Материалдар / Бастауыш сынып "Жақсы ата-ана болуды үйреніңіз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып "Жақсы ата-ана болуды үйреніңіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиналыста ата-аналарға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2021
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ЖАҚСЫ АТА-АНА
болуды үйренеміз
0 АЙДАН
3 ЖАСҚА ДЕЙІН
ҚУАН,
СӘБИ!


Page 2


Page 3

15. БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ ҚАЛАЙ 103
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
16. ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТ У 109
17. ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС 115
18. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ 119
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ
19. КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫҢЫРЛЫҒЫ 127
МЕН ЕСІРІКТІГІ
20. БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН ҚОРҚЫНЫШТАР 131
21. БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 135
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
22. ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК 143
СИНДРОМЫ
23. ҮШ ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС 155
24. ОТБАСЫНДАҒЫ АНА РӨЛІ 161
25. АНАСЫ ЖАНЫНДА БОЛҒАНДА 175
26. ОТБАСЫНДАҒЫ ӘКЕ РӨЛІ 183
27. КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК 189
1. БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ 1
2. БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ 9
ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
3. БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР 23
4. ОЙЫН КӨПТІК ЕТПЕЙДІ 29
5. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ 33
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
6. КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН ҚАУІПСІЗДІГІ 41
7. БАЛА НЕГЕ ЖЫЛАЙДЫ 47
8. БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 55
9. НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ 63
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
10. БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 69
11. БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ? 79
12. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 85
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
13. СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 91
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР
14. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ 97
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ
Содержание


Page 4


Page 5

БАЛАЛАРДЫҢ
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ
ДАМУЫ
1
1


Page 6

3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ КӨРУ
ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Жаңа туылған нәресте жарықты қараңғы-
дан ажырата алады. Алғашқы бірнеше
күн ішінде сәби құрамдас бөлшектерін
ажыратып көре алмаса да, ірі заттардың
сұлбасын айыра алады.
Өмірінің алғашқы аптасында бала түстерді ажырата ал-
майды және тек түсі бір-біріне кереғар нысандарды ғана
көреді. Яғни, алғашқы күндері және айлары сәбидің көз
жітілігі, сонымен бірге, түс ажырату қабілеті әлі жетілме-
ген болады.
Өмірінің 1 айында бала өз көз деңгейінде 20-40 см
қашықтықта орналасқан затқа немесе ересек адам-
ның жүзіне көз тоқтата алуы тиіс, бетінен 20-40 см
қашықтықта көз деңгейінде көлденеңінен баяу қозға-
латын түсі жарқын заттарды бақылай алуы тиіс, жарық
көзіне қарай алуы тиіс.
Өмірінің алғашқы айларында бала дамуы аса
қарқынды жүреді. Әрбір даму саласында күн-
делікті өзгерістер орын алып отырады. Балақай жаңа
дағдылар мен қабілеттерді тез жинап, тез үйрене
бастайды. Ұсынылған ақпарат балақайлардың ата-анала-
рына оның ерте жастағы дамуындағы мүмкіндіктері мен
қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
1 айдан 2 айға дейін
баланың заттардың
құрамдас бөліктерін
және түстерді ажыра
білу қабілеті бірте-бір-
те жетіледі. Бұл ретте
түстерді ажыра білу
қабілеті келесі кезекпен
дамиды: көк, сары, жа-
сыл, қызыл.
i
2
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 7

3 айға дейін баланың көріністік қалаулары
пайда болады – көруге ұсынылған көріністік
бейнелер арасынан бала міндетті түрде бет-жүзді
(тірі немесе суреті салынған) таңдайды. Оған қоса, бұл
жастағы балаларға ақ-қара түсті ойыншықтарға қараған
өте ұнайды.
2,5-3 айлығында бала кейде
анасын, ал кейде әкесін тани-
ды, әлдебір таныс затты көрсе,
күлімсірейді, яғни, оның көру
жадысы – көрініс бейнелерін
сақтау және оларды тани білу
қабілеті дамиды.
Бала өмірінің алғашқы 6 аптасында балада заттық көру
қабілеті, яғни, заттың көріністік бейнесін қабылдау және
оны жадыда сақтау қабілеті болмайды.
1,5-2 айлығында ірі, түстері бір-біріне кереғар заттар,
ересек адамның бет-жүзі біртұтас күйінде қабыл-
данады. Сондықтан, бұл жаста бала өзімен 40-50 см
қашықтықтан сөйлесіп тұрған ересектің жүзіне көз
тоқтата алмайды.
2 айлығынан бастап бала тігінен баяу қозғалатын зат-
тарды бақылауды үйренеді, бірақ оның көз жітілігі әлі
де болса мінсіз емес, көру ауқымы да әлі өте тар.
Бұл жаста бала заттардың 5-2,5 мм-ден кіші құрамдас
бөлшектерін ажырата алмайды, ал екі жақтағы көру
аясы – 10-30 градусқа дейінгі аралықта.
3 айлығында көз жітілігі жетіле түседі – бала өзінен ай-
тарлықтай қашықтықтағы заттарды қарай бастайды: өз
қолы, қолындағы зат, қозғалыстағы заттардың артынан
басын бұрады.
3
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 8

3 айға дейінгі жас аралығында балалардың көру қабілетін
тексергенде қандай белгілерге айрықша назар аудару керек,
қандай белгілер медицина қызметкеріне немесе
ата-аналарға баланың көру қабілетінде бұзылушылық бар
екенін білдіре алады:
көру қабілетіндегі ауытқушылық қауіп-қатерлерінің
бірінің болуы;
баланың бетінен 20-40 см қашықтықта көз деңгейінде
орналасқан затқа ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтата
алмауы;
баланың бетінен 20-40 см қашықтықта баяу қозғалып
тұрған затты көзбен бақылау қимылдарын жасамауы;
баланың өз қолдарын, қолына ұстатылған заттарды қара-
мауы;
күшті жарық көзіне бас бұрмауы;
көз қарашығының жарыққа әсер бермеуі немесе әлсіз
әсер беруі.
Көру қабілетінде бұзылушықтары бар балалардың аналардың
сөзінше, баланың 3 айлығында өздері назар аударған бас белгі
– баланың анасының жүзіне көз тоқтата алмауы. Көп аналар
осы жаста балаларымен сөйлесе бастағанда, бала олардан
теріс айналғанын өкінішпен байқаған. Бұл зағип немесе нашар
көретін бала бірінші кезекте анасымен көру арқылы емес,
тыңдай отырып, дыбыс көзіне қарай басын бұру арқылы әре-
кеттесетінімен түсіндіріледі.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР
ҚАУІП-ҚАТЕРІ ТОБЫ
1. Құрсақ ішінде жұқпалы сырқаттармен (токсоплазмоз,
хламидиоз және т.б.) ауырған балалар;
2. Шала туылған балалар (өмір тарихында - жасанды өкпе
желдету, жан сақтау шаралары жасалған);
3. Генетикалық синдромдары бар балалар;
4. Жүйке жүйесінде ауытқушылықтары (гидроцефалия, бас
миының органикалық зақымдануы және т.б.) бар балалар;
5. Тұқым қуалайтын ауыр сырқаттарға шал-
дығуға бейім балалар (ата-анасының
жоғары дәрежелі миопия сырқаты,
анасының қант диабетімен ауыруы);
6. Есту қабілетінде бұзылушылықта-
ры бар балалар;
7. Көру органы зақымдалға-
нының сыртқы белгілері
(экзофтальм, қылилық, көз қа-
рашығының әдеттен тыс түсі
немесе пішіні) бар балалар.
Бұл топтағы балалардың көру
қабілетінде ауытқушылықтар
орын алу ықтималдығы
жоғары, сондықтан, оларды
тексеру және бақылау аса
тиянақты жүргізілуі тиіс.
4БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 9

