Ұстаздық - ұлы
құрмет.
Себебі ұстаздарды ұрпақ
тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да,
данасын да,
ғалымын да, еңбекқор
егіншісін де, кеншісін
де ұстаз өсіреді....Өмірге
ұрпақ берген
аналарды қандай ардақтасақ,
сол ұрпақты
тәрбиелейтін ұстаздарды да
сондай
ардақтауға
міндеттіміз.
Бауыржан
Момышұлы
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстанның
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық
ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Еліміз үшін
маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу
жағдайында тұлағаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын
таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып
табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасыады. Функционалды сауаттылықты қалыптастырудың жалпы
бағдары қзақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде ҚР зияткерлік,
дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның
физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
Функционалдық сауаттылық
тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау
зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA болып табылады. PISA 15
жастағы жасөспірімнің алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын
адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу
үшін пайдалана лау қабілеттерін бағалайды. PISA шеңберіндегі
тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы
бағаланады: оқудыға сауаттылық, математикалық және жаратылыстану –
ғылыми сауаттылық.
Математикалық сауаттылықтық -
оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, математикаға оның
қолданылу саласына деген тұрақты білімін, қызығушылығын
қалыптастыру. Өткізілген сабақтарда оқушылардың математикалық
сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі тест тапсырмаларын, бақылау,
сынақ жұмыстары мен кестелік тапсырмаларды беремін. Нәтижесінде
оқушылар:
-берілген тапсырмаға
шығармашылық көзқараспен қарауды;
-саналы түрде
жауапкершілікті;
-есеп шартын түсініп оны
жүйеге келтіру, шығарылу алгоритмін тауып, оны сақтау
білуді;
-тероиялық мәліметтерді
формулалар мен анықтамалар түрінде қолдануды
меңгереді,
- тапсырмаларға мониторинг,
диагностика жасау арқылы жіберілген қателіктерді талдауға
дағдыланады.
Жаратылыстану – ғылыми
сауаттылық- жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу,
қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін,
табиғы мәселелерге қатысты дәлелдермен сұрақтарды анықтап тану және
қорытынды жасай білу қабілеттерін арттыруға бағытталған.
Жаратылыстану, дүниетану сабақтарында әртүрлі бөлме өсімдіктерін
зерттеу жұмыстары жүргізуге болады. Ал өсімдік бөліктерімен
танысқанда тұқым қалай өнетініне шағын тәжірибе жасау арқылы көз
жеткізеді. Ол үшін пластикалық стакан, мақта және бірнеше өсімдік
тұқымы қажет. Стаканның түбіне мақта салып, ол ылғалданатындай
аздап су құяды. Мақтаның үстіне тұқымдарды қойып, бетін ауа
өтетіндей тесіктері бар қақпақтармен жауып, жылы жерге қоюға
болады. Бірнеше күн бойы ол тұқымның өнуін бақылап, қорытынды
жасалады. Өсімдіктерге күтім жасауды - сынып бөлмесіндегі
өсімдіктерге күтім жасау арқылы дағдыға айналдырады. «Ғарыш»
тақырыбында ғарыш кемесінің орнына шарларды ұшыру арқылы тәжірибені
жалғасытуға болады. Нәтижесінде оқушының ғылыми –зерттеу дағдысы
қалыптасып, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақ қою
және сол сұраққа жауап табу, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеу
жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған мәлеметтерді жинақтау, өңдеу
және түсіндіру дағдылары қалыптасады.