ОӘК 808.543
БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК-ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балабекова Л.Г., Койайдарова Б.М., Оспанова
Н.К,
(«Болашақ» академиясы, Қарағанды
қ.)
Қазіргі таңда қазақ елі саяси-экономикалық,
әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Бұл
орайда білім беру жүйесіне бірсыпыра өзгерістер енгізілуде. Жас
ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік
құралдары жасалып, балалар бақшасына енгізілді. Мұндағы басты
мақсат – болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты
дамыған тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер Қазақстан
Республикасының Конституциясында, «Тіл туралы» Заңында, «Білім
туралы» Заңдарында және т.б. атап көрсетілген
[1].
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»
Заңында «ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құру
қамтамасыз етіледі» деп, оқу-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді
балабақшадан бастау керектігін атап көрсетті. «Білім туралы» Заңның
23-бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспалдағы,
балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған
[2].
Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың
ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау –
оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын
тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу
мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі процесс. Ол
жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге
асады.
Сонымен қатар, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: «... біз тарихи
ескерткіштерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәрбиелеуді мектепке
дейінгі кезеңнен бастап үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы
арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке,
патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», дей келе, «бәріміз де бала
кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен
сусындап өстік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырын оқымаған қазақ
баласы жоқ шығар деп есептеймін»,-деген
болатын.
Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты
ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып,
соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту
көзделіп отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім
беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгермелі әлемде
талапқа орай бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен
дамуы үшін жағдайлар жасауда. Ғалымдар жүргізген көптеген
психологиялық және педагогикалық зерттеулер мектепке дейінгі
жастағы балалардың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциялық
дамуын анықтаудың педагогикалық шарттарын нақтылау екендігін
дәлелдеді [3].
Халқымыз бала тәрбиесіне ерте бастан-ақ ерекше
көңіл бөлгені, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін басты назарда
ұстағы белгілі. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы,
алғашқы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ашылуы, олардың дамуы,
аталған мекемелерде тәрбие беру үдерісін ғылыми-педагогикалық
тұрғыдан ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту,
тәрбиелеу мәселелері Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Н.Құлжанова сынды азаматтардың еңбектерінде ұсынылғаны
белгілі.
Мектеп жасына дейінгі баланың
коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерінің қалыптасуы және оның
дамуы адамгершілік тәрбиесінен өрбиді. Мектеп жасына
дейінгі
баланың адамгершілік тәрбиесінде көркем
шығармалар мен ауыз әдебиетін пайдалану бойынша ғалымдар өз ойларын
қосқан.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, олардың
білім алуы және дамуы жайлы теория мен практикалық тәжірибе баланың
әлеуметтік дамуы мәселесімен байланысты болып келеді. Биологиялық
индивид әлеуметтік субъектіге айналып, әлеуметтену үдерісі
барысында оның маңызды болып табылатын жеке тұлғалық қасиеттері
қалыптасады. Соның негізінде биологиялық индивид әлеуметтік топтар
құрамына кіре отырып, қоғамда орныққан құндылықтарды, қолданыстағы
заңдылықтарды, қалыптасқан әлеуметтік нормаларды, озық
салт-дәстүрлерді, мінез-құлық үлгілерін игереді, сол арқылы өмір
сүріп отырған қоғамға кірігуі жүзеге асатыны
белгілі.
Адам әлеуметтік ортаның мүшесі болғандықтан,
өмірінің алғашқы айынан бастап айналасындағы адамдармен
қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігін бастан
өткереді.
Қарым-қатынас күрделі де көп қырлы әрекет,
сондықтан адам баласына алдыңғы аға буын жинақтап жеткізген
әлеуметтік тәжірибені игеру үдерісінде қажетті білім мен білікті
қажет етеді. Оның ішінде коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерінің
жоғары деңгейде қалыптасуы адам баласының кез-келген әлеуметтік
ортаға бейімделуінің кепілі болып табылады. Аталған мәселе әртүрлі
тұрғыда зерттеліп, педагогика ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес
қосқаны белгілі жайт.
Коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктің қалыптасуы
қабілеттің қалыптасу маңыздылығының баланың мектепте білім алу
кезеңіне өту барысында аса ерекше орын алатындығын М.И.Лисина,
Е.Е.Кравцова, Г.Г.Кравцов, В.А.Петровский, А.Г.Рузская еңбектерінде
анықтаған.
