар мен жаңалықтарға өзіндік үн қосып, бұқараға бағыт сілтеп отыратын баспасөз балаларға арнап не жазып жүр? Біз дәл осы сауалға төмендегіше жауап беріп көрейік. Біріншіден, балалар баспасөзі қазіргі кезеңде жан-жақты дамып келеді. Оның себебі, балаларға арналған басылымдардың саны көбейді. Яғни өзара бәсеке бар. Балалар баспасөзінің тілі мен стилі өз оқырмандарының қабылдауына, түсінуіне лайықталған. Мәселен, әрбір тақырып түсінікті. Берілетін ойлар да бала тілі мен түйсігіне қарай жеңіл жазылады. Құрмалас сөйлемдер көп кездеспейді. Оқырман хаттары көбіне әдеби өңдеуден өтпей-ақ беріледі. Мұның өзі басылымның балалардың шынайы бейнесін көрсетуге бағытталғандығын көрсетеді.

Екіншіден, басылымдар дизайн жағынан жетілген. Компьютерлік жаңа бағдарламалардың көмегімен түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Әсіресе, оқырмандар жіберген суреттер мен қолмен салынған суреттердің өз қанық бояумен беріліп, оқырманын қызықтыра түседі. Баланың қабылдауына, түсінуіне, қызығушылығына қарай балалар баспасөзі жаңаша ізденістерге барған.

Үшіншіден, қазақ баласының таным-түйсігін қалыптастыру мен дамытуда ұлттық менталитетімізге сай тәрбие құралына айналып отыр. Оған дәлел басылым беттерінде аңыз әңгімелер, ертегілер, ұлт тарихын сөз ететін әңгімелер, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз жайлы мақалалар жиі болмаса да орын алады. Сондай-ақ адамгершілік, мейірім, достық тақырыбында шағын әңгімелер де жарияланып тұрады.

Төртіншіден, балалар баспасөзінің оқырманы да жазарманы да – балалар. Бұған журнал беттерінде ұйымдастырылып тұратын әртүрлі тақырыптағы бәйгелер себеп болса, екіншіден, баланың шығармашылық жағынан жетіле түсуіне себепкер болып отырған журнал редакторларының тың ізденістері дер едік.

Бала тақырыбына қалам қозғайтын басылымдардың бүгінгі көрінетін кемшіліктер мыналар:

Біріншіден,кей журналдарда «жұлдыздар» жайлы көп мәлімет беріледі. Жұлдыздар жайлы жазатын басылымдар аз емес. Сол себепті,оны балалар басылымдарына да «тықпыштай» беру жөн болмас.

Екіншіден, көптеген балалар басылымы ақша табу мақсатында ғана шығарылады. Кейбір мақалаларды тақырыбы көңілге қонымды болған соң қарай қойсаң, оның не қатысы бар деп қаласың. Ал кейбіреуі керісінше тақырып қоюдан жаңылады. Аңдаусыз кей сөзіне көзің түсіп оқысаң әжептеуір мақала, ал алғашқыда тақырыбын көріп ақ ол бетті жауып қоясың. Тақырып қоя білу қашан да журналист шеберлігінің сыны болмақ

Үшіншіден,кей жас журналистеріміздің кемшілігімен жұмыс жасалмай, баспаға жіберіледі. Мектеп оқушысының «мына жерде сызықша болмайды ғой, қыстырмадан соң үтір қоймапты» деген әңгімелерін өз құлағыммен естідім. Мүмкін, басылым редакторларының мән бере қарамауынан,мүмкін шын мәнінде тексерістен өтпегеннен. Бұл тек «журналист» деген статусты алмаған балалар басылымдарының жас тілшілеріне ғана емес, дипломы бар «төртінші билік» иелеріне де қатысты дау. Газет беттерінде немесе сайтта жарияланған мақалалардан компьютерде «басылып кеткен» артық әріптерден бөлек, өріп жүрген қателермен көптеп ұшырасып жатамыз.

Төртіншісі, кейбір орыс тілінен енген сөздерің дұрыс аударма жасалмауы. Мысылы,балкон-қылтима, стюардесса-аспансерік, банан-сарықисық. Тура аударсақ, бұл сөздер өз мағынасынан өзгеріп кетеді. Бұл «латын әліппиімен мына сөз қалай жазылады?» деген қазіргі жастардың проблемасымен бірдей. Қазақ тілін жойып аламыз деп, сөздерге қисынсыз баламаны қоса бермей, өз қалпында айтқанымыз жөн ақ болар. Себебі, мағынаның өзгеретінін жасөспірімдер де біледі. Және өз ортасында «келемежге» айналдырады.

