Балалар жол-көлік жарақатының алдын
алу
Балалар
жол-көлік жарақаты айқын білінетін маусымдық және уақытша сипатта
болады. ЖКО-ның негізгі бөлігі мамырдан бастап маусым, қыркүйек
айларында, яғни, балалар қараусыз қалған каникул кезінде
тіркеледі. Ата-аналар әрдайым балалары қашан шығады, қайда
және қалай өз уақыттарын өткізетінін біліп отыруы тиіс. Ата-аналар
өз балаларының қауіпсіздігі үшін жеке жауапты болатынын есте ұстауы
тиіс. Ата-аналарға ата-аналар жиналыстарында ескерту жұмыстары
уақытымен жүргізілсін
Балалармен болатын ЖКО-ның жалпы саны аптаның соңғы күндері
– жұмадан бастап жексенбіге келеді. Тіпті демалыс күндері
АТА-АНАЛАР ҮЙДЕ БОЛҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ ДЕ, БАЛАЛАР БӘРІБІР ӨЗ БЕТІМЕН
БОЛАДЫ. ЖКО-ның негізгі бөлігі 17-тен 19 сағатқа дейінгі аралықта
болады. ЖКО бойынша мектебімізде жоспарлы түрде түрлі тақырыптарда
тәрбие сағаттарымен ата-аналар жиналыстарында қаралып іс-шаралар
жүгізілуде.
ЖКО-ның ең жоғары өлімі жолдың жарықтандырылмаған
бөлігінде байқалады. Жаңбыр мен тұман жағдайында болған ЖКО, ауыр
салдарларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ 75 % артық ЖКО, ауа
райының ашық күндерінде болады.
Балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері,
төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып
табылады:
жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен
өтіп кету;
рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп
өту;
реттеу дабылына
бағынбау;
тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты
жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып
кету;
тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің
бойымен жүру;
көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін
бөлігінің бойымен жүру;
жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу
ойнау.
Ең
ауыр ЖКО себептері – көліктің жол үсті қозғалысы бағытындағы жол
жүру бөлігінде балалардың жүруі. Бір жақты жолдың жүру бөлігінің
шетімен жүруге жаяу жүруші жолы, тротуар, жолдың жиегі болмағанда,
жүргізушілер жаяу жүрушіні көре алатындай, жолдың бойымен және
көлікке қарсы емес, ал жаяу жүруші – қауіпті дер кезінде
байқайтындай рұқсат етіледі.
Ата-аналар балаларына көліктер қатты жүріп жатқан жолға
үлкендердің алып жүруінсіз балалардың жүруіне болмайтынын
түсіндіріп отыруы тиіс. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп
өтуге болмайды. Бағдаршам немесе жаяу жүруге арналған жолдар бар
жерден ғана жолды кесіп өтуге
болады.
Күрделі жол жағдайында баланың пайда болуы –
ЖКО-ның алғы шарттары. Мектеп оқушысының шектен тыс өз бетімен
болуы ЖКО ықпал етеді, ал бұл әрдайым ата-аналардың дұрыс қарамау
және көшеде және жолдардағы қауіп-қатерге ұқыпсыз қараудың салдары
болып табылады.
Өз
жасының күшіне қарай оқушы қауіп-қатерді сезіне бермейді, жол жүру
бөлігіне олар абайсызда атып шыққанда жүріп келе жатқан көліктің
бірден тоқтай алмайтынын біле бермейді. Осыны түсінбейтіндіктен
балалар қоршау арқылы жолға шығады, жолға жақын ойнайды,
бағдаршамның қызыл немесе сары түсті дабылына жүре
салады.
Ережеге сәйкес ата-аналар балаларды, әсіресе
кішкентай сыныптың балаларын мектепке апарып, әкелуі тиіс. Мектепке
дейін қандай қауіпті жерлер бар екендігін және өздерінің баласы
үшін қандай анағұрлым қауіпсіз маршрут таңдап алатынын білуі
тиіс.
Мұғалімдер де үнемі ата-аналарды ЖКО ықпал
ететін, себептер мен жағдайларды бірлесіп жоятындай, мектеппен
ынтымақтастыққа болуға шақыруы тиіс.
Баланың ЖКО-ға түсуі – тіпті бала тірі қалғанда
және күрделі жарақат алмаса да әрқашан трагедия, өйткені, қатты
психологиялық соққы өмір бойы қалып қалуы
мүмкін.
Сондықтан ата-аналар апат пен жазатайым
жағдайлардың ықтималдығын және олардың алын ала білуі
тиіс.
Жоғары қауіп-қатер аймағы қоғамдық көлік болып
табылады: көлік келіп тоқтағанда баланың қасында болыңыз. Көлік
күтіп тұрғанда, адамдармен бірге жақсы жарықтандырылған жерде,
әрдайым баланың қолынан ұстап тұрыңыз. Аялдамада жолға арқаңызбен
бұрылмаңыз, баламен жайбарақат тұрған топты адамдардың алдыңғы
қатарында тұруға тырыспаңыз – сізді доңғалақтың астына итерип
жіберуі мүмкін, көлікке кірер алдында үш жасқа дейінгі баланы
көтеріп алып және түскенде де солай істеу
керек.
Көше, жол және көліктегі ата-аналардың жеке бас
тәртібі балалары үшін үлгі екенін есте ұстаған
маңызды!