Материалдар / Балалардың церебральді сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілі бұзылыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың церебральді сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілі бұзылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың церебральді сал ауруы кезінде балалардың көбісінде сөйлеу тілі бұзылыстарының ішінде көп кездсетіні дизартрия церебральді параличтің резидуальдік фоныныда 85% балаларда байқалады. Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
1885
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың церебральді сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілі


Каримова Г.К., Алматы қаласы №5 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектолог-логопед маманы

Балалардың церебральді сал ауруы кезінде балалардың көбісінде сөйлеу тілі бұзылыстарының ішінде көп кездсетіні дизартрия церебральді параличтің резидуальдік фоныныда 85% балаларда байқалады. Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы.

Негізгі клиникалық белгілері: бұлшық еттердің тонусының бұзылуы;

артикуляциялық моторикасының бұзылуы;

дауыстың бұзылуы;

тыныс алудың бұзылуы.

Балалардың мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай тұрғанда пайда болады. Сондықтан онтогенездің барысы бұзылады уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш пайда болады. Қазіргі кезде балалардың церебральді сал ауруы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыру мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Зерттеушілердің көбі балалардың дизартриясын келесі түрлерге бөледі:

- спастикалық-паралитикалық;

- спастикалық-регидтік;

- гиперкинетикалық;

- атактикалық.

Спастикалық-паралитикалық дизартрия бұл екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдануы салдарынан болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады.

Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі:

Спастикалық түрі. Негізгі белгісі – бұлшық еттерінің тонусының қатаюы.

Паретикалық түрі. Негізгі белгісі – бұлшық еттерінің тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің тонусының төмен, бос болуы.

Гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісі – бұлшық еттерінің тонусының қатаюы мен еріксіз қимылдар жатады.

Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге бөледі: Жеңіл түрінде: ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана анық айтылмайды. Орташа деңгейде: көптеген дыбыстар бұзылып айтылады. Ауыр түрінде: сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық еттерінде көптеген синкинезиялар байқалады.

Паретикалық түрінің негізгі синдромы сөйлеу мускулаттарының спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады. Қандай бұлшық еттердің солғын параличпен зақымдалуына байланысты жұмсақ таңдай салбырап қалуы мүмкін, ол дауыстың мұрыннан шығуына әкеледі. Солған параличтер ерін бұлшық еттерінде кездессе, онда еріндік дыбыстар (П,Б,М) дауысты дыбыстар (И, Ы, У) бұзылуы мүмкін. Саливацияда байқалады.

Гиперкинетикалық түрінде пирамидалық жолдардың зақымдалуымен қоса ми қыртысы астындағы ядролар мен оның байланысы бұзылады. Бұлшық еттердің тонусының қатаюы тремор мен бірге байқалады. Дизартрияның бұл түрінде сөздің жаттықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің просодикасы бұзылады. Дизартрияның бұл түрінде сөздің жаттықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің просодикасы айтарлықтай бұзылады көбінесе анартрия кездеседі.Дизартриясы бар балалардың артикуляциялық моторикасының бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы байқалады. Үшкіл нервтің төменгі бөлігімен, бет, тіл асты және тілжұтқыншақ нервтерінің инервацияланатын үшкіл нервтің қызметі бұзылғаны төменгі жақ сүйегінің қимыл көмегінің шектелуінен көрінеді. Бұл балалардың қимыл қозғалыс көлемі шектелген. Бұндай балаларда дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Көбінесе ысқырық, ызың және сонорлардың бұзылуы байқалады. Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші реттік сипат алады, өйткені баланың анық емес сөйлеу тілі анық естіп қабылдауын және бақылауының қалыптасуына ықпал етпейді. Сөйлеу тілінің лексика – грамматикалық құрылымының қалпы: балалардың белсенді сөз қорында барлық сөз таптары кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда жалпылама түсініктері бар, жаңа сөздерді құрастыра алады. Сонымен қоса бұл балаларда оқуы мен жазуында көп қателері кездеседі. Оқушылардың жазуындағы қателерді мына критерийлер бойынша талдау барысында анықталады:

  • фонематикалық қабылдауының жетілмеуіне байланысты қателер (дауыссыздарды шатастыру);

  • фонематикалық талдау мен жинақтаудың қалыптасуына байланысты қателер(дауысты дауыссыз дыбыстарды тастап кету, әріп пен буындардың орнын ауыстыру, буындарды қайталау);

  • сөйлем құрылымын талдаудың қалыптасуына байланысты қателер (сөздің бөлініп жазылуы, бірге жазылуы, жалғау, жұрнақ бөлек жазылуы);