Балалар басылымдарының мақтайтын тұстары да аз емес. Баланың ой-өрісін кеңейту бағытында әртүрлі тест сұрақтары, ойындар, жаттығулар жарық көріп тұратын газет журналдар жетерлік. Әсіресе, жас ерекшеліктеріне қарай ойындардың бөлініп отыруы оқырманның өзіндік физиологиялық ерекшеліктерін ескергендігі байқалады. Тағы бір ерекшелігі- мұқаба беттеріндегі суреттер. Кішкентайлардың бәрі не туралы екенін білмесе де суретке бірден көз тастары анық. Басылым беттеріндегі безендірілген суреттер де аудитория жинаудың бір түрі. Сапалы сурет қашанда жақсы, мақаланың да сәнін кіргізеді. Әрине, жазған дүниеңмен сәйкес болса нұр үстіне нұр.

«Айгөлек» журналын қолға алып, журналдың безендірілуіне мән беріп, оны талдайық. Бұл журналды қолына алған оқырман бірден оның өзге басылымдарда айырмашылығын байқайды. Ол айырмашылық – «Айгөлектің» мұқабасындағы сурет. Яғни, журнал әр нөмірде қолмен салынған суретті мұқаба бетіне жариялайды, фотоаппараттың көмегіне сүйене бермейді. Нөмір шыққан айды, оның сол айдың ерекшелігін бейнелейтін суреттерге куә боламыз. Мұқабадағы суреттерде әдетте кәнігі суретшілер салады. «Айгөлектің» шығармашылық ұжымын Ольга Казанцева, Оразбек Қайсан секілді суретшілер толықтырады. Бұл журнал ересек жазушылардан гөрі балалар шығармашылығына баса назар аударады. Яғни, әр нөмірінде балалардың пәк жүрегін жарып шыққан пәк туындыларын журнал бетінде өте көп жариялайды. Журналдың ең соңғы бетін аударып, қарасаңыз, «Айгөлектің» суретшілерімен ойнамаңыз деген айдармен балғын суретшілердің ой-қиялынан туындаған суреттерді көре аласыз. Бұл айдардың өзінен-ақ жас суретші қанаттанып, одан да әдемі суретттерін жолдауға тырысады. Бұл – аудитория жинаудың бір тәсілі болса, бір жағынан жас суретшілерді қолдау, олардың шығармашылығына қанат бітіру. Аталмыш басылымның әр суретінің бояуы қанық, мақалаға қосымша үстеме мән еріп тұра алады. Бұл да болса, ұжымның талғампаздығынан хабар берген болса керек. «Айгөлектің» оқушылардың білімін жетілдіруде де еңбегі ерен. Бұл сөзімізге дәлел, журналдың әр нөміріндегі тестер, танымдық сұрақтар, сөзжұмбақтар т.б. «Ойландырар он бес сұрақ» айдары да балалардың ілімін ұштай берері сөзсіз. «Айгөлектің» және бір ерекшелігі, негізгі материалдар балалар жіберген хаттардан беріледі. «Бұрымды қыз» байқауын ұйымдастыратын бұл ұжым әр санында қазақтың өолаңшаш жас аруларын суретімен бірге көркемдеп, бір ауыз тілегімен алғашқы бетке береді. Қазақтың қаракөз қыздарының, жас сұлуларының келбетті суреті журналдың әсемдігіне көрік қосып тұрғандай. «Шешендер мен билер тағылымы» өздіксіз шығып тұратын айдарында аузы дуалы, от ауызды орақ тілді би-шешендеріміздің тапқыр сөздерін ғана емес, бұл айдарда берілетін суреттерден ұжымның негізгі ойын танығандай боламыз. Яғни, бұл айдарда берілетін суреттерден бағзы батырларымыздың, шешендеріміздің үстіндегі ұлттық нақыштағы киімдері жас оқырманға тарихымыздан сыр шетіп тұр. Ұлттық болмысты ұмытпаңдар, оның қадір-қасиетін түсініңдер, бағалай біліңдер деген мағынадағы астарды ұғуға болады. Ал, журналдың 2010 жылғы, қараша аыйндағы нөмірінде «Шәмшінің туылғанына 80 жыл» мақаласында берілген сурет бұл туындының болмысын толық ашып тұрғандай. Бұл суретті көрген жан суретшінің бейнелеген суреті арқылы оның шабытты бейнелегісі келгенін айнытпай ұғады. Бала тілі бал рубрикасында сәбидің кіршіксіз күлкісі бұл айдардың күлкіге, күлуге арналғанынан хабар береді. Спорт бетінде жарияланған Жандос Байділдәнің Хан дойбысы тақырыбындағы суреттер ойынның тәртібін, орналастыру ретін анық бейнелеп бере алған. Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды насихаттауда бұл туындының өзіндік орны бар десек қателеспеспіз. Тест жарияланған бетте әр тест сұрағына қатысты қызықты суреттер берілген. Бұл бейнелер бір жағынан тест бетін қарамай кетуден сақтаса, бір жағынан еріксіз езу тартқызады.[2.]











