Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2050" стратегиясында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2019
797
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының мұғалімі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті психология кафедрасының магистранты Жұмабек Айгерім ТалапқызыҒылыми жетекшісі: Жалмагамбетова Булгун Чакеновна Тақырып: «Бастауыш мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау»Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2050" стратегиясында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын.Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады.Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау кеңістігін құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.Бүгінгі күнгі білім оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады.Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.Оқушылардың денсаулығын сақтау және дамыту бағыттары:- оқушы қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;- оқытудың мазмұнын оқушы денсаулығын сақтау технологияларына бейімдеу (оқушының дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған жаңа режимде жұмыс жасау, оқушылардың дұрыс тамақтануы, витаминді тамақтануы, дәрігерлік - гигиеналық қамсыздандыру);- оқушының рухани дамуына жағдай жасау;- оқушының ортасы мен мектептің медико-биологиялық ресурстарын денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.Зерттеу нәтижесі бойынша, кабинеттің әрбір 1м3 да 1 өсімдік сыныптағы оқушыларға қажетті қалыпты микроклиматты қамтамасыз етеді. Кабинетті көгалдандыру кезінде өсімдіктен шығатын әр түрлі иістердің де адамның физиологиялық күйіне әсерін білу керек. Дене тәрбиесі сабағы арқылы, спорттық іс-шаралар, әр түрлі физкультпаузалар, емдік дене шынықтыру, таңертенгілік гимнастика, би-терапиясы, ән-терапиясы т.б. яғни дене тәрбиесі құралдарымен денсаулық сақтауды ұйымдастыру. Оқушының тәуліктік қимыл белсенділігін негізге алып, оқушының қимыл белсенділігі режимін жасау. Оған дене еңбегінің қомақты көлемі, жүру, мектеп үзілісіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаты, сабақ уақытындағы физкульпаузалар, дене тәрбиесі сабақтары, спортпен айналысу, демалыс күнгі клубтар, спорт секциялары, денсаулық күні, туристік саяхаттар мен экскурцияларға қатысу, т.б. жатады. Таңертеңгілік жаттығуларды ата-аналары бірге орындап, бала үшін гигиеналық норма болғанға дейін бақылауда болу керек. Таңертең бөлмені желдетіп, 10-15 минутқа ғана созылады. Соңынан су процедурасын: ысқылау, су құю немесе душ қабылдау керек.Бала денсаулығы – ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.Бастауыш мектепте баланың болашақта игеруіне болатын кез келген ғылым негізінің алғашқы білімдері қалыптасатындығын ескере отырып, ал бастауыш сынып оқушысы – бірте-бірте қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде, қоғамдық санамен идеяларды талдай отырып, өз мотивтері мен мінез-құлық стимулын қалыптастыру арқылы өзі таңдаған және салалы түрде жасайтын әрекеттерімен өмір сүру әдеті пайда болады.Оқушының тұлға болып қалыптасуына өзінен үлкендермен (мұғалімдер), өз қатарларымен (сыныптастары), әрекеттің жаңа түрлері (оқу арқылы), ұжымның (бүкіл мектеп, сынып) қарым-қатынасы әсер етеді. Оларда әлеуметтік сезімдер элементтері қоғамдық мінез-құлық (ұжымшылдық, өз әрекетіне жауапкершілік, жолдастық, қамқорлық, т.с.с.) дағдылары қалыптасады.Төменгі сынып оқушыларына адамгершілік саналар мен тұлғаның оң қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндігі зор. Оқушылардың тез икемделгіштігі, сезгіштігі, еліктеуге құмарлығын мұғалім беделіне сүйене отырып, жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыруға болады. Адами мінез-құлық негізі бастауыш сыныпта қалыптасады, оның тұлғаны әлеуметтендіруде маңыза зор. Дәл осы кезеңде оқушы денсаулығының негізі мен салауатты өмір сүру нормаларының принцптеріне деген сұранысы қалыптасады.Қазіргі мектептің мақсаты оқушыны өмірге дайындау екендігін ескерсек, әрбір оқушының мектепте алған білімі оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймау қажет. Бұл мақсатқа жету денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күнгі педагогтар соңғы педагогикалық жаңалықтарды біле отырып, оқушы денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жүргізу тиіс.

Пайдаланған деректер тізімі:
1.Назарбаев Н.А. «Казахстан- 2050» Стратегиясы, 2012.
2.

Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.- Алматы, 2001.-28с
3.Ахаев А.В. Управление здоровьесберегающим процессом.- Усть-Каменогорск, 2004.-70с
4.



5.
Даленов Е.Д. Хасин В.Б. О научном обосновании и технологическом обеспечении методик здоровьесбережения учащихся общеобразовательной школы // Здоровье и болезнь-2007-№4 Жалмагамбетова Б.Ч. «Формирование здоровьесберегающего образовательного пространства школы», Павлодар, 2012. - 131с.




6.Игенбаева Б.Қ., Шабажанова С.Қ. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы – бала денсаулығының кепілі.//12 жылдық білім, -2005.-N7, -72-74 б.
7.Сыздықова Ғ.С. Бала денсаулығына әсер етуші факторлардың әсері.//Қазіргі заман жағдайында денсаулық сақтаудың білім беру кеңістігін қалыптастыру. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Шымкент: Асқаралы, 2007, -296 б.
8. Қалиева С.А. Эксперименттік мектепте денсаулық сақтау педагогикасының идеяларын дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. //12 жылдық білім, -2005.-N5, -41-43 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!