1 айлығында бала анасының дауысын таниды, естіген
және көрген әсерлерлін өзара байланыстыруға талпы-
нады, дыбыстың ырғағын, биіктігін және көтеріңкілігін
ажырата бастайды.
2 айлығында сәби басқа дыбыстарға қоса жаңа дыбыс-
тарға құлақ түреді, әуен тыңдайды, ересек адамның
дауысын естігенде күлімсірейді.
3 айлығында баланың естігіштігі айтарлықтай жақсара-
ды, бала қарқындылығы 50-60 децибел (кәдімгі ауызекі
әңгіме) дыбыстарды ести алады. 3 ай толғанда сәби
дыбыс көзіне басын бұрады, дыбыс шығаратын затқа
үңіле қарайды. Осы жаста гу-гулеу және жандану кешені
орын алады.
Есту қабілетіндегі ауытқушылықтар қауіп-қатері тобы:
1. Анасының жүктілік кезінде жұқпалы және вирустық
сырқаттармен (қызамық, қызылша, тұмау, цитамегаловирус
жұқпасы, ұшық, токсоплазмоз) ауыруы;
2. Жүктілік кезіндегі токсикоз және жүктіліктің үзілу қаупі
туындауы;
Кейде бұл жаста қылилыққа душар болған баланың көру
қабілетінде бұзылушылық бар деген қате пікір қалып-
тасады. Алайда, көз мамандары аздаған қылилық 6-7
айлық жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жағдай деп
түсіндіреді.
3АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ
ДАМУЫ
Бала дүниеге келгенде оның есту қабілеті, көру қа-
білетіндей жетілмеген күйде болады. Нәрестенің есту
сезімталдығы жеткіліксіз, себебі, оның орта құлағындағы
қуысы сұйықтыққа толы болады, осы сұйықтық дыбыс
тербелістерін таратуды қиындатады.
Әдетте дені сау, толық тоғыз айдан кейін дүниеге келген
бала жоғары жиілікті дыбыстарды және 70-80 дБ ды-
быстарды (көтеріңкі дыбыстар – телефон қоңырауы, му-
зыка аспабында ойнау, айғай) естуі тиіс. Бұл жаста сәби
көтеріңкі дыбыстарды естігенде селк етеді, қалшия
қалады, көзін жыпылықтатады, сору ырғағын
өзгертеді.
5БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 10

3. Жаңа туылған нәрестелердің тұншығуы (асфиксия);
4. Жүктілік және босану кезіндегі бас сүйек ішіндегі зақым;
5. Гипербилирубинемия (200 мкмоль/л астам) и жаңа туылған
нәрестелердің гемолитикалық сырқаты;
6. Шала туылу және туылған кездегі дене салмағы 1500 г кем
болуы;
7. Анасының жүктілік және емізу кезінде ототоксикалық
дәрілік құралдарды (антибиотик-аминогликозидтер, фуро-
семид, аспирин, құрамында хинин бар дәрілік құралдар)
пайдалануы;
8. Нәрестенің гестациялық жасы 40 аптадан асып кетуі;
9. Анасының және басқа туыстарының есту қабілетін
зақымдайтын тұқым қуалайтын ауруларының болуы.
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СЕЗІМДЕРІ МЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Баланың өмірі алғашқы рефлекстік айғайынан баста-
лады. Өмірінің алғашқы күндері және апталары бала
жағымсыз жайттарға (ауыру, ашығу, ұйқысы келу) өзінің
теріс көзқарасын айғаймен, жылаумен, ұзақ уақыт бойы
қимыл-қозғалыста болуымен білдіре алады. Бірте-бірте,
өмірінің әрбір жаңа күні өткен сайын, баланың жылауы
да туу себептеріне қарай әртүрлі бола бастайды, ал анасы
сол себептерді ажыратуды үйрене бастайды. «Түрлен-
дірілген айғай-жылау» деп аталатын
кезең орын алады. Бұл кезең баланың
эмоционалдық дамуы
үшін де, «ана-бала»
екілігінде тұрақты
және тиісті байла-
ныс қалыптасуы үшін де
айрықша маңызды болып
саналады.
ЕГЕР НӘРЕСТЕНІҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНДЕ АУЫТҚУШЫЛЫҚ
ҚАУІП-ҚАТЕРІНІҢ БІРІ БАР БОЛСА НЕМЕСЕ БАЛА ТӨМЕН -
ДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАМАСА, АТА -АНАЛАР
ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАНЫҢ ЕСТУ
РЕАКЦИЯСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУІ ТИІС:
1. Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында қатты дыбыстар
шыққанда селк етпейді;
2. Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында дауыс естісе,
қалшия қалмайды;
3. 3-4 айлығында бала дыбыс көзіне қарай басын бұрмайды;
4. 3-4 айлық бала анасының дауысын естігенде жандана
түспейді;
5. 2-4 айлығында бала гу-гулей бастамайды.
ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ АТА -АНА-
СЫ БАЛАДАН ОСЫ БЕЛГІЛЕРДІ БАЙҚАМАСА, ОНДА
БҰДАН ДА ТИЯНАҚТЫ, ӘРІ МҰҚИЯТ БАҚЫЛАУ МЕН
ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН.
6БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 11