2.2.Балалар басылымдарының балаларға тәрбие берудегі маңызы

20-30-жылдары біздің ақын-жазушыларымыз балаларға арнап не жазды? Моңғолия, Қытайдағы ақын-жазушыларымыз ертеректе қандай дүниелер жазды? Міне, осының бәрін мұрағаттан іздеп, шаң басып жатқан еңбектердің тозаңын қағып, газет-журналдарымызда жариялағанымыз жөн. Ол туындылар тілдің тұнық, таза кезінде жазылған дүниелер. Қазір үлкендердің аузынан естіп жүрген мақал-мәтелдер, қанатты сөздерге айналып кеткен балаларға арналып жазылған өлеңдер, аңыз-әңгімелер де сол дәуірдің шығармалары. Енді сол 20-30-жылдардағы газет-журналдарда балаларға арналған ақын-жазушылардың туындылары жарияланбауы мүмкін емес. Біз соны қайтадан жарыққа шығарып, бүгінгі ұрпаққа ұсынуға тиіспіз. Осы ұсынысымды білдіргенде Оразақын Асқар бастаған қаламы қарымды қаламгерлеріміз, арғы-бергі әдебиетті білетін жазушыларымыз біраз қызық дүниелерді алып келді. «Балдырған» журналындағы «Алтын сандық», «Күміс кебеже» айдарлары соның нәтижесі.

Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады. Бүгінде балаларға арналған әрбір басылымда әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған айдарлар бар. Бүлдіршіндердің өзі де радакцияға хат жолдап,оны басылым беттерінен көріп қуанып отырады. Бұл жас журналистердің шеберлігін шыңдау десек артық болмас. Бұдан бөлек ай сайын сыйлық тігілетін ойындар да баланың қызығушылығын оятады.

Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің жан серігіне айналған балалар басылымы дегенде ең алдымен ойға оралатыны – «Жас өркен» серіктестігі құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары.

Алғашында Пионер деген атаумен шыққан 15000 оқырманы, 87 жыл тарихы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық Ұлан газеті бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған. Сол сияқты,

«Ақ желкен» жасөспірімдергеарналған Республикалық әдеби көркем журнал. Таралымы– 8 мыңға жуық. Айына бір рет жарыққа шығады. Мектеп оқушыларының жазған мақалалары мен өлең жырлары жарық көреді.

«Балдырған» 1958 жылдан бастап айналымға шыға бастаған бастауыш сынып оқушыларына арналған журнал.Таралымы – 35 мыңдай. «Бала тілі бал», «Кел,ойнайық», «Жұмбақтар» сияқты айдарлары бар. Журналдың алғашқы редакторы - қазақтың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев. «Балдырған» журналында негізінен балаларға арналған шығармалар жарық көреді.

«Дружные ребята» орыс тілінде шығатын республикалық апталық балалар газеті.1933 жылы «Пионер Казахстана» деген атпен шығып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында жұмысын тоқтатқан.1957 жылдан бастап қайтадан шыға бастады.

«Айгөлек» журналы 2000 жылдан бастап жарық көре бастаған Республикалық журнал.Алматы қаласынан басылып шығады. «Халық қазынасы», «Оқушылар қаламынан», «Айгөлектің кітапханасы», «Есімде қалған есті сөз», «Спорт беті» бар.[7]

«А почему?» - Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған ғылыми-көпшілік, тарихи журнал 1991 ж. қаңтар айынан бастап жарық көре бастады. Беттерін парақтай отырып, оқырман қарапайым заттар әлеміне, табиғат құбылысына сапар шегеді, барлық ғылым саласы, техника, өнер бойынша білімдерін кеңейтіп, қолөнермен айналысуға мүмкіндік алады, ересектерге көмектеседі.