Мектепке дейінгі жастағы баланың жас
ерекшеліктеріне тән өзіндік құндылығын мойындауға, оған жеке
тұлғаның маңызды даму кезеңі ретінде қарауға, сондай-ақ әр баланың
қоршаған ортадағы өзге адамға жеке бағдарлануымен, олармен
қарым-қатынасын жүзеге асыру ретінен хабардар болуымен, әртүрлі
іс-әрекетте белсенділік танытуымен ерекшеленетін өмірлік жолын
таңдау мүмкіндіктерін кеңейту міндетін анықтап беруге мүмкіндік
туды.
Баладың өзгелермен қарым-қатынасқа түсудің
қарапайым түрінің тапшылық етуі оның құрдастарымен және үлкен
адамдармен өзара іс-әрекетінде үлкен қиындықтар туғызатыны сөзсіз.
Олардың қорқыныш сезімдері артып, білім алу үдерісіне үлкен нұқсан
келтіреді. Міне, сондықтан коммуникативтік-тілдік
құзыреттіліктерінің қалыптастыру мектепке дейінгі кезең мен
бастауыш мектепте білім беру кезеңінің сабақтастығын қамтамасыз
етудің басымдылығы, оқу әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етудің
қажетті шарттары әлеуметтік жеке тұлға дамуының маңызды бағыттары
болып табылады.
Осы кезге дейін бала тәрбиесіндегі бір жақтылық,
арнайы қабылданған нормативтерге бағыну, мойынсұну; баланың жеке
тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аудармау; әлеуметтік
белсенділікті шектеу сияқты кедергілер баланың эмоционалдық
реакциясын бәсеңдетіп, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі таныту
мүмкіндіктерін төмендетті.
Мектепке дейінгі балалық шаққа деген көзқарастың
өзгеруі жұмыс мазмұнын, формалары мен әдістерін қайта қарастыруды,
білім беру үдерісін ізгілендіру мен үлкен адам мен баланың өзара
іс-әрекеті үлгісінің талаптарына жауап беретін жаңа әдістерді
қарастыруды талап етеді. Жаңа әдістер баланың өзін іс-әрекеттің
субъектісі екендігін түсінуіне, психологиялық тұрғыдан қолайлы
жағдай аясында екенін сезінуіне мүмкіндік беретін даму деңгейімен
қамтамасыз етуге бағытталады.
Дегенмен, мектепке дейінгі жастағы балалардың
коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесінің
зерделенуіне және психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде
коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерді қалыптастырудың жағдайына
сипаттама жасай келе, аталған аспектілердің толық ашылмағандығын
анықтадық. Атап айтқанда, коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктің
қалыптасуы, оның өлшемдерінің және көрсеткіштерінің мектеп жасына
дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес қалыптасуының мазмұны
жеткілікті зерттелмеген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруды оқу-тәрбие
үдерісіне енгізудің бірізділігі, ойын-сабақта және ойын сабақтан
тыс уақыттарда аталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру түрлері толық
анықталмаған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заман
талабына сай жалпы адамзаттық қасиеттерді меңгерте отырып, олардың
зияткерлік деңгейін арттырудың, жеке тұлға ретінде өзін-өзі тану
мен жанындағы балаларды бағалаудың, қарым-қатынас коммуникациясын,
қарым-қатынас этикасын, тілдік мәдениетін қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтау аса
қажет.
Сонымен бірге, қазақтың ойшыл ағартушы ғалымдары
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов,
балалар ақын-жазушылары – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ө.Тұрманжанов,
М.Әлімбаев, Қ.Мырзаәлі және т.б. еңбектері отбасында, балабақшада
балалардың рухани байлығын молайтудың пәрменді құралы ретінде
пайдаланылып келе жатқаны тарихи шындық. Баланы мектепке дайындауда
көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой түйіндеген Ресей
психологтары В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин, Л.С.Выготский,
А.В.Запорожец еңбектерінің алатын орны
зор[4].
Қазақстан Республикасының көлемінде балалар
әдебиетінің дамуы туралы С.Қалиев, Ш.Ахметов, Ә.Табылдиев,
К.Нұғыбаева, Б.Ыбырайымов, С.Рахметова және т.б. еңбектерінде оқыту
және тәрбиелеу үрдісіндегі тәлімдік және білімдік мәні, әдеби
шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде келелі
ой қозғалады. Қазіргі таңда Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова,
М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқованың және т.б. ғалымдардың еңбектері
бар.
Десек те, балалардың коммуникативтік-тілдік
құзыреттілігін қалыптас- тырудың мүмкіндіктері мен оларды мектепке
дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі
жағдайымен, бүгінгі қоғам сұранысына сай балалар фольклоры арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік
құзыреттілігін қалыптастырудың өзектілігі мен оны пайдаланудың
ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелерінің жоқтығы
арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сондықтан, бұл қайшылықтардың шешімін табуда
біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мәселесі балалар фольклоры
арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік
құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік
жолдарын қарастыру болып табылады.
