МРНТИ 14.23.11
М. К.
Ибраева 1
Ж. К.
Адасханова 2
1 PhD, аға оқытушы, Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті
Алматы қ.,
Қазақстан
2 1 курс магистрі, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Алматы қ.,
Қазақстан
БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АСТАРЛАРЫ
Аңдатпа
Мақалада балалардың танымдық
белсенділігін ерте жастан дамытудың психологиялық-педагогикалық
астарлары қарастырылады.
«Баланы ерте жастан дамыту»
ұғымының мәнін анықтау барысында ерте жастағы баланың жас
ерекшелігі кезеңдері мәселесі қарастырылған ғылыми зерттеулер мен
әдебиеттерге, сөздіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға талдау
жасалады.
Авторлар
тарапынан ерте жастағы балалардың
танымдық белсенділігін дамыту үшін педагогикалық
жағдайлар тудыру қажет деп санаған кейбір ғалымдардың ғылыми
жұмыстары қарастырылады.
Түйін
сөздер: ерте
жас, ерте жастан
дамыту,
танымдық белсенділік,
іс-әрекет
Ибраева
М.К.1
Адасханова
Ж.К2
1 PhD, старший преподаватель,
Казахский национальный педагогический университет имени
Абая
г. Алматы,
Казахстан
2 Магистр 1 курса, Казахский
национальный педагогический университет имени
Абая
г. Алматы,
Казахстан
ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ
АСПЕКТЫ РАННЕГО РАЗВИТИЯ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ АКТИВНОСТИ
ДЕТЕЙ
Аннотация
В статье рассматриваются
психолого-педагогические аспекты раннего развития познавательной
активности детей.
При определении значения
понятия «раннее развитие ребенка» проведен анализ научных
исследований и литературы, словарей, государственных программ, на
которых рассматривались проблемы возрастных периодов раннего
возраста ребенка.
Авторы проанализировали
научные работы некоторых ученых, считающих необходимым создание
педагогических условий для развития познавательной активности детей
раннего возраста.
Ключевые
слова:
ранний возраст, раннее
развитие, познавательная активность,
деятельность
Ibrayeva M.
K.1
Agazhanova J.
K.2
1PhD, senior lecturer,
Kazakh national pedagogical University named after
Abay
Almaty,
Kazakhstan
2Master of 1 course, Kazakh
national pedagogical University named after
Abay
Almaty,
Kazakhstan
PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL
ASPECTS OF EARLY DEVELOPMENT OF COGNITIVE ACTIVITY OF
CHILDREN
Abstract
The article deals with
psychological and pedagogical aspects of early development of
cognitive activity of children.
In determining the meaning
of the concept of "early development of the child" the analysis of
scientific research and literature, dictionaries, government
programs, which considered the problems of age periods of early
childhood.
The authors analyzed the
scientific work of some scientists who consider it necessary to
create pedagogical conditions for the development of cognitive
activity of young children.
Key
words: early age, early
development, cognitive activity,
activity
Жалпы республикада баланы ерте
жастан дамыту мәселесінің қарастырылуы ҚР білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарда арналған мемлекеттік бағдарламасы жарық
көргеннен кейін қарқынды қолға алына бастады. Бағдарламада
«таяу уақытта туғаннан бастап
үш жасқа дейінгі балаларды ерте жастан дамыту жүйесін құруға көп
көңіл бөлінетіндігі» атап
көрсетілген [1].
Сондықтан бір жағынан, ерте
жастан дамыту проблемасының республикада алғаш зерттеу пәні болып
отырғандықтан, екінші жағынан «баланы ерте жастан дамыту» ұғымының
мәнін анықтау барысында ерте жастағы баланың жас ерекшелігі
кезеңдері мәселесі қарастырылған ғылыми зерттеулер мен
әдебиеттерге, сөздіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға талдау
жасалды (кесте 1).