«Балбұлақ» журналы халқымыздың тарихы әдет ғұрпы салт дәстүрлері жайлы мағлұмат беретін Республикалық басылым [6]

«Костёр» - 9-14 жастағы балаларға арналған әдеби-көркем журнал. Мазмұны: өлеңдер, повестер, әңгімелер, балалар шығармашылығы, викториналар, тарих ,өнер, әзіл. Журнал 1936жылдан бастап айына бір рет жарық көреді.

«Мөлдір бұлақ» 15жылдық тарихы бар әдеби көркем журнал

«Маша и медведь» кішкентай окырмандар сүйікті кейіпкерлерінің бастан кешкен қызықты оқиғаларымен таныса алатын журнал.

«Ақ жұлдыз» балаларға арналған оқыту-дамыту журналы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар шығады.

«Балалар әдебиеті = Детская литература» Алматы қаласынан шығады.

Аталған газет журналдардың да тәрбиелік мәні зор. Баланың шығармашылығымен қатар, ой-өрісін, таным-түйсігін дамытады.

Мемлекеттік тапсырыспен балаларға арнап шығатын кітап-журналдардың таралымы 200 мыңнан аспайды. Мысалы, А. Сарсенбайұлы ақпарат министрі болып тұрған кезде әлемдік балалар әдебиетінің елу томдығын шығару қолға алынған еді. Соның 24- 25 томы ғана жарық көріп тоқтап қалды. Ал біз бұл таралыммен қай қазақ баласының қажеттілігін өтей аламыз. Бұл істі аяғына дейін жеткізу болашақтың еншісінде деп ойлаймыз. Балаларға арнап дүние жазудың қыр-сырын, бүгінгі хал-ахуалын біз балалар жазушысы Шәкен Күмісбайдың мына сөздерінен байқай аламыз: «-Өздеріңіз білесіздер еліміздің аумалы-төкпелі кезеңінде балалар әдебиетінің жағдайы қиындап кеткен еді. Әуелі күнделікті оқитын әдеби кітаптардан айырып еді, одан кітап дүкендері жабылды, қазақ кітаптарының басылымы азайды. Кейін нарық балалар жағдайын тіпті нашарлатты. Қаржы тапшылығынан балалар жазушылары жазғанын сандықтарына салды. Ал қала дүкендерін Ресей баспаларының кітаптары басып қалды. Қазақ балаларына арналған кітаптар "арпа ішіндегі бір бидайға" айналып кеткен еді. Бұл тірлік біздің жанымызға батты.