Кейінірек, жылау тек физикалық емес, сондай-ақ, бала-
ның жан қиналысын да білдіре бастайды.
Күлімсіреу сияқты ұнамды сезімдер балада айғайдан
кешірек пайда болады. Авторлардың көпшілігі бала-
лардың күлімсірей бастауы 4-6 аптада басталады деп
санайды. Біздің байқауымызша, сәби өмірінің алғашқы
аптасында, ал кейде, алғашқы күні-ақ күлімсірей
бастайды. Бірақ бұл жастағы күлімсіреу айналасын-
дағы ересектермен қарым-қатынас белгісі емес, тек
физикалық тұрғыдан толығымен жайлы сезіну
күйін білдіреді.
Алғашқы, «әлеуметтік» күлімсіреу
(яғни, қарым-қатынасқа бағытталған)
бала өмірінің 1-1,5 айына қарай
пайда болады. 4-6 айлығында
бөбек анасының жұмсақ дауыс
ырғағына, жүзін жақындатқанына
күлімсіреп жауап береді.
2,5-3 айлығында бала, әдетте, да-
уысты дыбыстарды және көмей-
лік дыбыстарды әуендетіп айтып,
гу-гулей бастайды.
3 айлығында бала өз дауысын басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түсу үшін қолданады: ол «ау-ау» деп
дыбыстайды, сосын біраз үнсіз қалады, ересекке қарап,
жауап күтеді, ересек адам жауап қайтарғанда ол сол
ересек сөйлеп біткенше күтеді де, қайтадан «ау-ау»
деп бастайды. Қалыпты дамып келе жатқан бала «тірі
емес» заттармен осылай «сөйлесуге» тырыспайды,
олардың тарапынан дыбыс немесе өзге жауап күтпей-
ді.
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек
адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық
әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану
кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату,
күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы
(бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды)
кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.
ӘЛЕУМЕТТІК КҮЛІМСІРЕУДІҢ ЖӘНЕ ГУ -ГУЛЕУДІҢ, ЕРЕ-
СЕК АДАМНЫҢ БЕТ -ЖҮЗІНЕ КӨЗ ТОҚТАТУДЫҢ, ЖАНДА -
НУ КЕШЕНІНІҢ ЖОҚ БОЛУЫ НЕМЕСЕ КЕШ ПАЙДА БОЛУЫ
БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ БҰЗЫЛУШЫЛЫҚТАР БАР
ЕКЕНІНІҢ АЙҒАҒЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ ҚОСЫМША
БАҚЫЛАУ МЕН ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ.
7БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 12

3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС-
ТЫҚ ДАМУЫ
Нәресте дүниеге келгенде бірқатар туа біткен шартсыз
рефлекстерге ие болады, олардың бір бөлігі оған өмір
сүру үшін қажет (тыныс салу, қан айналымы, іздеу, сору
рефлексі, қарашық, жыпылықтау және т.б. рефлекстері), ал
басқалары – эволюция барысында бала өмірі үшін мәнін
жоғалтқан рефлекстер (қармау, сүйену, өздігінен жүру,
Моро және т.б.). Есейген сайын кейбір рефлекстер жойы-
лады, ал басқалары орныға түседі, ал тағы бір рефлекстер
тобы өзге рефлекстердің қалыптасуына негіз болады.
Өмірінің алғашқы айында нәресте аз қимылдайды, уақытының
көп бөлігін өзін ересектер жатқызған қалыпта жатып өткізеді,
қолдарының және аяқтарының бүккіштерінің бұлшық ет тону-
сының физиологиялық көтеріңкілігі байқалады, ересек адам
оны қолына алып көтергенде, басын ұстай алмайды.
1-2 айға дейін баланың қол-аяғының қимыл-қозғалысы бейбе-
рекет сипатқа ие. Тек 1-1,5 айда бала басын ұстап үйренеді.
2-3 айлығында бала шалқасынан жатқанда басын орта сызықта
ұстай алады, қолдарын кеудесінің орта сызығына әкеліп қоя
алады, аузына апара алады, қолына ойыншық ұстатса, қолын
қысады. Осы жаста сәбидің қолына ойыншықпен тиіссе, жұды-
рығын ашады, біршама уақыт бойы қолына берген ойыншықты
ұстап тұра алады, өз қолдарына қарай алады, өз бетінше
шалқасынан бір бүйіріне аударыла алады, етбетінен жатқанда
тепе-теңдігін сақтай алады (арқасына немесе кеудесіне құла-
майды).
3 ай толғанда сәби көрген затына қолын созады, өзіне ыңғайлы
қолымен оны қармайды, ұстап тұрады, аузына қарай тартады.
3 айлығында бала етбетінен жатқанда басын 45-90 градусқа
көтереді (кеудесі көтеріңкі, білегіне, шынтағына иығы деңгейін-
де немесе иықалды деңгейінде сүйенеді).
8БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Page 13

2
БІР ЖАС
ІШІНДЕГІ
БАЛАЛАРДЫҢ
ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ
ДАМУЫ
9


Page 14

Тек 1,5 айлығында сәби басын ұстауды үйрене бастай-
ды. 1-3 айында бала шалқасынан жатқанда басын орта
сызықта ұстай алады, қолдарын денесінің орта тұсына
әкеліп қоя алады және аузына апара алады.
3 АЙДАН 6 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИ-
МЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ ДАМУЫ
Баланың алғашқы мақсатты қимыл-қозғалыстары,
шалқасынан етбетіне аударылу, етбетінен шалқалап
жату сияқты денесін кеңістікте қозғалту қимылдары
пайда бола бастайды. Оған қоса, бала басын, денесін
және аяқ-қолын кеңістікте жақсырақ басқара алады,
денесі қабылдаған қалыпты ұзағырақ ұстап тұра алады,
сондай-ақ, заттарды және ойыншықтарды еркінірек
басқара алатын болады. Әдетте, бала алдымен шалқа-
сынан етбетіне аударылуды үйренеді, 4-6 айлығында
орын алады. Кейбір балалар 6 айлығында етбетінен
шалқасына аударылуды біледі, бірақ
балалардың көпшілігі бұл қимылды
тек 7 айдан асқанда жасай бастай-
ды.
Нәрестелік шақ (туылған күннен бастап 1 жасқа дейін)
– баланың жоғары қарқынды дамуымен және баланың
қалыптасуында айрықша маңызға ие болуымен сипатта-
латын кезең.
Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі «бұрын-соңды бол-
маған» серпіліс жасайды – жеті айға толғанда ми салмағы
екі еселенеді, ал бір жарым жасқа толғанда үш еселенеді.
Кейін мұның бірі де қайталанбайды. Өмірінің алғашқы
жылы бала белгілі жас кезеңдеріне тән ең маңызды деген
дағдыларды және қабілеттерді үйренеді.
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС-
ТЫҚ ДАМУЫ
Туа сала нәресте бірқатар туа біткен шартсыз рефлекстер-
ге ие болады, оның бір бөлігі жойылады, екіншілері – ор-
нығады, ал тағы бір бөлігі өзгелерінің қалыптасуына негіз
болады. Өмірінің алғашқы айында бала аз қимылдайды,
ол көбінесе жатқызған күйінде жата береді, қол мен аяқ
бүккіштерінің бұлшық ет тонусының физиологиялық кө-
теріңкілігі байқалады. Ересектер баланы қолға алғанда ол
басын ұстай алмайды. 1-2 айлығында баланың аяқ-қолда-
рының қимыл-қозғалысы бейберекет сипатқа ие.
10БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 15

