Материалдар / Балалардың жарқаттанудың алдын алу,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың жарқаттанудың алдын алу,

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемеде балалар жарқаттарының алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсетулер мен ескертулер туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Тамыз 2021
342
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арайлым» бөбекжай балабақша МКҚК

тәрбиешісі Ауесханова Балакыз Бейсебековна



Балаларды түрлі жарақаттан алдын алу


«Арайлым» бөбекжай балабақшасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының алдын алу мақсатында ата-аналар мен онлайн семинар жұмыстары жүргізілді.

Дүниеге келген сәби – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Барлығымыз бала болдық, ата-анамыздың арқасында ер жетіп, аман - есен өмір сүрудеміз. Ал қазір, басты міндет, ол балаларымыздың дені сау болып, дұрыс азамат болып жетуіне қажетті жағдай жасау. Әрбір отбасында сәби дүниеге келгенде, үй базарлы болып, балалар шулап, жүгіріп, ал жүгірген бала құлап, жарақат алуы мүмкін.

Жарақат – бұл бір сәтте, адам ағзасына әртүрлі сыртқы жағдайлардан әсер ету, бұл әсер адамның дене құрылымына және дене қызметіне зақым келтіреді. Жарқаттардан ешкім алдын ала сақтана алмайды, сондықтан балалық шақта алған жарақаттар денсаулыққа күрделі, әрі ауыр нұқсан келтіреді.

Бала жарақаттануы – өзекті мәселе, егер Сіз балаңызды қауіпсіз ережесіне үйретсеңіз, көптеген жарақаттанудың алдын-алуға болады. Жарақаттануды ескерту – тек дәрігердің, тәрбиешінің ғана міндеті емес, ең бастысы ата-аналардың да міндеті.

Бала жарақаты әртүрлі жағдайлар мен себептерге байланысты болады. Сондықтан, негізгі назар балалармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға аударылуы тиіс. Соғылу, сыну,шығарып алу және т.б. сияқты жарақаттар аяқ асты орын алады. Балалар ең алдымен қоршаған ортаның қолайсыздығы, көңіл бөлмеу, қамсыздық, асығыстық, жол ережелерін сақтамау, көшеде, үйде, ойын кезінде, күнделікті тұрмыста бала тәртібінің дұрыс болмауының және т.б. салдарынан жарақат алуға тап болады.

Жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен қоршалуы тиіс.

Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі.

Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ және шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс.. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Жарақаттанудың алдын алуды балабақшадан бастау керек: қажетті кітаптар оқу, бейнефильмдер көру, әңгімелесулер, арнайы сабақтар өткізу, тиісті ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру жұмыстарын өткізген дұрыс.

Жолдан өту кезінде баланың қолынан ұстап өту керек. Бала көшеге шыққан кезде, оған жан-жағына қарауды, жолдан өту ережелерін сақтауды жиі ескерту, үнемі бекітіп отыру керек. Серуендеу кезінде балалармен ең кемінде екі ересек адам бірге болуы тиіс Жарақаттарға байланысты шұғыл жағдайларда ересектердің де өздерін дұрыс ұстағаны жөн. Үлкендердің мінез-құлқы балалар үшін үлгі екенін ұмытпаңыздар! Балалардың жарақат алуының басты себебі – ата-аналардың туындаған жағдайға немқұрайды қарауы, тиісті көңіл бөлмеуі. Ересектер арасында кездесетін қателіктер – терезелерді жаппау, қауіпті заттарды қол жететін жерде қалдыру, балаларды қараусыз қалдыру.

Сонымен, балалардың жарақат алуын болдырмау, оның алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау – ата-аналар мен балаларға жауап беретін тұлғалардың (тәрбиешілер, күтушілер, оқытушылар, ағалар, апайлар және т.б.) негізгі мақсаты болып табылады. Әрине, біз 100% пайыз балаларымызды жарақаттардан және  бақытсыз жағдайлардан толықтай сақтай алмаймыз, алайда біз негізгі алдын алу шараларын білуіміз және орындауымыз қажет. Баланы ерте жастан қауіпсіздік шаралырына үйрету міндет.

Кішкентай сәбилерді жалғыз өзін және қараусыз мүлдем қалтыруға болмайды. Әрқашан өткір заттар, химия, қайнатылған ыстық су, от және басқа қауіпті заттарды баладан алшақ ұстаған жөн.

Жарақат салдарын емдеуден гөрі, балалардың жарақатын болдырмау анағұрлым жеңілірек түседі.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!