№31 «Күншуақ» балабақшасының
логопеді
Ямалетдинова Жулдуз
Юлайевна
«БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ
ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕМЕЛЕРІ»
Сөйлеудің жалпы дамымай
қалушылығы - күрделі бұзылумен
сипатталатын жоғары қабілетті балаларды алғашқы интеллектінің
сақталуымен қатар, сөздік қоры аз, барлық компоненттердің жүйелік
ауытқушылыққа әкелетінсырқаттың түрі.
Сөйлеудің жалпы дамымай
қалушылығы – әр түрлі дәрежедегі
фонематикалық элементтермен қатар лексикалық-грамматикалықтұрғыда
дамымау, сөйлеу қарым-қатынасын қалыптастырмай толық жойылуға
әкеледі.
Сөйлеудің жалпы дамымай
қалуының III дәрежесі кеңінен таралған балаларда
фонетикалық-фонематикалық және лексикалық-грамматикалық
жетіспеушілікті тудыратын көптеген монологиялық түрлерде көрінетін
- баяндау, түсіндіру, қайталап әңгімелеп беру, әртүрлі
суреттемелерде айқындалады.
Балалардағы сөйлеудің жалпы
дамымай қалушылығы төмендегі этаптарды
көрсетеді:
- есте сақтаудың нашарлауы
және бұзылуы;
- саусақтық және
артикуляциялық моториканың бұзылуы;
- логикалық ойлаудағы
түзілімдердің жетіспеушілігі;
Балалардағы
коррекциялық-логопедтік жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі баланың
сөйлеу
тіліне ең алдымен
диагностикалық зерттеулер толық жүргізілуі
керек.
Балалардағы сөйлеудің жалпы
дамымай қалуын жан-жақты зерттеген Л.Е.
Ефименко,
Е.Б. Струнина, Т.А. Ткаченко,
Т.Б. Филичева, Е.М. Мастюкова, Н.С. Жукова, В.П. Глухов, О.Б.
Иншакова және тағы басқалары. Әртүрлі авторлардан ұқсас
құрылымдарды төмендегіден көруге болады:
- тексті әңгімелеу (таныс
ертегіні);
- ертегіні
құрастыру;
a) сюжетті көріністерді
сериялары бойынша;
б) келесі көріністер
бойынша;
b) жеке тәжірибе
негізінде;
Балалардың сөйлеу тілінің
түрлі дәрежедегі деңгейін зерттеуші В.П. Глуховтың әдістемелерінөз
тәжірибемізде қолданып келеміз.
«ФРАЗАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Балалардың қабілетін анықтау
(көрсетілген сурет бойынша).
Материалдар: суреттің сериясы келесі құрам
бойынша:
1) Бала гүлдерді
суарды.
2) Қыз көбелекті
ұстады.
3) Бала балық
аулады.
4) Қыз шанамен
сырғанады.
5) Қыз қуыршағын арбаға
салды.
Әр суретті көрсеткен кезде
балаға сұрақ қояды:«Айтшы, мұнда қандай сурет салынған?». Жауаптан
бұрын және қосымша сұрақ қойылады («қыз не істеді?»,»ұл не
істеді?»).
Нәтижелерді
бағалау:
- 3 балл - толық
жауапқа;
- 2 балл - қосымша сұрағы бар
жауапқа;
- 1 балл - бала өздігінен
толық жауап бере алмағанда және фраза бойынша құрастыра алмағанда
қойылады.
«СУРЕТ БОЙЫНША СӨЙЛЕМ
ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Балалардың
мүмкіншіліктерін лексикалық-ойлау қатынастарын пәндер арасындағы
фразалармен айқындап қалыптастыру.
Материалдар: Үш сурет: "Қыз", "себет",
"орман".
Нұсқау: Суреттерді ата және осы үш
сөз тұрғысынан сөйлем құрастыр. Егер бала суретті (мысалы, "қыз
орманда қыдырып жүр"), деп құрастырып берсе, тапсырманың бір
суретін тастап кетіп, орындағандығы.
Нәтижелерді
бағалау:
- 3 балл - баланың сөздерді
қолданып, тапсырманы орындауы;
- 2 балл - педагогтің
көмегімен тапсырманы орындауы;
-1 балл - бала сөйлемді
құрастыра алмағанда қойылады.
