Материалдар / БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультимедиалық технологияларды қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
74
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОК 792.94


Жигерова Д.Б., Педагогика жоғары мектебінің студенті

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.


«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ»


Аннотация. Бұл мақалада мультимедиялық технологияларды қолдану, осы процеске байланысты артықшылықтар мен қиындықтар қарастырылады.Мультимедиа арқылы білім беру саласында пайдалану барынша дамыған. Жобада мультимедиялық білім беру технологияларының жағдайы мен дамуы талданады. Білім беруде мультимедиялық технологиялардың пайда болу себептері көрсетілген. «Мультимедиялық білім беру» ұғымының мазмұны ашылды. Мультимедианы пайдалану кезіндегі оқыту технологияларындағы айырмашылықтар көрсетілген. Мультимедияны пайдалану кезіндегі оқыту технологияларының артықшылықтары көрсетілген. Зерттеу жүргізу арқылы біз бастауыш сынып оқушыларының ой өрісінің дамуы үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдану керек екенін таптық.Мультимедиялық технологиялар оқушылардың ой өрісінің дамуына, көкжиегінің кеңейуіне көмектесетінін байқадық. Біз осы экспериментімізде көптеген тиімді әдіс-тәсілдерді қолдандық және осы әдіс-тәсілдердің оқушыларға жақсы әсер қалдыратының көрдік. Оқушылар сабаққа қызығушылық танытып белсенділіктерін көрсетті.

Кілтті сөздер:Мультимедиялық технологиялар,бастауыш мектеп, бастауыш мектеп оқушысы, ой өрісті дамыту.


Аннотация. В этой статье рассматриваются использование мультимедийных технологий, преимущества и трудности, связанные с этим процессом.Наиболее развито использование Мультимедиа в сфере образования. В проекте анализируется состояние и развитие мультимедийных образовательных технологий. Показаны причины появления мультимедийных технологий в образовании. Раскрыто содержание понятия "мультимедийное образование". Показаны различия в технологиях обучения при использовании мультимедиа. Показаны преимущества технологий обучения при использовании мультимедиа. Проведя исследование, мы обнаружили, какие методы и приемы необходимо использовать для развития мыслительной сферы младших школьников.Мы заметили, что мультимедийные технологии помогают развитию мыслительного поля, расширению кругозора учащихся. В этом эксперименте мы использовали много эффективных методов и увидели, как эти методы могут произвести хорошее впечатление на учащихся. Учащиеся проявили интерес к занятиям.

Ключевые слова: мультимедийные технологии, начальная школа, ученик начальной школы, развитие мышления.

Annotation. This article discusses the use of multimedia technologies, the advantages and difficulties associated with this process.The use of multimedia in the field of education is most developed. The project analyzes the state and development of multimedia educational technologies. The reasons for the emergence of multimedia technologies in education are shown. The content of the concept of" multimedia education " is revealed. Differences in learning technologies when using multimedia are shown. The advantages of learning technologies when using multimedia are shown. By conducting research, we found out what methods and techniques should be used for the development of the mental field of Primary School students.We noticed that multimedia technologies help students develop their horizons, expand their horizons. In this experiment, we used many effective methods and saw that these methods make a good impression on students. The students showed interest and activity in the lesson.

Key words: multimedia technologies, Elementary School, Elementary School student, development of the field of thought.


Мақала бөлімдері неге көрсетілмеген? Кіріспе, негізгі бөлігі, қорытынды деген сөздер қайда?

Соңғы уақытта білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері зерттеушілердің назарын ерекше аударып отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім сапалы оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен, жаңа технологиялармен оқыту қажет.

Бастауыш мектептің сабақтарында саналуан әдістерді, оның ішінде интерактивті әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Осының өзі оқыту әдістерін қайта қарастыру қажеттігінің туындағанына дәлел болады, бірақ қазіргі таңдағы өзгерістерге орай енгізілген жаңасын көрсету қажет. Мәселен, мультимедиялық технологияны қолдану оқу үрдісінде алуан түрлі тұсау кесерлер жасауға мүмкіндік берді, яғни бұрын соңды мектептерде қолданылмаған, көрнекіліктер тобына жататын әдістер пайда болды. Кітаппен жұмыс әдісі ауқымды ақпараттармен жұмыс, оның ішінде интернет желісінен ақпараттар іздеу, оны өңдеу және қолдану әдістерімен толықтырылды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп баласы.

Зерттеуіміз басатуыш мектеп оқушыларының мультимедиялық технологияларды қолдана отырып ой-өрісін дамыту мәселесі аясында жүргізілді.

Сондықтан, қарастырылып отрыған мәселені шешу үшін осындай мақсат қойдық: Бастауыш мектепте мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамытуды талдау, зерттеу.

Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалады:

-Бастауыш мектептегі мультимедиалық технологиялардың әдебиеттерін зерттеу.

-Бастауыш мектептегі мультимедиалық технологияларда қолданылатын әдіс-тәсілдерге талдау жасау.