Бүгінгі күнде мектепке дейінгі білім беруді
дамытудың негізгі бағытының бірі – бала дамуына қажетті кеңістікті
құру және баланың жеке дамуына кешенді басшылық ету. Баланың
әлеуметтік ортада өзін-өзі танытуына, дамытуына, сол ортада
қалыптасқан тілдік мәдениет коммуникациясын қалыптастыруға
бағытталған жүйелі жұмыстың алғашқы көшін мектепке дейінгі кезеңде
бастау керектігі белгілі жайт.
Бала өмірінің алғашқы алты жылы – денсаулықтың,
ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері
қаланатын өте маңызды кезең. Мектепке дейінгі шақ – қоршаған
дүниені белсенді түрде танитын кез.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың психикалық және
тұлғалық қасиеттері дамиды, іс-әрекеттің түрлі де кең түрлерін
белсенді түрде игере бастайды. Дәл осы шақта баланың өзіндік санасы
мен өзінің іс-әрекетіне баға беру қабілеті қалыптасады, алғашқы
әлеуметтену кезеңінің есігі ашылып, бала мәдениет әлеміне, жалпы
адами құндылықтарға, адамдар әлемімен, заттармен, табиғатпен және
өзінің ішкі әлемімен қарапайым қатынастар орнатады. Белгілі бір
іс-әрекетке қатыса отырып, мектеп жасына дейінгі бала жас
ерекшелігіне сәйкес білімді, біліктер мен дағдыларды игеріп, өз
мінезінің ерекшелігін байқатады, психика мен мінез құлқының жеке
жақтарын дамытады [5].
«Балалар фольклоры арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру»
жұмыстың негізінде төмендегідей қорытынды
жасалды:
1.Бүгінгі таңда балалардың тілдік-коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде
халықтың ауызекі шығармашылығының бірі – халық ертегісі арқылы
қалыптастыру жаңа қоғамның сұранысынан, үкіметтің талабынан туындап
отыр.
2.Философия, психология, педагогика ғылымдары
саласында жарық көрген еңбектерге жасаған талдау қарастырылып
отырған проблеманың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын
дәлелдейді.
3.Ғылыми-әдебиеттерге жасаған талдау
«құзыреттілік», «тілдік-коммуникативтік құзыреттілік»,
«қызығушылық», «танымдық қызығушылық» «педагогикалық шарттар»
ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық
сипатын ашуға, сондай-ақ зерттеу пәніне байланысты өз анықтамамызды
беруге түрткі болды.
4.Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз
әдебиетіне танымдық қызығушылықтың психологиялық құрамы:
эмоционалдық, интеллектуалдық және еріктік процестің бірігуінен
және компоненттерден тұрады.
5.Балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын
қалыптастыру адамның жас кезеңдеріне қарай жетіліп, дамып отырады,
өзіне тән мазмұндық сипаты, ерекшеліктері болады. Мектеп жасына
дейінгі балалардың тілінің даму мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін,
функцияларын, шарттарын жан-жақты негіздеп көрсету олардың қазақ
ертегілерін меңгерудегі мүмкіндіктерін алдын ала айқындауға
көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1 Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
//Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.
2 Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
//Егемен Қазақстан 14 желтоқсан
2010ж.
3 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
–Астана: Ақорда, 2007. -№ 319 – ІІІ
ҚРЗ
4 «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды
оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама.
Астана-2010,-114б.
5 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың тәрбиелеу тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 1995ж., №
1
Заявка на участие в
конференции
Ф.И.О. Жанысбаева Роза
Мазраповна.
Организация, должность - ЧУ Академия «Болашак»,
г.Караганда, старший преподаватель
(Студенты гр. зДОВ-15-2с Койайдарова Бекзат
Муратовна, Оспанова Назым
Кабдуллаевна)
Ученая степень, звание - старший
преподаватель
Адрес (полный) г.Караганда, Степной 3 дом 7 кв
110
________________________________
Телефон автора (дом., служ.)87010771214
_________________________________________
Электронный адрес автора lyaka1982e@mail.ru
____________________________________
Тема доклада «Балалар фольклоры арқылы мектеп
жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін
қалыптастыру»
_____________________________________________________________________________
Секция (указать номер и название)
3.Педагогическое сопровождение дошкольного и школьного
образования.
_____________________________________________________________________________
Наличие оргвзноса (№ платежных поручений, по
прибытии)___есть______________________
Необходимость бронирования номера в гостинице
_____-___________________________
Дата________________13.01.2017________________________
Подпись