3 айдан кейін бала қолын «ашады», көрген затына
қарай созылады, оны бір қолмен де, қос қолдап та
қармайды, аузына қарай тартады. Ойыншықты зерт-
тейді, саусақтарымен әрлі-берлі жүргізеді, бір қолынан
екіншісіне ауыстырып салады. 5-6 айға толғанда бөбек
заттарды бас бармағын басқа саусақтарына қарсы қой-
ып тұрып ұстайды.
4,5-6 айлығында бала етбетінен жатып, созулы жатқан
қолына сүйене алады (қолы ашық, кеудесі көтеріңкі, иегі
төмен түсірілген); бір қолының білегіне сүйеніп, екінші
қолымен затқа қарай созылады. Балалардың бір бөлігі
5,5-6 айлығында етбетінен жатып, айнала аударыла
алады, ал кейбірі аздаған қашықтыққа етбетінен жатып
еңбектей да алады. Бала аяқтарын ішіне қарай жинай
алады, оларды көтере алады, тізесін қолдарымен ұстай
алады (4-5,5 айлығында, ал ересектер қолынан созғанда
отыруға талпынады). Балалардың көпшілігі отырғы-
зып қойса, бірнеше секунд бойы отырған күйін сақтай
алады.
1. Шалқасынан етбетіне аударылмайды;
2. Етбетінен жатқанда тым болмаса қысқа уақытқа созулы
қолының білектеріне сүйене алмайды;
3. Етбетінен жатқанда бала ойыншықтарды басқара ал-
майды (денесінің салмағын бір қолына қарай ығыстыра
алмайды);
4. Етбетінен жатқаны біртүрлі (бала басын әрең көтереді,
әрең ұстайды, қолы кеудесінің астында немесе керісінше
– екі жағына қарай кең жайылған, білегі мен қолы супина-
ция күйінде, яғни, алақаны жоғары қаратылған);
5. Көбінесе қолын жұдырығына жұмып жатады;
6. Қармауға ыңғайлы ойыншықты бір немесе қос қолдап
ұстай алмайды, қолымен немесе ойыншықпен аузына
жете алмайды;
7. Шалқасынан жатқанда балтыры мен
санын көтере алмайды
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ АТА -
АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ -
6 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ КЕЛЕСІ ҚИ -
МЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ БОЛМАУЫ:
11БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 16

6-12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒА -
ЛЫСТЫҚ ДАМУЫ
Бұл кезеңдегі балақайдың қимыл-қозғалыстағы белсен-
ділігі алдыңғы айлардағыға қарағанда әлдеқайда тез
дамиды.
6-7 айлық бала ұзақ уақыт бойы етбетінен, жазылған қос
немесе бір қолына сүйеніп жата алады, бұл қалыпта қолдары
босаңсыған, бала етбетінен жатып, ойыншықтарды және басқа
да заттарды еркін басқара алады. Етбетінен жатқанда баланың
денесі мен аяқтары жоғары қарай ашылған доға пішініне
келеді. Бала шалқасынан етбетіне, етбетінен шалқасына еркін
аударылады.
7 айлығында барлық дерлік (ересектер отырғызып қойған)
балалар арқасын тік ұстап, қолдарын алдына сүйеніш ретінде
тіреп, отыра алады; сүйеусіз бір минуттан бірнеше минутқа
дейін отыра алады. Кейінірек, 8-9 айлығында балалар бір
жағында жатқан затты алу үшін денесін бір бүйіріне қарай бұра
алады, осы уақытта «бүйірлік қорғаныс реакциялары» пайда
болады, яғни, бала денесін бір жаққа немесе артқа бұрғанда те-
пе-теңдікті сақтау үшін қолын сүйеу ретінде бір жағына тірейді.
7-8 айлығынан бастап, бала бір білегіне, содан соң – жазылған
қолына таянып, «бір жағына шынтақтап жатып» ойнай алады.
Еңбектеу де кезең-кезеңмен дамиды: алдымен бала етбетінен
жатып, айнала аударылады (5,5-5,7 айлығында), ал кейін
етбетінен артқа қарай, сосын етбетінен алға қарай еңбектейді.
Балақайлардың көпшілігі төрт аяқтап еңбектеуге барлық
алдыңғы кезеңдерді кезек-кезегімен игергеннен кейін көшеді,
бірақ кейбір балалар етбетінен еңбектемей-ақ, бірден төрт
аяқтап еңбектей бастайды. Әдетте, балалар 8,5-9 айлығынан
бастап төрт аяқтап еңбектейді. Кей балалардың еңбектемеуі
қалыпты жағдай емес. Баланың 9-10 ай толғанда неге
еңбектемейтінінің негізді себептерін анықтау қажет (жүйке
жүйесінің сырқаттары, мешел ауруы (рахит), баланың қимыл-
қозғалыста тәжірибесінің жоқтығы, ата-ана тарапынан шамадан
тыс қамқорлық көрсету).
8,5-9 ай толғанда балалардың көпшілігі өз бетінше отыра
алады. Көбінесе, балалар алдымен етбетінен немесе төрт
аяқтап тұрып отыруды үйренеді. Егер бала осы қалыптардан
өз бетінше отыру қалпына көше алса, өз бетінше отырады деп
саналады. «Шалқасынан жатқан» қалыптан өз бетінше отыруды
бала 9-11 айлығында игере бастайды.
12БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 17