Осы талдау әртүрлі кезеңдерде
баланың жас ерекшелігін айқындауға байланысты көп талқылаулар,
зерттеулер бар екендігін, дей тұрғанмен күні бүгінге дейін ғалымдар
адам дамуының жас кезеңдері мәселесінде бірыңғай пікірге
келмегендігі байқалды. Солардың арасынан біз, қазіргі ғылымда
қызығушылық тудыратын ең көп таралған балалық кезең жіктемелеріне
тоқталып өткенді жөн көрдік. Осы тұста айта кететін жәйт, ұсынылған
диссертацияда ғалымдардың және сөздіктердегі адам дамуының жас
кезеңдері жіктемелері мазмұнынан (балалықтан кәрілікке дейін
берілгендіктен) барынша тек ерте жас аралығын ғана бөліп алып
талдауға тырыстық.
Л.Аберти, Ф.Барбаро,
М.Пальмиери ерте жастағы балаларды қабылдау сезімінің дамуына қарай
екіге бөледі: 1) нәрестелік кезең – бұл сөйлеу және жүре бастағанға
дейінгі бала өмірінің кезеңі; 2) нәрестелік кезінен бастап шамамен
7 жасқа дейін – баланың түрлі ғылымдарды қабылдауға дайын болуы
кезеңі. Демек, италияндық гуманистер баланың 1 жастан бастап
танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту қажеттігін жоққа
шығармайды. Ал, Дж.Биррен бірінші кезең – сәбилік, 2 жасқа дейін;
екінші кезең –мектепалды жасы 2 жастан 5 жасқа дейін деп
жіктейді. Дж.Биррен жіктемесінің
кемшілігін Б.Г.Ананьев, жіктеудің бірыңғай қағидасын ұстанбауында
екендігін айтады. Өйткені, екінші кезеңді – мектепке дейінгі жасты
бөлуде жас ерекшелігінің әлеуметтік-педагогикалық белгілерге сәйкес
келмейтіндігін көрсетеді. Дегенмен, осы кезеңде баланың психикасын
дамытудағы қажеттілік пен маңыздылыққа баса назар аударылғанын атап
өтеді [2].
Кесте 1 – Бағдарлама,
сөздіктердегі және ғалымдардың еңбектеріндегі ерте жастағы
балалардың жас аралығының жіктемесі
Бағдарлама, сөздік
атауы,
автордың
аты-жөні
|
Жас кезеңдер
жіктемесі
|
Э.Геккель
|
Онтогенетикалық дамуына
қарай:
Перинаталды-құрсақтағы кезең: эмбрионалды даму
(эмбрион) – 1,5-2 айға дейін ұрықтың қалыптасуы; плацентарлы даму
(ұрық) – 3-10 ай, ұрықтың өсуі.
Босанғаннан кейінгі
кезең: ерте; жетілген; соңғы
|
Б.Ц.Урланис
|
Қоғамдық пайдалы еңбекке
қатысуына қарай:
- ясли жасы – үш жасқа
дейін
- балабақша жасы –
3-6 жас
|
Э.Эриксон
|
Әлеуметтік-психологиялық
дамуына қарай: сәбилік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін); ерте балалық
шақ (1-3 жас); ойын жасы, мектепке дейін (4-6-7
жас)
|
Д.Бромлей
1966ж.