«МӘТІНДІ ӘҢГІМЕЛЕУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
(таныс ертегілер мен
әңгімелер)
Мақсаты: Сөйлеуі жалпы дамымай қалған
балаларды аз көлемдегі әдеби мәтінге
бейімдеу.
Материалдар: Балаларға белгілі
ертегілер"Шалқан", " үйшік", "ряба
тауығы".
Мәтіннің мағынасы екі рет
оқылады; оқудың алдында үзіліс беріледі.
Нұсқау: Тыңда және айтып
бер.
Нәтижелерді
бағалау: Логопед мәтіннің
мазмұнынтүсініп айтқанға, бір сөзді екі рет қайталамағанға,әңгімені
бөліктерге бөліп, ойша сөйлем байланысын дұрыс құрғанға назар
аударады.
«СЮЖЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ӘҢГІМЕНІ ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: сөйлеу тілі жалпы дамымай
қалғанбалаларды мүмкіндігінше сюжетті әңгімені құрастыруға,
фрагментті-эпизодтар негізінде үйрету.
Материалдар: "Түлкі мен тырна" атты
ертегісюжеті бойынша суреттер сериясы.
"Түлкі және тырна" ертегісі.
Түлкі тырнамен достасады, бір күні түлкі тырнаны қонаққашақырады.
Тырна келеді. Түлкі оған "қою ботқа"(каша) пісіріп, тарелкаға салып
алдына қояды,тамақ же қымбаттым, өзім дайындадым, -
дейді.
Тырна тұмсығымен тоқ-тоқ
еткізіп тарелкадағы ботқаны ала алмайды, ал түлкі тілімен шетінен
барлық ботқаны жалап-жұқтап жеп қояды,басын көтереді де, кешір
саған басқа ештеңе береалмаймын. Тырна айтады: жарайды осығанда
рахмет, енді сен маған қонаққа кел.
Келесі күні түлкі тырнаға
қонаққа барады. Тырна кисельді дайындап, жіңішке ұзын құмыраға
құйып қояды.
- Ішіп отыр қымбаттым, өзім
дайындадым, - дейді.
Түлкі құмыраны ары-бері
төңкеріп қай жағынан мұрнын салса да іше алмайды, тырна ақырындап
ішіп отырады.
- Ренжіме бұдан басқа ештеңе
жоқ, - дейді.
Осы кезде түлкі қатты
ойланады: тырнаны осы жолы да алдап кететін едім бәрі керісінше
шықты.
Не ексең соны орасың! Осыдан
бастап тырна мен түлкінің достығы ажырады.
Суреттерді баланың алдына
қойып, оны мұқият қарауды талап етеміз.
Нұсқау: Суреттерге қарап әңгіме құра,
әрбір суреттердің кезегінен кейін қандай көріністер бар екендігін
түсіндіру керек.
Қиналатындай болса көмекші
сұрақтармен саусақпен көрсетіп айтамыз.
Нәтижелерді
бағалау: Көңіл аударылатын
көрсеткіштер: әңгімені құраудағы ойдың сәйкес келуі, эпизод пен
сурет арасындағы логикалық байланыстарды
қадағалау.
«ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ
ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Жеке дәрежені айқындау және
байланыс ерекшеліктерін меңгеруін анықтау.
Нұсқау: Балаларға өзінің жанына жақын
келетін тақырыпты алуды таңдауға мүмкіндік беріледі. Мысалы,
"Біздің аймақта", "Балалар ауласындағы
ойындар".
Әңгіме жоспары беріледі: -
аулада не бар; балалар немен ойнап жатыр; қандай ойындар ойналып
жатыр; сүйікті ойындарыңды атап беріңдер және есте сақтаңдар; қыста
қандай ойын; жазда қандай ойын ойнайтындарыңды еске
түсіріңдер.
Нәтижелерді
бағалау: Көбінесе балалардың мәтін
тіректеріне сүйенбей өз ойларын жеткізгендігіне қараймыз. Әңгіме
дәрежесінде қаншалықты маңызды элементтердің санын анықтаймыз,
қаншалықты тақырып балаға әсер етті.
«ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: әңгіме құраудағы жеке дәрежені
айқындау.
Материалдар:балаларға графикалық сызба
ретінде ойыншықтар ұсынылады.
Нұсқау:балаға бірнеше минут бойы
ойыншыққа қарап, соған байланысты әңгіме құрастырып айтуы керек.
