Материалдар / Баскетбол ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баскетбол ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Баскетбол ойыны және ережесі. Баскетболдың тактикасы. Баскетбол ойындары.Оқушыларға баскетбол ойнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Практикалық сабақ №1


Қысқа мерзімді жоспар

 

Мектеп: Қожагелді батыр атындағы орта мектеп

Күні:27.11.2021жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Назіржанов Әділжан Қанатұлы

Сыныбы:

8,9,10,11 сыныпта

Қатысқан оқушы саны:22

Қатыспағаны:4

Сабақтың тақырыбы

 Баскетбол ойыны

Оқу бағдарламасына сілтеме жасау

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы. : Оқушылар допты екі қолмен бір орнынан кеудеден екі қолмен бір-біріне бере алады.

Оқушылардың көпшілігі : Қозғалыста допты кеудеден екі қолмен бір-біріне бере алады

Оқушылардың кейбірі : Қозғалыста немесе бір орнында допты кеудеден екі қолмен бере алады.

        Негізгі мақсаттар

Қозғалмалы ойындарда баскетбол элементтерін жетілдіру

Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.

        Жетістік

критерийлері

 1. баскетбол сөзінің мағынасын түсінеді.
 2. Допты қабылдай алып жүруді үйр
енеді.
 3.
Жақсы жоспармен жарыста жеңіске жетуді үйренеді.

           Тілдік мақсаттар

 

Баскетбол (ағл. вasket- себет,корзина, ball-доп, мяч.) ысқырғыш,пробежка, задержка, пас, т.б Доптың салмағы: 567-650гр. Пішіні: 749-780 мм

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады. Математика, геометрия, биология, тарих

АКТ пайдалану дағдылары

Әр түрлі видеоролик кор.

Бастапқы білім

Шабуылға қатысып доп бере алады шабуылды соңына диін жеткізеді.Қандай жағдайда жоғары көрсеткішке жетуге және алдыңғы қатардан көрініп ұздік болуға болады. Оқушылардың қызығушылыған арттыратын NBA баскетбол жұлдыздарының видео ролик немесе мағұлмат беріп кету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың

басы

10 мин.

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.

Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Оқушыларды шеңберге тұрғызып Баскетбол ережесін түсіндіру. Баскетбол ойынның екі команда ойнайды. Әр командада 5 ойыншыдан. Ойыннын мақсаты 3,5 метр биіктікте орналасқан себетке допты салу. Себетке салыпған доп 2 немесе 3 ұпаймен саналады.

Жүру  жаттығулары:

 а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас!
 ә) қол желкеде, өкшемен жүріп бас!
 б) қол белде, табанның сыртымен және ішкі жағымен бас!
 в) қол алда, жартылай отырып бас!
 г) қол еркін, толық отырып бас!
 ғ) Ысқырық бойынша жоғарыға секіріп, қолды соғу.

Тапсырмасыз! Жай жүгіріске көш

. Жүгіру жаттығулары:

1. Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып бас.
2. Сол қапталмен қолды артқа айналдырып бас.
3. Оң (сол) қапталға қайшылап бас!
4. Алға (артқа) қайшылап бас!
5. Аяқты ашып, алға секіріп бас!
6. Екі адым жасап, жоғары секіріп бас!
7. Тізені кеудеге тартып,секіріспен бас!

Жүріс кезінде орындалатын Ж.Д.Ж

1. Қол жанда, 4-сан білектен, 4-сан шынтақтан, 4-сан толық қолды йықтан алға айналдыру
(артқа)
2. Оң қол жоғары, артқа қол ауыстырып сермеу
3. Қол басы құлыпта, 1-4сан білезікті оңға (солға) айналдыру.
4. Қол йықта, йықты алға артқа айналдыру
5. Қол кеудеде, шынтақтан бүгулі, қолды жазып, жазбай сермеу.
6. Қол жанда, сол (оң) жаққа бұрылу.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.










Сабақтың ортасы25 мин.

 

Оқушыларды допты бір-біріне беру арқылы топқа бөлу.Мысалға: Бірінші төрт оқушы бір – біріне доп берген оқушылар I-топ, II-топ, III-топ болып бөлінеді.Әр топ берілген алаңда орналасады.

I-топ оқушылары шеңбер жасап айнала тұрады. Орта тұрған оқушы допты ойынға қосады. (бастаушы). Бастаушының міндеті допқа ие болу, ал оқушылардың міндеті тез-тез бір орнында допты кеудеден допты қайтару.

II-топ. Допты жұптасып тұрып бір-біріне қарама-қарсы тұрып допты беру.

III-топ. Допты қозғалыста үштік әдісімен допты беру.

Сергіту сәті. Әр топ өз орындарында. Мұғалімнің ысқырғыш немесе дауыстап белгі беруі бойынша оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне допсыз жоғарыдан төменнен допты беруді көрсету. Топтық командалық жарыс. Әр топттан екі үздіктерден шығарып допты бір-біріне беру арқылы үш топ жұптасып жарысады. (Бірінші келеген оқушыларды қолдың жест арқылы мақтау, мараппатау) .Содаң соң оқушыларға ой тастау «миға шабуыл».Шапшандалықты арттыру және қозғалыста допты беруді дамыту үшін қай бұлшық еттеріне күш түсіру керек немесе дайындау. Ең соңында баскетбол ойнату.

Үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, фишкалар мен ысқырық.







 Сабақтың соңы 5 мин.

 

Сабақты қорытындылау:  сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы жүргізіледі.

Демді қалыпқа келтіріп, демалады.

 

 

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін:  оң қолмен допты алып жүруді қайталау

Қабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

Бағдаршам.Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.

Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

 

Жалпы бағалау

Сабақтан кейінгі менің пікірім.

Оқушылардың көңілі көтеріңкі, жақсы көңілден сабақтан шығады. Допты қозғалыста бір-біріне кеудеден беруді үйренеді. Дене бұлшық еттері икемді болып қалыптасады. Оқушылар арасында достық топтық қарым қатынасты нығайту.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!