|
Жалпы дамуына қарай:
құрсақтық кезең, балалық щақ кезең: сәбилік шақ (туғаннан 18 айға
дейін); мектепке дейінгі балалық шақ (18 ай – 5
жас)
|
П.П.Блонский
|
Тістің пайда болуына
қарай: тіссіз балалық (8 айдан 2-2,5 жас); сүт тісі кезіндегі
балалық (2-2,5 жастан 6,5 жас)
|
Л.С.Выготский
|
Тұрақты және дағдарыстағы
дамуы кезеңдеріне қарай: туған кездегі дағдарыс (2 айға дейін);
сәбилік шақтағы дағдарыс (1жасқа
дейін);
1 жастағы дағдарыс;
ерте балалық шақ (1-3 жас); 3 жастағы
дағдарыс
|
Д.Б.Эльконин
|
Өмір сүруіне қарай: ерте
балалық шақ
- Нәрестелік шақ (0-1
жас)
- Ерте балалық шақ
(1-3 жас)
|
Я.А.Коменский
|
Тәрбиелеу оқытуға
қарай:
Бірінші кезең:
баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әрбір отбасында – «Ана
мектебі»
|
К.Қожахметова
|
Психологиялық және
физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты: туылғаннан 1 жасқа
дейін – «нәресте»; 1-ден 7 жасқа дейін –
«сәби»
|
Қ.Шалғынбаева
|
Еңбек етуге икемділігіне
қарай
|
С.Ғаббасов
|
...адам физиологиясының
кезеңдері мен халық
педагогикасыныңнегіздеріне қарай: тән құрылысы - жан дүниесі; ұрық тазалығы – тек, тұқым
қуалау; ана құрсағындағы тоғыз ай – түйсік, ішкі сезім, жүрек
тәрбиесі; нәресте кезеңі – бесік жыры, ақыл тәрбиесі; балбөбек
кезеңі – тіл, ой, зерде; сәбилік кезең – табиғатқа сүйсіну,
таңдау
|
Ұ.М.Әбдіғапбарова
|
Қолөнерін үйренуіне
қарай:
1- 6
жас –
көріп-білу, байқау
кезеңі
|
М.Құрсабаев
«Атамекен» бағдарламасында
|
Халықтық педагогика
негіздеріне қарай:
1) ана құрсағындағы
кезең;
2) сәбидің дүниеге келуі (1-12
ай);
3) сәбилік кезең
(1-3 жас)
|
Демографиялық
энциклопедиялық сөздік
|
Өмір кезеңдеріне
қарай:
-
1-10 күн – жаңа
туған нәресте
-
10 күн-1жыл –
омыраудағы балалар
-
1-3 жас – ерте балалық
шақ
|
Мәскеуде (1965
ж.) ССРО Педагогикалық ғылымдар
Академиясының симпозиумында
|
-
Жаңа туған нәресте 10 күнге
дейін.
-
Омыраудағы жас 10 күн – 1
жыл.
-
Ерте балалық шақ 1–2
жас.
-
Балалық шақтың
бірінші кезеңі 3–7 жас
|
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
|
1. Жаңа туған бала (туған
сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі
айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір
жастан үш жасқа дейін)
|
Жалпыға міндетті
мемлекеттік білім беру стандарты (2012
ж.)
|
Ерте жас –туғаннан 3 жасқа
дейінгі кезең:
|
Жалпыға міндетті
мемлекеттік білім беру стандарты (2016
ж.)
|
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа
дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа
дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан
3 жасқа дейін (бірінші кіші топ)
|
Жалпыға міндетті
мемлекеттік білім беру стандарты (2018
ж.)
|
|
Педагогикалық
энциклопедиялық сөздік
|
Туғаннан 6 жасқа
дейін
- кіші жастағы
балалар
|
Біздің зерттеуіміз үшін
қызығушылық тудыратын баланың зияткерлік дамуына әсер ететін
Ж.Пиаженің жіктемесі: 1-кезең – сенсомоторлық зият (алғашқы
кезеңдері: өз денесіне бағыну және тәжірибелік зиятты объективтеу);
2-кезең – репрезентативті зият және арнайы операциялар (алғашқы
кезеңдері: алдын ала операциялық зият және нақты операциялар)
[3].
Пиаже әр адам белгілі бір
сатылардан өтіп, оларды жаңа деңгейге көтеріп, келесі қадамдарға
шығады деген қорытынды жасайды. Бірақ бұл жіктемеде, біздіңше
баланың үздіксіз дамуы есепке алынбағандығы
байқалады.
Д.Бромлей жіктемесінде адам
дамуының бес циклін көрсеткен: құрсақтық, балалық, жастық,
ересектік, кәрілік. Айта кету керек, автор баланың ақыл-ой дамуында
құрсақтық циклге мән беріп, оны төрт сатыға бөліп ерекше анықтайды:
ұрықтану; эмбрион; тұқым; дүниеге келу сәті. Д.Бромлей топтамасында
бізге қызығушылық тудыратыны, балалық кезеңі. Ол «балалық» кезеңін
үш сатыға бөледі: сәбилік шақ (туғаннан 18 айға дейін); мектепке
дейінгі балалық шақ (18 ай – 5 жас); мектептегі ерте балалық шақ
(5-11-13 жас) [4].