  • мәтіннен сөйлемдерді бөле алмауына байланысты қателер (бас әріпті бөлмеуі, сөйлем соңында нүкте қойылмауы);

  • оптикалық сипаттағы қателер (оптикалық ұқсас әріптерді шатастыру, әріптерді керісінше жазу);

Оқу және жазбаша сөйлеу тілін түзету жұмыстары:

Оқуын түзету жолдары:1. дыбыстық – әріптік белгілеуін меңгеру; 2. буындап оқу; 3. оқудың синтетикалық әдісінің қалыптасуы; 4. синтетикалық оқу; 5. Ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағының қалыптасуы, лексика – грамматикалық құрылымы, талдау мен жинақтау, жинақтау және жалпылауының жеткілікті дамуы жатады.

Жазбаша сөйлеу тілін түзету жұмыстарына: 1. Кеңістікті бағдарлауын қалыптсатыру. Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықттауға арналған жаттығулар сөдің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз болады. Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта жүреді: өз денесін бағдарлауы, оң сол дене мүшелерін ажырату;

қоршаған кеңістікті бағдарлауы. 2. Уақытты бағдарлауы. Негізгі жұмыс бағыттары: уақыт өлшемі туралы негізгі түсінігін анықтау, адамның жас мөлшері, әр түрлі іс – әрекеттің, болған оқиғаның кезектілігін бақылау және анықтау. 3. Көріп қабылдауын және танымын қалыптсатыру. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балаларда көріп қабылдау, көргенін есте сақтау оптикалық ұқсас формаларды ажыратуқиындықтары кездеседі. Бұл қиыншылықты түзету жұмыстары мына бағытта жүреді:

- көріп қабылдауын танымын қалыптастыру;

- көріп есте сақтауын дамыту;

- көріп талдау және жинақтауын дамыту.

4. Баланың сукцессивті қабілетін дамытуға арналған жаттығулар: қимыл, кеңістік, уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске асыруға бағытталған.

5. Фонетикалық деңгейдегі жұмыс екі бағытта жүргізіледі:

- сөздің дыбыстық құрамын талдау (жай түрінен күрделіге қарай);

- фонетикалық қабылдауын яғни ұқсас фонмаларды ажырату.

6. Акустикалық – артикуляциялық ұқсас дыбыстарды ажырату. Бұл бағыттағы жұмысты алдымен ұқсас дауысты дыбыстардан бастап, содан соң ұқсас дауыссыз дыбыстармен жалғастыру керек. Жұмыс барысында кейбір төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады:

- дауысты дыбыстардың артикуляциясын салыстырып ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.

- алдымен буындарды оқу, сосын жатқа жазу.

- айтылуын, мазмұнын салыстыру;

- керек сөзді тауып сөйлемді жазу.

7. Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату. Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату жұмысы сурет, геметриялық фигура, музыкалармен іс – әрекет жасай отырып көріп қабылдауын, кеңістікті бағдарлауын анықтауын басталады.

8. Фонематикалық талдау және жинақтауын дамыту.

9. Фонетикалық талдаудың күрделі түрін дамыту. Дыбыстық талдаудың күрделі түріне сөз құрамындағы фонемалардың кезектілігін, оның санын, басқа дыбысқа қатысты орнын анықтау жатады.

10. Сөз деңгейіндегі түзету жұмысы. Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі міндеттері:

1. Жаңа сөздерді, олардың мағынасын меңгеру негізінде сөз қорын молайту.

2. Сөз қорын сапалы молайту (сөздің, сөз мағынасын, астарын түсіну негізінде)

3. Сөз қорын дөрекі, жаргонды сөздерден тазарту.

11. Синтаксистік деңгейдегі түзету жұмысы.

12. Грамматикалық деңгейдегі түзету жұмысы: сөз тіркестері, сөйлем, сөйлемнің байланысы, септік жалғаулар, сөйлемнің түрлері.

Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Оқушылардың сөйлеу тіліндегі кездесетін қате тіркестерін түзету, сақтандыру, саналы түрде сөйлем құрауын игеру.

  2. Синоним, амоним, антоним сөздермен синтаксистік құрылымдармен таныстыра отырып оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Түзету жұмысының негізгі бағыттар:

- сөз тіркестері мен сөйлем құрау;

- көпшіл жалғаулар арқылы сөз өзгерту;

- септік жалғаулар;

- сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау.

- жалғау және жұрнақтар мағынасын анықтау, дұрыс пайдалану.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!