7-8 айлығында бала кеудесіне сүйеніп, аяқтарын бүге
және жаза алады (дене аздап алға иілген). 8-9 ай толған-
да барлық дерлік балалар қос қолдап сүйеніп тұрып,
тұра алады, бұл ретте салмақтың басым бөлігі аяққа
түседі, ал қолдарын бала тұрған күйде тепе-теңдігін
сақтау үшін пайдаланады. 9-10 ай толарда балалардың
көпшілігі «табанына сүйеніп отыру» қалпынан (яғни,
орындықтан) және бір тізесі арқылы қос қолдап со-
зылып, «тізерлеп» тұрған қалпынан сүйеніштің жанына
тұра алады. Бұл жаста көптеген балалар сүйеніштің
жанында тұрып, дене салмағын бір аяғынан екіншісіне
ауыстыра алады (яғни, теңселеді, аяғын кезек-кезек
басып тұрады). Кейбір балалар сүйеніштің бойымен
жалғамалы қадамдармен жүре алады, кейбір балалар
бір қолымен сүйеніштен ұстап тұрып, ал екінші қолымен
құлап қалған затты алуға тырысып, тұрған күйі еденге
қарай иіле алады.
12 айлығында балалар бір нысаннан екіншісіне жетіп,
өз бетінше жүруге талпынады.
i ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА БАЛА:
1. Cүйеусіз бірнеше минут бойы нық отыра алмайды;
2. Eтбетінен немесе төрт аяқтап тұрған немесе шалқасынан
жатқан күйден өз бетінше отыра алмайды;
3. Етбетінен немесе төрт аяқтап еңбектемейді;
4. Орындықта отырған күйден, тізерлеп тұрған күйден сүй-
еніштен ұстап тұрып өз бетінше тұра алмайды;
5. Сүйенішті қос қолдап ұстаған күйі тұра алмайды немесе
тұруға тырысады, бірақ дене салмағының басым бөлігін
қолдарына, кеудесіне, ішіне аударады (сүйенішке қолда-
рымен, кеудесімен, ішімен «ілініп» тұрады»);
6. Қос қолдап ұстап, сүйеніштің жанында тұра алады, бірақ
табаны жерге толық тимейді (аяғының ұшына сүйеніп
тұрады);
7. Қозғалыссыз, сондай-ақ, қозғалысты әртүрлі дене қалыпта-
рында асимметрия байқалады (мысалы, тек бір бүйірінен
ғана аударылады, отырады; отырғанда, тұрғанда дене сал-
мағы тек бір жағына ғана ауады, дененің және аяқ-қолда-
рының оң және сол жақтарының қимыл-қозғалысы көлемі
мен сапасы жағынан қатты өзгешеленеді).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, БАЛАНЫ ҚОС ҚОЛЫНАН ТАРТЫП ОТЫ -
РУҒА ҮЙРЕТПЕГЕН ЖӨН, СЕБЕБІ, БҰЛ ТӘСІЛ ФИЗИОЛО-
ГИЯЛЫҚ ОТЫРУ ТӘСІЛІ ЕМЕС.
Ересек адам балақайды «шалқасынан жатқан» күйден отыруға
үйреткенде баланы бір қолынан ұстап, екінші қолын сүйеніш
ретінде бір жағына тіреуі қажет.
13БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 18

ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
Ұсақ моториканы дамытудың түпкі мақсаты болып қол қимыл-
дарын өз еркінше үйлестіру табылады. Бұл даму үдерісі, жүру
сияқты, рефлекстік қимыл қорынан (қолдың қармау рефлексі)
басталады.
Жаңа туылған сәбидің жабық алақаны (бас бармағы бүгулі,
қалғандары иілген) қалыпты жағдай болып табылады.
Алғашқы айдың аяғында өтпелі кезең байқалады, бала алақаны
ұзағырақ уақытқа ашық қалады.
Үшінші айдың аяғында бала жартылай жабық алақанын алдын-
да тұрған затқа қарай қозғалта алады, қос қолын да зат тұрған
бағытта соза алады, бірақ барлық қимылдары орта сызық
бойымен үйлестірілген.
4 айлық баланың алақаны көбіне ашық болады. Ол қолдарын
бетіне тақап, оларға қозғалыстағы заттар ретінде қарай алады.
Қолдарын орта сызыққа келтіру қос қолдың бір-бірімен
өзара жанасуымен ерекшеленеді. Жартылай ашық алақандар
бір-біріне оңай салынады. Бала ойыншықты қолында ұстай
алады, аузына апара алады, ернімен және тілімен зерттей
алады. Әлдебір затқа бағытталған жұлқи жасалатын қимылдар
көбінесе қос қолдап жасалады. Бұл – көру-қозғалыс үйлестігін
дамытудың алғашқы сатысы.
Қолдың қармау рефлексі 6 ай толғаннан кейін басылады неме-
се саусақтарды қысқа уақытқа бүгу түрінде көрініс береді.
6 айлығында бала ойыншықтарды қос қолдап ұстай алады,
ойыншықты бір қолынан екіншісіне сала алады, алыстағы затқа
қарай созылады, ұсақ заттарды (қиқымдарды) барлық саусақта-
рымен қармауға тырысады. Балақай заттарды қолында алақа-
нымен ұстап тұрады, саусақтарын заттың айналасына бүгеді,
бас бармағы басқа саусақтарға қарсы қойылады.
6-7 айлығында бала ойыншық ұстап тұрған қолын айналдыра
алады.
7-8 айлығында, егер бала бір мезетте екі затты ұстаса, онда
оларға кезек-кезек қарайды, бір-біріне ұрғылайды. Бұл жаста
саусақпен қармау пайда болады (зат енді алақанда жатпайды).
Ірірек заттарды және ойыншықтарды бала қос қолдап қармап,
ұстайды.
8-9 айлығында көптеген балаларда «қысқыштық» қармау пайда
болады (ұсақ заттарды екі саусақтап – бас бармақпен және
сұқ саусақпен ұстау), бұл қармау түрі кейінірек – 11-12 айда да
пайда болуы мүмкін.
8-9 айлығында балалардың көпшілігінде жанында тұрған бар-
лық заттарды және ойыншықтарды ұстау және еденге лақтыру
түріндегі ойын пайда болады. Алдымен бала заттардың қайда
құлайтынына мән бермейді, бірақ, уақыт өте келе, бұл ойын
түрлене түседі: бала затты алады, оны қарап шығады, оны
үстелге, төсекке ұрғылайды, лақтырады, қайда
құлағанын қарайды, содан соң, айғайлап,
анасының сол құлаған затты алып, өзіне
беруін талап етеді.
14БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 19

ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1. Ересек адамның бет-жүзіне, түсі ашық затқа көз тоқтата
алмау;
2. Баяу қозғалыстағы затты көзбен бақылау қимылдарының
болмауы;
3. Бала түсі ашық заттарға қол созбайды, тура алдына қойыл-
ған ойыншықтарды ұстамайды.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Бала туа салысымен миы қалыпты дамуы үшін ол сан-алуан
көру бейнелерінің көмегімен ынталандырылуы тиіс.
Жаңа туылған нәресте жарықты сезеді, басын жарық көзіне
бұруға тырысады. Өмірінің бірінші аптасы аяғына таяғанда сәби
көзін анасының бет-жүзіне тоқтатып, қарай алады.
2-3 ай толғанда бала қозғалыстағы заттарды бақылауға, өз қол-
дарына және жақын жерде орналасқан заттарға қарай алады.
6 айлығында бала заттардың ұсақ бөлшектерін және көлемі
0,5-1 мм ұсақ заттарды ажырата алады. Көру аясы ай сайын
10 градусқа кеңейеді, ал 6 ай толғанда екі жағынан да 50-60
градусты құрайды.
Осы жаста бала көлденеңінен, тігінен, сағат тілімен және сағат
тіліне қарсы бағытта баяу қозғалатын заттарды бақылай білуі
тиіс, әрі бақылау үзік-үзік емес, бірқалыпты болуы тиіс.
6 айлығында бала өз қолдарына қарайды, қызығушылығын ту-
дырған заттарға қарай созылады, алыс емес жерде орналасқан
заттарды қармайды, құлап бара жатқан және домалап бара
жатқан ойыншықтарды бақылайды, дененің орта сызығын кесе,
көз тоқтата алады.
Бұл жастағы бала тек жақындарын ғана емес, сүйікті ойын-
шығын, бөтелкесін, басқа да айналасындағы заттарды тани
және ажырата алады.
9 айлығында балалардың басым көпшілігі көз алдында жаялық
немесе қағаз астына жасырылған затты табады, қозғалыстағы
затты бақылайды, оны қармауға талпынады, жанында жатқан
ұсақ заттарды жинайды. Бұл жаста көптеген балалар бұған
дейін белгілі бір тәжірибе жинап, пішіні жағынан бір-біріне
ұқсас заттардың атқаратын жұмысын түсіне бастайды (мысалы,
қасықты көре сала – сабынан ұстап, аузына апарады, немесе
қолына доп тисе, оны домалату немесе лақтыру қажет екенін
түсінеді).
12 айлығында бала басын бұрады, тұрған күйде көзін жоғары
және төмен түсіреді, әрі дене
тепе-теңдігін сақтайды,
қозғалыстағы заттарды жақсы
қармайды, суреттерді және
фотосуреттерді қарайды.
15БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 20

ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1. Адамның бет-жүзіне, ойыншыққа көз тоқтата алмайды;
2. Қозғалыстағы заттарды бақыламайды және олардың ұстап
алуға талпынбайды;
3. Ұсақ заттарды (қиқымдар, жіптер) жинауға талпынбайды;
4. Қолына түскен заттарға, ойыншықтарға қарамайды, бірақ
ұзақ уақыт бойы басқа тәсілдермен барлайды (сипалайды,
бетіне басады, аузына апарады, жалайды, кеміреді);
5. Жиі және ұзақ, тіпті ояу болғанда да, көзін қолымен уқа-
лайды;
6. Көлеңкелі бөлмеде жарқырауық ойыншықтармен жақсы-
рақ және ұзағырақ ойнайды.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Жаңа туылған нәресте оқыс дыбыстарды ести алады: ол қорқа-
ды, селк етеді, көзін жұмады, маңдайын тыржитады, айғайлайды.
Өмірінің алғашқы айы соңына таяғанда қалшию әрекеті бай-
қалады: сылдырмақ сылдырына немесе әңгімеге құлақ түріп
жатып, бала сөйлеп жатқан адамның бетіне үңіле алады.
3 айлығында бала әртүрлі дыбыстарға құлақ салады, мінезі
дыбыс ырғағы мен екпіні әртүрлі болғанда өзгереді. Дыбыс
көзін іздеу қимыл-әрекеті дамиды. Бала анасының даусын
басқа дыбыстардан ажыратуды үйренеді.
6 айлығында бала тек жоғары жиілікті дыбыстарды (ысқыру,
телефон қоңырауы, сыбызғы), ауызекі әңгімені ғана емес,
сыбыр сияқты бәсең дыбыстарды да ести алады. Бұл жастағы
бөбек кеңістікте дыбыстардың орнын табу дағдыларын жетіл-
діреді, басын шыққан дыбыс көзіне қарай бұрады, естіген
және көрген әсерлерін өзара байланыстырады.
6 айлығында баланың гу-гулеген дауысы әркелкі, сазды бола
түседі, онда көптеген жаңа дыбыстар мен ырғақтар пайда
болады, дауысты дыбыстарға кейбір дауыссыз дыбыстар
қосылады, яғни, былдыр деп аталатын дыбыс тіркестері пайда
болады.
Есту құрылымы қалыптасқаннан кейінгі баланың дамуы
«дыбыстар сөздігін» жинау, есту жадысын дамыту арқылы
жалғасады. 6 айдан кейін бөбек үшін маңызды ересектермен
қарым-қатынас, олармен «әңгімелесу» айрықша маңызды. Ол
тек гу-гулеп, былдырлап қана қоймай, қызу қол сермейді, бет
қимылын, ым қосады.
16БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 21

ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1. Гу-гулеген дыбыстардың болмауы немесе олардың солғын,
әлсіз шығуы, кеш пайда болуы (4-5 айдан кейін);
2. Сөйлеп жатқан ересек адамға қарай басын бұрмауы;
3. Сыбыр әңгімеге назар аудармауы;
4. Сыбызғы ойыншыққа назар аудармауы;
5. Дауыс ырғақтары өзгеше – өзгермейтін, бір сарынды,
екпінсіз гу-гулеген дыбыстар.
БАЛАНЫҢ КҮРДЕЛІ ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ДАМУ ТІЗБЕ -
ГІНДЕГІ ТІПТІ БІР БУЫН ҚАЛЫС ҚАЛСА, СӨЗСІЗ ӨЗГЕ
САЛАЛАРДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРҒА НЕМЕСЕ ДАМУ
ҮДЕРІСІНІҢ КЕШЕУІЛДЕУІНЕ ДУШАР ЕТЕДІ.
7-9 айлығында баланың былдыр тілі әркелкі, белсенді бола
түседі, көптеген балалардың тілінде бірдей екі буыннан тұра-
тын қос буынды сөздер (мама, папа…) пайда болады, алайда,
ескерте кететін жайт, көп жағдайда бұл «сөздер» өз мән-мағы-
насына сәйкес емес, олар алғашқы мақсатты сөздерге көшудің
өзінше бір «былдыр» кезеңі болып табылады.
8-10 айлығында бала жекелеген сөздердің мағынасын түсіне
бастайды: өз атын естігенде үн қатады, «болмайды», «тұра тұр»
десе, қалшия қалады, өтініш жасаса, жекелеген әрекеттерді
орындайды (бер, ал, сау бол, «қуыр-қуыр, қуырмаш»). Балалар-
дың көпшілігі 9-10 айлығында «қайда» деген сұрақты түсінеді,
ересек адам «Төсегің қайда?» деп сұраса, көзімен іздеп табады
немесе таныс затты қолымен көрсетеді.
Бұл жаста есту, көру қабілетінің дамуын баланың танымдың да-
муынан және моторикасының дамуынан ажырату айтарлықтай
қиын.
17БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 22