Онтогенез ұғымын 1886 жылы
Э.Геккель енгізген. Ол баланың онтогенездік дамуына байланысты екі
маңызды кезеңді атап өтеді: перинаталды-құрсақтағы (жатырда пайда болғаннан
дүниеге келгенге дейінгі) кезең; босанғаннан кейінгі-құрсақтан
кейінгі (адамның дүниеге келгенінен өмірден кеткенге дейінгі)
кезең. Перинаталды-құрсақтағы кезеңнің бөлінуі:
эмбрионалды даму (эмбрион) – 1,5-2 айға дейін ұрықтың қалыптасу
кезеңі; плацентарлы даму (ұрық) – 3-10 ай, ұрықтың өсу кезеңі.
Баланың тез өсуімен және дамуы, анасының ағзасы арқылы
қоректенуімен сипатталады, сондықтан жүктілік кезеңіндегі анасының
созылмалы науқасы, оның тамақтану ерекшелігі, психикалық және
физикалық ауыртпашылығы болашақ баланың дамуына маңызды әсер етеді.
Босанғаннан кейінгі кезеңдегі сатылар: ерте; жетілген; соңғы.
Дүниеге енді ғана келген адам ересек адамнан бірнеше сапалық
ерекшеліктерімен өзгешеленеді, оның қарапайым кішірейген көшірмесі
ғана болып есептелмейді. Дамып келе жатқан баланың ересектердің
деңгейіне жету уақыты ағзаның негізгі физиологиялық көрсеткіштерін
ескергенде 16-20 жылды құрайды. Онтогенез процесінде жеке ағзалар
мен жүйелер бірте-бірте жетіледі және өзінің дамуын әртүрлі кезеңде
аяқтайды. Бұл әртүрлі жастағы балалар ағзасының жұмыс істеу
ерекшеліктерінің пісіп-жетілуін негіздейді
[5].
Құрсақтағы кезеңде ағза мен
тіндер қаланады, олардың саралануы жүреді. Босанғаннан кейінгі
кезеңдегі онтогенезде ағза мен жүйенің пісіп-жетілуі әртүрлі
жастағы балалар ағзасы қызметінің мүмкіндіктерін, оның сыртқы
ортамен өзара байланысының ерекшеліктерін
анықтайды.
Баланы ана құрсағынан дамыту
пікірін қазақстандық ғалым С.Ғаббасов та қолдап, негіздеген. Ол
адам дамуының жас ерекшелігін адам физиологиясының кезеңдері мен халық
педагогикасының негіздеріне қарай бөледі: тән құрылысы - жан дүниесі; ұрық тазалығы – тек, тұқым
қуалау; ана құрсағындағы тоғыз ай – түйсік, ішкі сезім, жүрек
тәрбиесі; нәресте кезеңі – бесік жыры, ақыл тәрбиесі; балбөбек
кезеңі – тіл, ой, зерде; сәбилік кезең – табиғатқа сүйсіну, таңдау;
балиғат кезеңі – білім және логика; кәмелет кезеңі – орта білім
сана. Соның ішінде ұрық тазалығына, ана құрсағындағы тәрбиеге аса
мән береді [6].
Осындай ой М.Құрсабаевтың
ұлттық тәрбие құндылықтарына негізделген «Атамекен» бағдарламасында
да тұжырымдалған. Ол балалар жас ерекшеліктерін мынадай кезеңдерге
бөліп қарастырған: 1) Ана құрсағындағы кезең; 2) сәбидің дүниеге
келуі (1-12 ай); 3) Сәбилік кезең (1-3 жас)... Автор тәрбие
жұмыстарының бағыттары мен мазмұнын осы кезеңдерге сәйкестендіріп
ұсынған. Соның негізінде тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгерген жеке
тұлғаны тәрбиелеп шығару мүмкіндігін айтады
[7].
Ал.
П.П.Блонский балалардың жас
ерекшелігін тістің пайда болуымен
байланыстырады. Ол балалық шақты үш кезеңге
бөледі:
-
тіссіз балалық (8 айдан 2-2,5
жас),
-
сүт тісі кезіндегі балалық
(2-2,5 жастан 6,5 жас),
-
тұр