-Бастауыш мектепте мультимедиалық технологияларды қолданудағы оқушылардың ой-өрісінің дамуының нәтижесін талдау.

Болжамы:

Бұл жұмыстын жаңашылдығы: бастауыш мектеп оқушыларының оқу барысындағы мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамытуда тиімді деп санаған тәсілдерін қолданып, жаңаша тапсырмалар мен жаңа платформаларды қолдандық.

Бүгінде еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған елу ел қатарына енуді мұрат етуі халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде, білімнің негізгі іргетасы қаланатын бастауыш мектептегі оқу үрдісіне қойылар талаптарды қайта қарауды, түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Өйткені білім беру жүйесі қоғам дамуының қай кезеңінде болса да, сол уақыттың талабына сай үздіксіз жүзеге асатыны белгілі.Мультимедиялық технологияларды игеру және оларды қолдану қазіргі кезде оқу мен жаза білу сияқты қасиеттермен қатар қойылады. Технологиялар мен ақпаратты шебер және тиімді меңгерген балада ойлаудың басқа стилі, өз қызметін ұйымдастыруға да, туындаған мәселені бағалауға да түбегейлі әртүрлі көзқарастары болады деп есептеледі. Мультимедиялық технологияны қолдану алған білімді кеңейтіп, бекітіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін айтарлықтай арттырады. В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Оқыту білімнің үздіксіз жинақталуы емес, есте сақтауды жаттықтыру болуы керек ... Мен балалардың бұл әлемде саяхатшы, жаңалық ашушы және жасаушы болғанын қалаймын» [1,10б].

Шығармашылық қабілет - бұл баланың дамуындағы өте маңызды қасиет. Бала айналасындағы әлемнің әсемдігі мен әртүрлілігін көре білгені жақсы. Егер ол бұл сұлулықты байқап қана қоймай, оны жасай алса тіпті жақсы. Алынған нәтиже балаға эстетикалық және эмоционалды тартымды болуы қажет, сонда ғана ол әсем туындыларды жасау қабілетіне ие болады. Бала сұлулықты өз қолымен жасай бастағанда, ол біздің әлемге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарай бастайды. Ал махаббат пен келісім оның өміріне енеді.

К.Д.Ушинский сонымен қатар: «Балалардың табиғаты визуализацияны қажет етеді» деп атап өткен болатын[2,57б]. Мультимедия - бұл интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаратын визуалды және дыбыстық эффектілердің өзара әрекеттестігі, олар заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды қолданады, олар мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуреттерді, бейнені бір цифрлық ұсынуда біріктіреді. Мультимедиялық технологиялар жалпы білім беру жүйесінде жаңа әдіснамалық тәсілдерді ашады. Олар оқушының сенсорлық компоненттерінің көпшілігін оқу ақпаратын қабылдау процесіне қатыстыру арқылы оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде көрнекі оқу құралдарын орынды қолдану шығармашылық дамытуда маңызды рөл атқарады – оқушылардың байқау, зейін, сөйлеу, ойлау. Кез келген мәтіндік ақпараттан гөрі, мультимедиялық қосымшаларды қолдану арқылы дұрыс құрылған және әзірленген сабақтар оқушыларға жылдамдыққа жетуге, үйретілген білімнің үлгісін құруға көмектеседі [3,2б].

Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары ақпараттық технологиялардың неғұрлым серпінді дамып келе жатқан және перспективалы бағыттарының біріне жатады.


Кесте 1. «Дәстүрлі оқыту үлгісі мен мультимедиалық технология құралдары арқылы оқыту үлгісінің салыстырмалы сипаттамасы».


Негізгі сипаттамалар

Дәстүрлі оқыту үлгісі

Мультимедиялық технология құралдары арқылы жаңаша оқыту үлгісі

Оқыту мақсаты

Оқу бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі

Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету

Оқушының рөлі

Дайын білімді енжар алушы, оқыту үрдісінің объектісі

Белсенді, білімді өзі іздеп табушы, оқу үрдісінің субъектісі

Оқытушының рөлі

Жетекші, оқыту үрдісінің субъектісі, білім көзі

Оқыту үрдісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші

Білімді ұсыну формалары

Дайын күйінде, үлгі бойынша, сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы

Аудио,визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы

Білімді қолдану

Білімді бақылауға дайындық мақсатында, типтік үлгідегі тапсырмалар мен жаттығуларда қолдану

Алынған білімді нақты және жаңа жағдайларда қолданбалы тұрғыда пайдалану

Оқу қызметінің басым формасы

Фронтальді және жеке жұмыстар

Оқушының өзіндік жұмысы және оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, жұптық формалары

Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері

Сөздік әдістер

Оқушы мен компьютердің, оқытушы мен оқушының, оқушы мен оқушының өзара әрекетіне негізделген интерактивті әдістер мен тәсілдер


Біз зерттеудің тәжірбиелік бөлімін Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде өткіздік.