Мысалы, қуыршақ суретіне мынадай нұсқау «Мына қуыршақ туралы айт:
есімі кім; көлемі жағынан ол қандай; денесінің негізгі бөліктері
қалай аталады; қандай киімде; басына не тағып алған; неден
жасалған» және т.б.
Нәтижелерді
бағалау:балалардың логикалық ойларына,
ойыншықтың әр бөлшегіне берген сипаттамаларына көңіл аударамыз.
Егер бала әңгімені айта алмаса арнайы логопедті
тағайындаймыз.
О.Б.Иншакованың мектеп жасына
дейінгі балалардың өз бетінше ауызша сөйлеуін жеке зерттеу
әдістемелерін ұсынамыз.
Мақсаты:III деңгейдегі сөйлеуі жалпы
дамымай қалған балаларға кешенді зерттеу
жүргізу.
«СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП СӨЙЛЕМ
ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Материалдар:суреттер: "Қыз сурет салып
жатыр", "Ұл бала ыдысты жуып жатыр, қыз оны сүртіп
жатыр".
Нұсқау: Суретке қарап айтшы, мұнда
несалынған?Жауап бере алмаса, қосымша сұрақ қойылады ("Ұл не істеп
жатыр? Қыз не істеп жатыр?").
Нәтижелерді
бағалау:
3 балл - толық
жауапқа;
2 балл - қосымша сұрағы бар
жауапқа;
1 балл - бала өздігінен толық
жауап бере алмағанда және фраза бойынша әңгіме құрастыра
алмағанда.
«СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ
ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Материалдар: Балаға мысығы бар сурет
беріледі, қасында сүті бар.
Нұсқау: Суретке қарап әңгіме құра
(жеке бөлшектеріне көңіл аудар).
Нәтижелерді
бағалау:
3 балл - балалардың сөздерді
қолданып, тапсырманы орындауына;
2 балл - педагогтің көмегімен
тапсырманы орындауына;
1 балл - әңгімені құрастыра
алмағанда қойылады.
«СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП СӨЙЛЕМ
ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Материалдар:"Екі ұл бала кірпі көрді",
"Оны қолдарына көтерді ", "кірпіні сүтпен ыдыстан
тамақтандырды".
Нұсқау: Суретке қарап әңгіме
құрастыр.
Нәтижелерді
бағалау:
3 балл - бала тапсырманы толық
орындаса;
2 балл - бала педагогтің
көмегіне жүгінсе;
1 балл - әңгімені құрай
алмаса
«ЭПИЗОД ФРАГМЕНТТЕРІНЕ
ҚАРАЙ
ТІРЕКТІ СӨЗДЕРМЕН ӘҢГІМЕ
ҚҰРАУ» ӘДІСТЕМЕСІ.
Материалдар: Суреттер
сериясы.
Тіректі
материалдар:
- Көпірде екі қозы
кездесті.
- Ақ қозы
айтты…
- Жібер мені
…
- Бір-біріне жол бермегеннен
соң, маңдайларымен соғысып қалды, суға
құлады.
Нұсқау: Суретке қарап әңгіме
құрастыр.
Нәтижелерді
бағалау: 3 балл - бала тапсырманы толық
орындаса;
2 балл - бала педагогтің
көмегіне жүгінсе;
1 балл - жауап бере
алмаса.
«МӘТІНДІ АЙТЫП БЕРУДІ
ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Материалдар: «Қоян мен тиін
әңгімесі».
Жазда қоян мен тиін достасты,
тиін сары түсті, алқоян сұртүсті еді. Күнделікті егіске
барыпбір-бірінқонақ қылды.Қоян тиінге сәбіз бен орамжапырақ,ал тиін
жаңғақтар берді.
Жаз өтті. Қыс басталды. Ақ қар
түсті. Қояншыршаның астына, тиін еменге
тығылды.
Тиін еменнен секіріп түсті.
Қоянды көріп танымай қалды: өйткені қоян сұр емес ақ түскеайналған.
Қоянда тиінді танымай қалды: өйткенітиін сары емес, сұр түске
айналған. Алайда жазбасталғанда бір-бірін
таныды.
Мәтін екі рет
оқылады.
Нұсқау: Тыңда және айтып
бер.
Нәтижелерді
бағалау:
3 балл - әңгімені толық
айтса;
2 балл - бала педагогтің
көмегімен айтса;
1 балл - әңгімені қиналыспен
әрең айтса.