ТІЛ ДАМУЫ (ТІЛ ДАМУ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ)
Өмірге келгеннен кейінгі алғашқы жыл – баланың
тілдік мүмкіндіктері дамуындағы дайындық кезеңі. Тіл
дамуы айналадағы әлемді игерумен тығыз байланысты.
Баланың тілдік белсенділігі көру мен естудегі бағдарлау
қабілеттерін жетілдіру, ересектермен эмоционалдық
байланыс орнату және қимыл-қозғалыс белсенділігін
дамыту жағдайында көрініс береді.
Жаңа туылған сәби айғай, жылау, бет-аузын тыжырайту
және дене қалыбы арқылы тілдесуге қабілетті.
Жатысы жайсыз болғанда, тоңғанда, ашыққанда, бір
жері ауырғанда айғайлап белгі береді. Сәби екпінді
сору қимылдарын жасайды, аталмыш қимылды жасау
үстінде шолпылдаған дыбыс шығады. Сору рефлексі –
кейінгі тіл дамуының ең маңызды қимыл-қозғалыстық
алғышарты. Бірте-бірте эмоционалдық-мәнерлі мінез-
құлық дамиды («жандану кешені»). Бала көмейлік
дыбыстар шығара алады, күлімсірей алады, аяқ-
қолымен белсенді қимыл-қозғалыс жасай алады.
3 айлығында балалар сөздердің мәнін түсіне алмайды,
алайда, әртүрлі дауыс ырғағына
әртүрлі жауап қайтарады: мысалы,
көңілді, жұмсақ, сазды ырғақ баланы
күлімсіретеді. Бұл жаста айғай
сапасы өзгереді, гу-гулеу, күлкі
пайда болады.
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА:
1. Бала өз аты аталғанда мән бермейді, атын атап, шақырған-
да тоқтамайды;
2. Бала әңгіме немесе сыбыр деңгейінде шыққан дыбыс
көзіне басын бұрмайды;
3. Былдырламайды немесе былдыры өте әлсіз, солғын;
4. Бала анасы өтінген қарапайым әрекеттерді орындай ал-
майды (бер, сау бол, маған кел және т.с.с.)
18БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 23

Қуаныштан айғайлағанда жалпы хал-жағдайының
орнықтылығы және өз бетінше дыбыс шығара алу
мүмкіндігіне қуаныш көрінуі мүмкін. Ол қысқа, үзіл-
мелі дыбыстармен, дауыс сарынының оқыс өзгеруімен
сипатталады.
4-5 айлығында балада әуенді «а-а-а», «у-у-у» дауыс-
ты дыбыстары пайда болып, кейін «ау-ау-ау» немесе
«вау-вау» дыбыстарына айналады. Бұл кезеңде гу-гу-
леу қарқынды дамиды. Бөбек өзіне назар аудару үшін,
ересектермен байланыс орнату үшін түрлі дыбыстар
шығарады.
5-6 айлығында былдыр пайда болады, балалар
бастапқы «ба-ба», «ва-ва», «ди-ди» және т.с.с. буындарды
айта алады.
Әртүрлі дыбыс тізбектерін шығарғанда, бала оларды
нақты кідірістермен, әртүрлі дыбыс және сарын күшімен
ажырата алады.
6 айдан кейін бала нұсқау қимылын игереді, ересектер
«қаңқыл-қаңқыл», «аф-аф», «ба-ба» дыбыс тіркестерін
айтқанда және «қайда» деген сұрақ қойғанда – қажет
бағытта бұрылып, саусағымен нұсқайды.
Осылайша, өзіне қаратылып айтылған сөзді түсіну,
заттарды және айналадағы кеңістікті іс жүзінде игеру
тәжірибесінің аясы кеңейе береді. 9-12 айлық жаста
бала айтылған сөзге еліктеу дағдысын меңгереді,
ересектердің артынан жаңа буындарды айтуға
талпынады. Таныс жайттарды, заттарды таңбалау
үшін бала бір буынды немесе өзге дыбыстық тіркесті
пайдаланады. Осындай «алғашқы» сөздердің мән-
мағынасы кең болуы ғажап емес. Дәл осы жаста бала
тыйым салғанда құлақ асады, өтінгенде қарапайым
әрекеттерді орындай алады – бұл тіл мен сана
дамуындағы маңызды кезең.
19БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 24

Бір жастан асқанда баланың жиі қолданатын сөздік
қоры сирек қолданатындарына қарағанда әлдеқайда аз,
бірақ, барлық қолжетімді тәсілдермен тілдесуге ұмтылыс
тіл дамуында өте маңызды рөлге ие.
Тіл/сөйлеу дағдыларын бір жаста игеру көптеген фактор-
ларға тәуелді:
есту органының жағдайы;
үлкен жартышарлардың қыртысында тіл/сөйлеу
аймақтарының қалыптасуы;
артикуляция (сөзді анық айту) қабілетінің дамуы;
баланың эмоционалдық жай-күйі;
қозғалыс және айналадағы әлемді тану қажеттілік-
терінің тиісінше қанағаттандырылуы;
тіл ортасының белсенділігі.
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
3 ай:
1. Оқыс дыбыс шыққанда селк етпейді;
2. Дыбыс шығармайды;
3. Ересектің бет-жүзіне және даусына мән бермейді.
6 ай:
4. Дыбыс шыққан жаққа бұрылмайды;
5. Дыбыс шығармайды;
6. Сізді тілдесуге тартпайды.
9 ай:
7. Сізге қолдарын созбайды;
8. Өз аты аталғанда мән бермейді;
9. Дыбыстарды қайталамайды;
10. Жалғыз ойнағанда дыбыс шығармайды.
12 ай:
11. Айналасындағы заттарға саусағымен нұсқамайды;
12. Сіздің ым-ишараттарыңызды қайталамайды;
13. Ым-ишараттарды өзі қолданбайды;
14. Қарапайым нұсқауларды түсінбейді;
15. Жасырынбақ, «қуыр-қуыр, қуырмаш» ойындарына назар
аудармайды;
16. Бірге ойнау үшін сізге ойыншығын ұсынбайды.
20БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 25

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз
байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды:
ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байла-
ныс орнату қабілетін дамыту;
баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуел-
діліктен бірте-бірте дербестікке көшуі.
Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекет-
тері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты
(тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш
жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы).
Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатына-
сының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі
туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер
бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады
(мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы
терісімен жанасудың арқасында тынышталады).
Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке
тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ,
аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа
тоқтата алады.
Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақы-
лай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу
түрінде алғашқы жауабы пайда болады.
Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге
әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас
бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың
барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың
қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді,
әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста
баланы кез-келген адам күлімсірете
алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы
адам жүзінің сұлбасы ие.
21БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 26

4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар
арасында өзара байланыс бар екені туралы түсінігі
қалыптасады, танымдық сезімдері дамиды.
6 айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға
әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс
ырғағындағы, дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне
алады. Бұл жаста негізгі сезім түрлерінің түгелдей бір
жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, таныс және бей-
таныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе.
12 айлық балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтиже-
сінде туындайтын сан-алуан әлеуметтік сезімдерге ие
болады, сонымен қатар, ересектермен қарым-қатынас
мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі зат-
тармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бір-
те мақсатты «әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз
қолына алады. Оны белсенділігі мен білімқұмарлығы,
дербестікке ұмтылысы сезімдерінің қалыптасуына
ықпал етеді.
22
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2