Тәжірбие үш кeзeңдe өткiзiлдi:

a) aнықтaу кeзeңi;

б) қaлыптacтыpушы кeзeң;

в) бaқылaу кeзeңi.

Тәжірбиені aнықтaу кeзeңiнiң мaқcaты – оқушылардың тапсырмаларды орындау және меңгеру дeңгeйлepiн aнықтaу. Oл үшiн біз 3 «Б» сыныбын тaңдaдық.Тәжірибені өткізуге сынып жетекшісі көмектесті. Тәжipибeгe қaтыcушылapдың жaлпы caны - 18 бaлa. Осы сыныпты тәжірбие сыныбы ретінде алған себебім, олар толықтай оқу жазу біледі және оларды жаңа технологияларға үйрету жеңіл әрі тез.

Кeйiн бiз қазақ тілі пәні бойынша берілген жеңіл, орташа, күрделі тапсырмалардың көмегімен оқушылардың тапсырмаларды орындау және меңгеру деңгейлеріне диагностика жасадық.



Сурет 1.Оқушылардың тапсырмаларды орындауда қызығушылық танытуы және ойлау қабілетін(даму) меңгеру деңгейі бойынша деңгейдің диаграммалық көрсеткіші.


Ендігі кезекте осы деңгейлерді арттыру мақсатында біз қазақ тілі сабағына мультимедиялық технологияларды қосамыз.

Біз өткізген сабақ барысында қолданылған мультимедиялық технологиялар келесідей: LearningApps, Wordwall, Kahoot, Educaplay, Socrative, Umaigra және т.с.с. платформалар мен тапсырмалар жүргізілді.

Мультимедиялық технологиялардың тиімділігін байқауда оқушыларға тапсырмаларды осы әдістер арқылы берілді. Тексергеннен кейін тапсырмалардың нәтижелерін төменде байқаймыз.



Сурет 2. Оқушылардың тапсырмаларды орындауда қызығушылық танытуы және ойлау қабілетін(даму) меңгеру деңгейі бойынша деңгейдің диаграммалық көрсеткіші.

Қорыта айтқанда мультимедия ақпарат берудің көптеген арналарымен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүсмкіндіктер ашылады. Мультимедияны қолдану оқушыларды іздемпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Жобалары алған білімдерін іс жүзінде қалай қолдануын тереңірек түсіндіреді, белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.

Қазір бірінші сынып оқушыларының көпшілігінде ұялы телефон, сынып оқушыларының 75%-да арнаулы компьютер бар. Балалар телефонның,компьютердің пернетақталарының тетігін еркін меңгерген, сондықтан тақтаға үйрету үшін арнайы білім талап етілмейді, балалар мұғалімді жай бақылай отырып, жұмыс тәсілдерін тез меңгереді.

Бүгінде оқушылардың визуалды ақпаратқа деген қажеттілігі артып отыр. Мультимедиялық технологиялар сабақтың қандай мақсатына, қай кезеңінде қолданылатынына қарамастан деректерді визуалды ұсыну құралы (кіші мектеп жасында көрнекі-әрекеттік және көрнекі-образды ойлау басым келетініні ұмытпаған жөн) болып табылады. Бұл ақпаратты әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсінеді және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, сызбаларды беруде өте ыңғайлы. Кіші мектеп оқушылары интерактивтік тақтамен қызыға жұмыс жасайды. Олар тақтаға шығуға қорықпайды. Егер қате жіберілген болса, онда маркердің көмегімен қателескен бөлігін кетіре алады, сондықтан балалар өздерін интерактивтік тақта алдында еркін, сенімді сезінеді. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдамайды. Оның үстіне бұл оларға қызықты, сондай-ақ сабақ барысында мотивациясы артады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Сухомлинский В.А. О воспитании - М.: Просвещение, 1975г.

2.Ушинский К.Д. О наглядном обучении. – И Чучин-Русов А.Е. Образование и культура // Педагогика, - 1998г. №1 с12.

3.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%B0

4.Баланың шығармашылыққа білеттерін дамыту – қоғамның маңызды мәселелерінің бірі.//Малтаева Фарида Кыдыровна//16.03.2023/ /https://daryn.online/article/1973

5.Мультимедиа технологиясы және дәстүрлі оқыту формасын оқыту үдерісінде қолдану ерекшеліктері// Нұрғазина Жұлдыз Мұхаметбекқызы// https://alashainasy.kz/

6.Мультимедиа технологиялары// Нурпеисова Ж.С., 2020

7.Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру//Мулдабекова Камчат Тулюгиновна//Алматы, 2014

8.Захарова К.Г. Информационные технологии в образовании: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2003.

9.Мультимедийные технологии в обучении младших школьников// К.п.н. Одинцова С.А., магистрант Кенесова Н.Т.

10.«ЛАТЫН ТІЛІН ҮЙРЕНЕЙІК» МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ//Жакыпбекова Г.Т

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!