Балалары шетқақпай болғанды кім ұнатсын? Басылымдарда бұл мәселе үзбей жазылды. Телеарналарда естір құлаққа жетердей айтылды. Уақыт болса сынаптай сырғып өтіп жатты. Не істеу керек, деп басы Мұзағаң - Мұзафар Әлімбаев, Қадекең - Қадыр Мырзалиев болып қол қойып, жиырма шақты балалар жазушылары лауазымды, бақуатты шенеунікке хат жазып, бұрынғы "Жалын" бәйгесі сияқты әдеби конкурс ұйымдастыруға қаржы сұрадық. Онымен қоймай, сол кездегі Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігінен де қол ұшын беруді өтіндік. Бұл 2002 жылдың кешеу күзі еді. Өтініш айту оңай, оның орындалуының қиын екенін басқа түскенде біледі екенсің. Дүниеде күткеннен қиын нәрсе жоқ екен. Екі жылдан аса уақытқа созылған үмітіміздің оты сөнді. Бәрінен де кейбір азаматтардың "көрерміз" деп емексітіп, түптің- түбінде әр түрлі сылтау айтып шыға келгенін айтсаңшы. Қазір біреу жарылқайды деп қарап жататын заман емес. "Қазақ әдебиеті" газетінің 2005 жылғы 1 сәуіріндегі санында еліміздегі бизнеспен шұғылданатын барлық азаматтарға балалар әдебиетінің жайын айтып, 27 жазушы қол қойып үндеу жарияладық. Уақыт сырғып өтіп жатты, бірақ "балам" деп қол созған ешкімді көре алмадық. Пау, бұл қазақтың озық ойлы азаматтарына не көрінген? Балаларын неге ұмытты деп күрсіндік. Мұхаң - Мұхтар Әуезов: "Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жаһанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады" деген жоқ па еді? Ауқатты адамдардың алдына бардық, есігін қақтық. Шерхан Мұртаза айтқандай: "Қазақта байлар аз болмаған. Өтті, кетті. Мыңғырған малды, байлықты о дүниеге ала кеткен жоқ. Туған ел анаң ғой. Оның баласының бөтендігі бар ма? Өзіңде бола тұра оның көйлегі жамау-жамау бола ма?" ,- дедік. Ешкім селт етпеді. Аллаға тәубе, біздің жағдайымызды естіген кәсіпкер Бауржан Оспанов көмек қолын созып, күні бүгінге дейін балалар әдебиетінің жан ашыры болып келеді. Бауржан Оспанов: -"Балалардан ештеңе аямаймын, қазақ балалары Алпамысты, Қобыландыны білмесе ұят қой, қай еңбегімізді оқысақ та, тәлімге, тәрбиеге жетелейді, халықтың болашағы балалар емес пе?!", - деп балалар әдебиетіне қамқорлық жасап келе жатыр. Құдайға шүкір содан бері балалар әдебиетінің жалғыз бәйгесі өткізіліп келеді. Ол бәйге – балалар әдебиетіне арналған халықаралық «Дарабоз» байқауы деп аталады. Байқау Алматыда 2006 жылдан бері өтеді. Оны «ZHERSU" корпорациясының тікелей демеушілігімен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып келе жатыр. «Дарабоз» жабық әдеби байқауының басты мақсаты - жас өскіннің назарын өз кітабына аудару. Балалар жазушыларына қолдау көрсету арқылы жас ұрпақтың туған еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұлтжанды, білімді өскелең ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Оқырмандар байқауда үздік шыққан шығармалар жиынтығын «Кәусар бұлақ» сериясымен жарық көретін кітаптан оқи алады. Кітаптар шыққан соң қалыптасқан дәстүр бойынша республикамыздағы барлық кітапханаларға, мектептерге тегін үлестірілетін болады. Бәйгенің басқа бәйгелерге қарағанда ерекшелігі, ол жабық түрде өтеді, яғни қазылар алқасы шығармаларды кім жазғанын білмейді, онда тек бүркеншік есімі жазылады. Шығарманың жақсы жазылғанына қарай баға беріледі. Осы ретте айта кетейін, шығарманы қалай жазады, онда шаруамыз жоқ, өйткені соңғы кезде кейбірі мынау ескіше, анау жаңаша жазады екен деп жатады. Мен ондайға қарсымын, ең бастысы балаларға әсер етсе, балалар ойында тоқып қалса болғаны. Балалар әдебиеті негізінен танымдық дүние, тәлімдік, танымдық шығармалар болса болды. Сосын мұндай жабық бәйге танысқа алып беру, тағы да басқа жолдарға жол бермейді. Осылайша әділ болғанда нағыз үздік балалар туындылары шығады. Мұндай байқау жаңа туындылардың, шығармалардың келуіне біріншіден ықпал жасаса, екіншіден, жас жазушылар өз шеберліктерін осы байқауларда сынап, өз болашағына жол ашады, сонымен қатар жазушылардың жас ерекшеліктеріне қарамай, заманға сай жазылған үздік