«МЕЙРАМ ЖАЙЫНДА ӨЗІНДІК
ӘҢГІМЕНІ ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Нұсқау: Баланың өзіне жақын
тақырыптытаңдату (Мысалы, «Мен туған күнімді қалай
тойладым?»).
Әңгіме
жоспары:
- Кім не сыйлады; кім қонаққа
келді; достарыңды ата; олар қандай ойын ойнады; сүйікті ойындарыңды
ата.
Нәтижелерді бағалау: Сөйлемді
дұрыс құрап,мағынасын ашқан балаларға көңіл
аударамыз.
Сөйлеу тілі жалпы дамымай
қалған IІI деңгейдегібалаларды зерттеген Н.С. Жуковтың
әдістемелерінде өз тәжірибемізде кеңінен қолданып
келеміз.
H.С. Жуков әдістемелерінің
мақсаты: балалардағы өзекті проблемаларды
айқындау.
«КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМ ҚҰРАСТЫРУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
Балаларға әртүрлі бөлшектері
бар суреттердікөрсетіп, «қыз қандай киімде», «ұл қандай
киімде,қызыл немесе көк көйлек кигіземіз бе?», деп сұраполардың
жауаптарын тыңдаймыз. Логопед түрлі-түсті жолақты қағаздар мен
оларды жауып тұрып, «көк көйлекті қыз гүлдерді суғарып жатыр
ма?»,немесе «қызыл бантик таққан қыз арқаннан секіріпжатыр ма?» -
деп сұрақ қояды.
Нәтижелерді
бағалау:
- 3 балл - бала тапсырманы
толық орындаса;
- 2 балл - бала педагогтің
көмегіне жүгінсе;
- 1 балл - жауап бере
алмаса.
«СЮЖЕТТІ СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП
ӘҢГІМЕНІ ҚҰРАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Жүргізілу реті: екі-үш суретті
аламыз, баланың алдына қоямыз көзінше ауыстырып, қайтадан орнына
қоюды сұраймыз, сұрақтарға жауап беруді талап
етеміз.
Нәтижелерді
бағалау:
- 3 балл - бала тапсырманы
толық орындаса;
- 2 балл - бала педагогтің
көмегіне жүгінсе;
- 1 балл - жауап бере
алмаса.
«БАЛАҒА ЕРТЕГІНІ ТЫҢДАТЫП
ҚАЙТАДАН АЙТЫП БЕРУДІ СҰРАУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
Логопед ертегіні айтады.
Мысалы «Шалқан» ертегісі.
Ата үлкен шалқанды өсірді, бір
күні шалқанды жерден тартады - тартады суырып ала алмайды. Ата
әжені көмекке шақырады, екеуі қосылып тартады - тартады шығара
алмаған соң, немересін көмекке шақырады. Үшеуі қосылып тартады -
тартады шығара алмайды, сосын немересі көмекке иті Ақтөсті
шақырады. Төртеуі қосылып тартады-тартады шығара алмаған соң, Ақтөс
көмекке мысықты шақырады. Бесеуі қосылып тартады -тартады шығара
алмайды, сосын көмекке мысық тышқанды шақырады. Бәрі жабылып
шалқанды жерден суырып (жұлып) алады.
Логопед ертегіні айтып болған
соң, балаға бірнеше сурет береді. Бала алдындағы суреттерден
ертегіге сәйкес суреттерді табуды бұйырады. Олардың ішінде
жануарларда болуы мүмкін. Мысалы, «қарбыз», «жылқы»,
«машина».
Сұрақ: «мынау бар ма?», «мынау
ертегіде бар ма?».
Нәтижелерді
бағалау:
- 3 балл - толық
жауапқа;
- 2 балл - педагогтің
көмегімен орындаса;
- 1 балл - жауап бере
алмаса.
Әдебиеттер:
1. Иншакова О.Б. Альбом для
логопеда. 2-е изд., испр. и доп. - М.: Гуманитар. изд. Центр
ВЛАДОС, 2011.
2. Глухов В.П. Формирование
связной речи у детей дошкольного возраста с ОНР. - 2-е изд., испр.,
и доп.- М.: АРКТИ, 2004.
3. Жукова Н.С. Логопедия.
Преодоление недоразвития речи у детей. - М.: Педагог,
2004.