Page 27

БІР ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН
ОЙЫНШЫҚТАР
3
23


Page 28

Бұрамалы ойыншықтар.
Оларды ара-тұра ғана
қосқан жөн, жиі қоса беретін
болса, баланы қызықтыр-
май, дыбысы тіпті ашуын
келтіретін болады.
Сыбызғы-кітап. Бала
кітаптағы бақаны басса, ол
шиқылдаған дыбыс шыға-
рады.
Жұмсақ ойыншықтар.
Сатып аларда міндетті түрде
ойыншық сапасына назар
аударыңыз. Себебі, сапасы
төмен бояуыштар аллер-
гия тудыруы мүмкін, жүні
баланың аузына кіріп кетуі
мүмкін және т.с.с.
24БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
Аспалы ойыншық. Баланың
көңілін аулап, қармау қа-
білетін дамыту үшін төсектің
үстіне орнатқан жөн. Бала
назарын тізбектегі әр ойын-
шыққа аудару қажет, оның
қалай айналатынын көрсету
керек.
Түрлі-түсті көрпе, суреттері
болса, қимыл-қозғалысты
дамыту ойындары үшін бір-
ден-бір құрал. Қимыл-қозға-
лысты жұмсақ ететінімен
қоса, көрпе баланың наза-
рын аударады, бала ондағы
суреттерді қарағанда зейінін
дамытады.
Бүгін балаларға арналған ойыншықтар, соның ішінде,
бір жастағы балаларға арналған ойыншықтар дүкен
сөрелерінде аз емес. Бірақ, сол ұшы-қиыры жоқ ойын-
шықтар арасынан бала жасына лайық, оған қызықты
және пайдалы болатын, дамуына септігін тигізетін
ойыншықтарды таңдап алу маңызды. Әр ойыншықтың
өз атқарымдық мәні бар, ойыншықтардың көмегімен
біз баланың тілін, оның психикалық және физикалық
қызметтерін дамытамыз.
БІР ЖАСҚА ТОЛҒАН БАЛАҒА ҚАНДАЙ
ОЙЫНШЫҚ КЕРЕК?
Бұл, әрине, сылдырмақ – баланың өзара үйлесімді
қимыл-қозғалыс, көру, сезу және есту қабілет-
терінің дамуы үшін аса маңызды ойын-
шық. Сылдырмақ таңдағанда
оның көлемі баланың
қолына дәл келуі-
не назар ауда-
рыңыз. Ойыншық
көз тартатын, ал
оның құрамдас
бөліктері бала-
ның ауыза түсіп
кетпеуі үшін
тиісінше бекітіл-
ген болуы тиіс.


Page 29

25БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
Бір жасқа аяқ басқанда балаға міндетті түрде текшелер,
пирамида, доптар керек болады. Бала ойыншықтары
ретінде тағы нені пайдалануға болады? Әрине,
тұрмыстық заттар! Әр үйде бар бұйымдар. Мысалы,
ойнау үшін келесілерді қолдануға болады:
пластмасса шынылар, тәрелкелер және тағы басқа
ыдыстар;
кез-келген пішінді ағаш қасықтар;
кішкентай алюминий қазандар мен олардың қақпақтары;
бос пластмасса бөтелкелер;
қақпағы бар пластмасса құтылар;
өлшемі мен бет-бедері әртүрлі қағаз;
түсі мен бет-бедері әртүрлі мата;
қақпағы бар және жоқ шағын қораптар;
жұқалтыр;
кез-келген «доптар» – теннис добынан бастап, алма, апель-
син, жіп орамдарына дейін және т.с.с.
Айналасындағының барлығы бала
үшін таңсық, ол сіз берген кез-кел-
ген затты мәз-майрам болып
зерттеуге кіріседі. Оның қолданыс
мақсаты қандай болса да бәрібір,
бала үшін бастысы – түсі, пішіні,
қолмен ұстап көру сезімі.
Бала ойыншықты өзі бөлшектеп
үйренуіне болады. Бала оның
құрамдас бөліктерін жұтып
қойматынына немесе мұрнына
тығын жібермейтініне көз жет-
кізіңіз. Ойыншықтар таза және
балалар үшін қауіпсіз болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЛАЛАР НЕМЕН ОЙНА -
СА ДА, БӘРІН АУЗЫНА АПАРУҒА ТЫРЫСАДЫ.
БҰЛ БАЛАНЫҢ ЗАТ ҚАСИЕТТЕРІН ТАНУ ТӘСІЛ -
ДЕРІНІҢ БІРІ. СОНДЫҚТАН, САҚ БОЛЫҢЫЗДАР,
ОЙЫНДЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАП ОТЫРУ КЕРЕК, АЛ
ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ЖИІ ЖУЫП ТҰРУ КЕРЕК.


Page 30

26БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
Қозғалып тұрған зат қимылын бақылауды дамыту үшін
көз тартатын бір түсті сылдырмақты пайдалануға бола-
ды. Екі айдан кейін балаңыз сіз тіпті ойыншық бағытын
өзгертсеңіз де, оны бақылап жататын болады.
Біраз уақыт өткен соң, бала шамамен 4 айлығында
ойыншықты көзбен іздеп табуды, дыбыс шыққан жаққа
қарай бұрылуды үйренеді.
Есту зейінін дамыту үшін әртүрлі қоңырауларды, сыл-
дырмақтарды, балаларға арналған дабылдарды пай-
даланыңыз, Бірақ, есте сақтаңыз, қатты дауыстан бала
жылауы, қорқуы мүмкін.
БАЛАҒА ҚАНША ОЙЫНШЫҚ ҚАЖЕТ?
Әлбетте, ойыншық мейлінше көп және әртүрлі болуы
тиіс. Бірақ балаға бір бергенде бірден тым көп ойыншық
беруге болмайды. Ол қиын жағдайда қалуы мүмкін: нені
алса екен? Немесе жалықтыруы, мүлдем ойынға зауқы
соқпай қалуы мүмкін. Ойыншықтардың біраз бөлігін
алып тастаңыз, оларды ара-тұра ауыстырып отырыңыз.
Бір жыл ішінде бала айтарлықтай көп әрекеттерді және
қимыл-қозғалыстарды меңгереді, айналадағы кеңістікте
бағдар табуға үйренеді, заттардың қасиеттерімен таны-
сады, сөздерді айтуға талпынады, яғни, өзінің физикалық
және психикалық қабілеттерін дамытады.
КӨРУДІ, ЕСТУДІ ҮЙРЕТЕМІЗ
Қимыл-қозғалыс зейінін дамыта отырып, баланың
төсегінің үстіне кеудесінен 50-70 см қашықтықта ой-
ыншықтар іліп қою керек. Оның оларға қолы жетпейді,
ол олай етуге әлі дайын емес, бірақ, есесіне, көзіне күш
түсірмейді. Ойыншықтарды қалай іліп қоюға болады? Ең
дұрысы, төсектің бас жағына «Г» әрпі пішіндес арнайы
ағаш немесе темір тіреуіш бекітіп қойған жөн.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!