шығармаларды анықтайды. Бір қуаныштысы, биылғы бәйгеде бағын сынағысы келгендердің саны былтырғыға қарағанда көп болды. Елімізде балалар әдебиетіне айтарлықтай көңіл бөлінбей келеді десек те, осы байқаудан жас балалар жазушыларының ерекше ынта-ықыластарын, жігерлерін байқадық. Олардың бір-екеуі "Дарабоз" бәйгесін жеңіп алды. Осы бәйгеден кейін балалар әдебиеті "жас балалар жазушыларын қатарымызға қосайық, біздің қатарымызға қоспасақ жағдайымыздың қиын болып кететін түрі бар, олар балалар әдебиетінің келешегі ғой" деген ұсыныс көтерді. Ол мәселені көтеріп отырғандарының да жөні бар, өйткені қазіргі кезде балалар жазушыларынан отыздай-ақ жазушы бармыз. Осыған байланысты айта кетейін, өткен жылдары "Балалар бағының бағбандары " атты кітап шығарғанбыз. Ол кітапта біздің еліміздегі барлық балалар жазушылары енгізілген. Өмірден өткені бар, барлығы 111 жазушы кірді. Бүгінде олардың 3-4-еуі дүниеден өтті. Қатарымыздың азайып бара жатқаны өкінішті-ақ. Біраз қиындықтарды өткеріп, жетістіктерге жетіпсіздер, дегенмен бүгінгі күні сіздің пікірінізше, балалар әдебиетінің бет алысы қалай?-Жалпы жаман емес, ептеп-ептеп келе жатыр. Бұрынғы кездегідей құлдырап қалған жоқ, ақырын - ақырын кеудесін көтеріп келеді. Тәуба! Дағдарыс болып жатса да "Алматы кітап", "Аруна", "Балауса" баспалары балаларға арналған кітаптарды шығарып жатыр. [3]Дегенмен, айтатын біраз өкпе-реніштеріміз бар. Өркендеп жатырмыз дейміз, «балалар әдебиетін ғана басатын баспа ашып берсе қайтеді», деген ой мені мазалайды. Бізде балалар әдебиетін басатын арнайы баспа жоқ. Әрқайсымыз жүргеніміз, біресе ана баспаға, біресе мына баспаға жүгіріп. Арнайы өз баспамыз деп отырғаным - оның редакторы - балалар редакторы, суретшісі – арнайы балаларға арнап салатын суретші, қысқасы балалар кітабы қандай болуы керек екенін білетін мамандары болуға тиіс. Өйткені, басқа баспаларда балалар әдебиетіне жақын емес адамдар отырады. Қазіргі кезде орыс баспалары бүкіл Қазақстанды жаулап жатыр. Ал біздің баспаларға келсек, не көрінгенін білмеймін тендерлерде ең артында қаламыз ба, әйтеуір, ала алмай жүреміз. Біздің балалар әдебиеті баспасына кітап шығару жөнінде лоттары берілмейді, неге екенін түсінбедім. Биылғы жағдай мәз емес, өйткені шығатын әдебиеттер аз. Анау "Балауса" баспасында 50 томдық шет елдің классикасы шығып жатыр. Ал біздің Бердібек Соқпақбаевтың, Марат Қабанбайдың, сол сияқты жаңа шығып жатқан жазушы Өтепберген Ақыпбеков, Қаржаубай ағаларың сияқты ақын-жазушылардың кітаптарын шығарайық десек те шықпай қалады. Министірлікке тізімімізді тізіп алып барамыз, ол жақтан қайтіп келеді. Осындай жағдайларымыз бар. Негізінде айтарым, балалар әдебиетіне көңіл бөлмесек болмайды! Жалпы балалардың кітап, әдебиет мәселесі емес, "балаларға" көңіл бөлмесек ертеңгі күніміз не болмақ?!"Үлкеннің жүзіне бергенше, баланың біріне бер" деген бар ғой, сондықтан бұл мәселе жөнінде ойлану керек! Басқа елді қараңыздаршы "Бала" десе алақандарына салып ұстайды. Ал, біздер неге дұрыс қарамаймыз. Мен таң қаламын. Үлкен шығармаларды аз шығарса да, балаларға арналған кітаптарды көп шығару керек. Өкімет балаларға арналған кішкентай кітапшалар болсын, үлкен кітаптар болсын қазақ кітаптарын көптеп шығару керек."Қазақ әдебиеті" газетінде Арасанбай Үстеновтың бір мақаласы шығыпты. Өте жақсы жазылған екен. Мақалада Сатыбалды Нарымбетов деген режиссер қазақ балалар киносын жасауға материал жоқ депті. Неге? Мен оған келіспеймін. Несіпбек Дәуітаевтің "Алтын балық" деген повесі, гран при, бас бәйгені алған. Тіпті атақты "Томирис" туралы кітапты алайық, басқа да ертегі, ғұн туралы кітаптар дайын тұрған материалдар. Сол сияқты тағы да басқа авторлардың шығармалары киноға келеді. Бізбен сөйлессе, біз бірталай шығармаларды ұсынатын едік. Сосын, қазір балалар мен балалар жазушылары арасында байланыс жоқ. Бұрынғы кездері мектептерге көп шақырушы еді. Қазір ана мектеп жазушыларды шақырып жатыр дегенді естімеймін. [4.]

