Бақыт сіздің өз қолыңызда
!!!
Мақсаты: Ақиқаттың құндылық ретіндегі
мәнін ашу
Міндеттері:
Іс – шараға қатысушыға өз
бойындағы жауапкершілігін сезінуді
үйрету;
Қатысушыға тек жақсы және
қажетті заттарды ғана айтуға, білім іздеуге, өзіне – өзі есеп
беруге баулу.
Қатысушыны шындықты жалғаннан
ажыратуға және барлық дінге құрмет көрсетуге, жауапкершілікті
сезінуге тәрбиелеу.
Тыныштық
сәті:
Нұрға
бөлену
Іс – шараға қатысушыларды
жағымды күйгекелтіру.
Нұрға
бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға
тарады
Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр
бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің
ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады
[2].
Өзін – өзі білген – ер
бақытты,
Өзін – өзі білген – ел
бақытты.
Халық
мақалы
Осы мақалдан қандай ой
түйдіңіздер?
«Әр қашан күн
сөнбесін» ойыны
Сұрақ. 1. Күн деген сөзді
айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір қатысушы өз ойларын
айтып шығады)
Ойынға қатысушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4.
көктем
Қатысушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген
аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін
салады.
Салған суреттің артына аты жөндерін жазып, тақтаға
іледі.
Біз ылғи асығып жүреміз. Тұра
салып жұмысқа, жұмыстан үйге асығамыз.
Ай
басталса, тезірек ортасы болса, ортасына жетсек, тез аяғы болса
дейміз. Қыс болса – жазды, жаз болса – қысты аңсаймыз. Сөйтіп,
зымырап өтіп жатқан алтын уақытымыздың, басымыздан өткен бақытты
сәттердің бағасын кеш біліп жатамыз. Уақыт өткен соң сол кез менің
ең бақытты сәтім болған екен ғой деп сағынышпен еске аламыз.
Осындай өкінішке қалмас үшін не істеу
керек?
Ұйқыдан оянған сәтте тағы бір таңды қарсы
алғаныңызға шын ниетіңізбен қуаныңыз. Сізге ғұмыр сыйлаған
Алла-тағалаға алғысыңызды айтып, осы күніңіздің сәттіліктерге толы
болуын тілеңіз.
Айнаға қарап, әлемдегі ең сүйкімді жан – өзіңізге
алыстан күліп, сәлем беріңіз. Сол күлкіден кешке дейін жетердей
қуат алыңыз. Содан соң көтеріңкі көңіл-күймен шаруаңызға
кірісіңіз.
Қызметке келе жатып, айналаңызға көз салыңыз.
Әсем табиғат, көңілді адамдарға көбірек назар аударыңыз.
Мүмкіндігінше жымиып жүріңіз, ішкі жан дүниеңізге өкпе-ренішті
жолатпауға, адамдар туралы теріс ой-пиғылдарды сақтамауға
тырысыңыз.
Шыны керек, біз әлдекімді сынағанды жақсы
көреміз. Біреулер туралы теріс пікір айтқанды, сөздің тура
мағынасында жамандағанды ұнатамыз. Ал ол адамның да дәл өзіміздей
адам екенін, оның да сүрініп, қайта тұруға қақысы бар екенін ескере
бермейміз. Егер Сіз жан дүниеңіздің кіршіксіз тазалығын сақтап,
өміріңіздің ұзақтығын қаласаңыз, біреулер туралы теріс пікір
айтудан мейлінше аулақ болыңыз.
Өмірдің тосын дауылдары мен сынақтарынан
абыроймен өтуге тырысыңыз. Мұндай сәттерде ең бірінші
Алла-тағалаға, сосын өзіңіздің ішкі күш-жігеріңізге сеніңіз. Абай
атамыз «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі
жақтап» деп бекер айтпаған. Сізге осынау әлемді көруге жағдай
жасаған Жаратушы иеміз бұл сәтте жалғыз қалдырмайды. Көмек қолын
созатын жақсы адамдарға жолықтырады.
Бейнеролик: “Тәубеңе
кел!
Мүмкіндігінше айналасын шуаққа толтырып жүретін
көңілді жандардың қасында көп жүруге тырысыңыз. Өтіп жатқан
қоңырқай, сұрғылт күндердің өзінде көңіл күйіңізді көтерудің амалын
іздеңіз. Басыңыздан өткен қиындықтар үшін әлдебіреуді кінәламаңыз.
Егер абайсызда сүрінсеңіз, оған тек өзіңіз кінәлісіз. Әрі бұған
бола мүжіліп, жаныңызды жегідей жеп, езіліп кетпеңіз. Керісінше,
беліңізді бекем буып, қиындықтан шығудың жолын
іздеңіз.
Позитивті әдебиеттер
оқыңыз.
Қатысушыларға
арналған «Көңілді
шарлар» ойыны
Түрлі түсті шарлардың біреуін
таңдап қазіргі көңіл-күйлерің мен өз есімдеріңізді жазып
қоясыздар. Сосын оқып
шығасыздар.
Өмір болған соң, әрине, Сіздің де жаныңызға сызат
түсірген, көңіліңізге қаяу салған жандар болады. Бірақ олар да Сіз
секілді адам, сондықтан оларды шын пейіліңізбен кешіріңіз. Өйткені
басыңыздан өткен жағымсыз сәттерді жиі еске ала беретін болсаңыз,
оның бәрі жүрегіңізді жаншып, ауруға ұшыратуы мүмкін. Өкпе-реніш
жүрегіңізде шемен болып қатып қалмауы
керек.
Қол
жеткізген әр жетістігіңізге шын қуана біліңіз. Есіміңізді айтып,
өз-өзіңізді мақтап қойыңыз. Бағаңызды біліңіз, дегенмен
дандайсымаңыз. Қандай жағдайда да ішкі даусыңызды
тыңдаңыз.
Сергіту
сәті «Көңілді
күн».
Ең бастысы, адамдарды сыйлай
білу, сүйе білу керек. Қайырымды болу – еліне, адам баласына,
табиғатқа деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға,
қайырымды іс жасауға кәсіби бейімділігіңіз болсын. Әрдайым баланың
пікірін, қажеттілігін тыңдай біліңіз, оған ерік беріңіз, бала
айтпай-ақ білетін көреген болыңыз. Шыдамды, сабырлы, ақылды
болыңыз. Баланың қателігін көре тұра, оған сенетініңізді
көрсетіңіз. Әрдайым күлімдеп қасында бірге екеніңізді білдіріңіз.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс
тілеймін!
Тілек
ағашы
Іс – шараның
қорытындысы:
Бүгінгі іс – шарадан игерген
жақсы қасиеттерді есімізде түсіріп, жүрегімізде
сақтайық.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат, ақиқат
бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат, ақиқат
бүкіл әлемде.
Бақыттарыңыз мәңгілік
болсын !!!
Назарларыңызға
рахмет!!!