Қазақ балалар әдебиетінің ең жоғары деңгейде дамыған кезі – 1970- 1980 жж. арасы. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан республикалық жабық әдеби конкурс өткізіліп балалар әдебиетінің одан әрі ұлғаюына айрықша әсер етті.Сол бәйгеге қатысып, бағын сынаған жас талапкерлердің бір тобы бұл күнде белгілі қаламгерлердің қатарына қосылса, олардың көптеген шығармалары балалардың қолдан тастамай, сүйіп оқитын кітаптарына айналды.

Орыс балалар әдебиетінің көрнекті өкілі С.Михалков «Балаға күлкі

витамині қажет» деген екен. Оның пікірін С.Баруздин Сатира мен юмор – жаңа адамды тәрбиелеудің аса күшті құралы деп қолда,ан екен. Күлкі - әрине,

көңіл көтерудің,қызықтырудың бір тәсілі. Сонымен бірге балалар бойындағы

кемшілікті түзетумен бірге, мерез мінезді де күлкі түзейді. Журналист

туындысына күлкі, сатира , юмор енгізе отырып, тәрбиелік мәні зор дүние

бере алады. Кейде бала мінезін беру үшін жан-жануар , хайуанат

табиғатындағы тентектікті де әшкерелеуге болады. Бұл тәсілде жаза білу

тәрбиелік функцияны да атқара алады. Тәрбиенің осы өткір бір құралы –

балалар сатирасы бізде жоқ емес, бар. Алайда осы бар нәрсені көрсете алмай

келеді. Бұл осы жанрда қалам тербейтін журналист жоқтығының себебі болар, бәлкім?! Кезінде О.Әубәкіровтың «Солақайы»,т.б ақындардың сықақтық шығармалары бұқаралық ақпарат құралдарында біраз көрініс тапты да,кейін мүлдем жоғаклып кетті. Сатиралық шығармаларды, әсіресе балаларға арналғандарын басылымдарда жиі шығару керек. Кезінде «Балдырған» журналында « Солақай», «Ұлан» газетінде «Қисық айна», «Ала бала» сияқты сатиралық бұрыштар бар болатын. КЕйін жоқ деген оңай сылтумен ондай қажеттіліктерге көңіл аударылмай кетті. Ауызды қу шөппен сүрткенше, бар нәрсені іздеп тауып, пайдалану керек сияқты.[5.5]

Қорытынды

Шығарманы жазғанда ең бастысы, кішкентайлар ойы мен
түйсігін жан дүниеңмен сезіне білуің керек. Балаша ойнап, балаша ойлау -
қолына қалам ұстаған балалар жазушыларының абыройлы парызы. Осы жауапты міндетті ойдағыдай орындай алғанда ғана діттеген нысанаға қол жеткізесің. Әйтпесе, бәрі желге ұшқанмен барабар. Жеткіншектер жүрегіне ұялар жылы сөз оңай тумайды. Елең еткізер ойнақы да, ойлы өлең, тіл ұшына үйіріле кетер шымыр да, жұп-жұмыр тақпақ, ілкі мезетте қилы-қилы құбылыстарды бастан кешіргізер таңғажайып ертегілер, қиялыңды ұштар жұмбақтар мен жаңылтпаштар- қиыннан қиыстырар шеберліктің жемісі.

Балалар басылымдарында ойнатылатын түрлі конкурстардың санын көбейтсек,аудитория көлемі де ұлғаяр еді. Мұндай байқау жаңа туындылардың, шығармалардың келуіне біріншіден ықпал жасаса, екіншіден, жас жазушылар өз шеберліктерін осы байқауларда сынап, өз болашағына жол ашады, сонымен қатар жазушылардың жас ерекшеліктеріне қарамай, заманға сай жазылған үздік шығармаларды анықтайды. Мейрам сайын бола берсе гой дейтін демалыстар сияқты басылым беттеріндегі конкурс газет журнал қолданушыларының белсенділігін арттырар еді. Ақшалай сыйлықпен «дәметіп» қоймай бірінші орын мен екінші орынға «пәлен»айға тегін жазылу,үшінші орынға әдеби кітаптар берсе,әрі редакцияға жарнама дайын тұрады.

Балалардың интернетке тәуелділігі уақыт өткен сайын көбеймесе, толастамай тұр. Ендеше балалар басылымдарының интернет нұсқасының сапасын жақсартайық. Интернетке кіргеннен көзіне түскен мултьфильм кейіпкерлеріне әрбір кішкентайдың назары ауары анық. Осылайша,күнде әртүрлі кейіпкерлермен қызықты ертегілер жарияланып отырса,интернеттегі қолданысы артады. Және әрбір ертегінің аудио нұсқасын жариялап отырса,аналарға көмек болар еді.

Ертегі авторлары көптің таңдауы мен қалауына мән бергені жөн. Ер төстік пен Алпамыстың орнын «Тоботтар» алмастырған қазіргі уақытта бүлдіршіндердің қызығушылығы үшін «заманауи» ертегі кейіпкерлерін ертегіге енгізген жоқ. Бір бөлімінде мыстанды, екіншісінде сақаны қосып фантастикаға ерік берсеңіз,аяғында «көз үйренген» кейіпкерлерді қайта жарыққа шығарамыз. Яғни, ертегі жазудағы қиялыңызға ерік беріңіз.

Кемелді болашақ болу үшін кемелді білім беру жүйесі керек. Ал білім тек шыығарма оқумен толысады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ, «Жиырма бірінші ғасырға білімді дамыта алмаған адамнан мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз .... барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап, біз он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет»[5]. Қорыта келгенде, білімді ұрпақты көбейту үшін алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысын жақсартуымыз керек.

Бұл күнде мектеп оқушылары газет оқымайды десем артық айтқаным емес. Кiтап оқу мәселесiн мүлдем қозғамай-ақ қояйын. Әдебиет сабағында шығарма жазу тапсырылса, бiрден интернетке жүгiредi. Дайын нәрсенi көшiрiп әкеле салады. Оның үстiне басылымдарға деген көзқарас дұрыс жолға қойылмаған. Менiң ойымша, балалар проблемасын көтеретiн газеттер көп болуы керек. Мәселен, телеарналарды алып қарайықшы. Балаларға арналған бағдарламалар кездеспейдi. Оның есесiн тәрбиелiк мәнi жоқ күнделiктi телесериалдар толтырып тұр. Сериал бiттi-ау дегенде, екiншiсi дайын тұрады… Мұнда көрсетiлген адам өлтiру, зорлық-зомбылық жас баланың психикасына әсер ететiнiн барлық ата-аналар жақсы бiледi. Қазіргі таңда балалар әдебиетіне қарағанда жалпы адамзатқа мотивация беретін кітаптар шығару сәнге айналуда. Сонымен қатар бұл кітаптардың дәріптелуі мен таныстырылымы кең көлемде өтуде. Осы орайда мен мынадай өзіндік ұсынысымды білдіремін.

Ұсыныс:

  1. Балаларға арналған басылымдар саны мен олардың шығу тираждары көбейсе;

  2. Балаларға арнап шығармалар жазатын қаламгерлер мен үздік шығармалар кең көлемде дәріптеліп отырса;

  3. Ауыл-аймақ кітапханалары балалар әдебиеті мен балаларға арналған басылымдармен кеңірек қамтамасыз етілсе.






























Әдебиеттер тізімі:

1.Детская литература. Учебное пособие/под ред. Николаева С., Арзамащева И.Н., М.: Академия, 1997. –41стр.

2.Назарбаев Н.Ә. Туған тілім- тірегім. – Алматы, Рауан, 2001. – 128б.

3. Сәрсенбаев Е. Тісін қайраған қабан. – Балдырған// №6. маусым. 2006. – 18-19бб.

4. Әміреұлы М. Сыр мектебі. – Қызылорда, 2008. –8-13бб.

5. Жүзеев С. Сыр ұланы// 2012 жыл, қыркүйек №1(1)

6.https://adebiportal.kz/kz/news/view/balalar_adebietinin_bugingi_beinesi__20094

7.egemen.kz: https://egemen.kz/article/238360-balalar-adebieti-bulynhghyr-bolashaq

8. Айгөлек // балалар журналы №5 (154) 2013ж

9.Балбұлақ // балалардың республикалық журналы №12 -2013ж

10. Балдырған журналы №12- 2012


















Теректі негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Төлегенова Айжанымның «Балалар басылымының бүгінгі бейнесі» тақырыбында жазылған ғылыми жобасына

Пікір

Мерзімді баспасөз – қоғам айнасы. Айналадағы болып жатқан құбылыстар мен жаңалықтарға өзіндік үн қосып, бұқараға бағыт сілтеп отыратын баспасөз балаларға арнап не жазып жүр? Деген сауал төңірегінде оқушы бүгінгі басылымдарда кеткен кемшілік тер мен ол басылымдардың жетістіктері туралы кең көлемде жаза білді. Жоба жазу барысында балаларға арналған басылымдарды жинап, іздеп кеңірек танысуға тырысты. Акыл, мектеп кітапханаларынан бүгінгі күні шығып жатқан басылымдармен кездеспеген соң, « ауыл-аймақ кітапханалары балалар әдебиеті мен балаларға арналған басылымдармен кеңірек қамтамасыз етілсе» деген өзіндік ұсынысын білдірді. Қазіргі қоғамда балалар әдебиетіне қарағанда жалпы адамзатқа мотивация беретін кітаптар шығару сәнге айналуда. Сонымен қатар бұл кітаптардың дәріптелуі мен таныстырылымы кең көлемде өтіп жатқанына назар аудара отырып «балаларға арнап шығармалар жазатын қаламгерлер мен үздік шығармалар кең көлемде дәріптеліп отырса» деген ұсыныс білдірді. Мен оқушымның бұл жобасы бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі деп есептеймін. Осы орайда оқушы жобасын байқау,а ұсынуға болады деген пікірімді білдіремін .






Жетекшісі:

Теректі негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалмұқанова Аяжан







Picture 1

11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