Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша логикасын дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша логикасын дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі - логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мәселі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер дәлел.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша логикасын дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі - логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мәселі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер дәлел.

Логикалық ойлау қабілетін әр түрлі әдістермен мектепте, үйде дамытуға болады, бірақ қандай әдістер тиімді екені, әрбір мұғалім мен ата–анаға белгісіз. Баланың жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне байланысты логикалық тапсырмалар өзгеріп отырады. Сондықтан баланың жасына тән емес тапсырмаларды беріп, баланың ынтасын қашырып алуға, өзіне деген сенімсіздік оянып, негативті әсер беру мүмкіншілігі де бар. Сондай себептердің салдарынан, кейде жоғары сынып оқушылары логикалық тапсырмаларды орындауға қиналып жатады.

Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Бастауыш сыныптарда математика сабағынан балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.

 Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.

Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін

арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.

1. Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру.

 2. Пәнге қызығып, оған көңіл қойып, тереңдете оқып үйрену.

 3. Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға қатысу.

Осы мәселе тұсындағы өзім жүргізіп жүрген шаралармен таныстырайын. Есеп шығару көбінесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Аңғарымпаздық өз білімін пайдалана білудің көрсеткіші. Осы мақсатта күнделікті сабақта 1 - 4 сыныптарда дәстүрден тыс қолданылатын әдіс – тәсілдерге: математикалық ойындар, ауызша есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданылады. «Ойлан тап!», «Кім жылдам?», «Тез есепте!» секілді ойындар ойнатуға болады. Бұл ойындарға логикалық ойлаудың деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей есептер сабақ басында немесе сабақ соңында беруге болады.

Өз сабақтарымда жиі қолданатын тапсырмаларым мынадай:

Логикалық есептер

1.                     Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?

2.                     Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

3.                     Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?

4.                     Немересі  атасынан: "Жасың нешеде ? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

5.                     Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

6.                     Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

7.                     Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар?

8.                     Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше үй жануары болуы мүмкін?

9.                     Ағашта  5 балық қонып отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

10.                 Аулада тұрған әр түрлі көліктердің дөңгелектерінің саны он. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед болуы мүмкін?

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

·  Қызығушылығын арттыру;

·  Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

·  Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.       Машық. Сергіту;

2.       Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

3.       Іздену тапсырмаларын орындату;

4.       Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

1.       Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

2.       Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

Шығармашылық тапсырма ретінде оқушының өзі жұмбақ есептерді құрай алады. Әр оқушы бір жолдан сөз жаза отырып, бес немесе алты жолды жұмбақ есептер құрауы мүмкін.

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

 

Нешеу болды барлығы?

Сабақ барысында Қазыбек Әлішер деген оқушы өзі ғана мынадай есеп құрапты:

Екі қасқыр, сегіз қоян,

Жеті қораз, тоғыз жылан,

Екі бұғы, сегіз түлкі,

Нешеу болды барлығы?

Жауабын оқушылар қағаздарына түртіп ала отырып шығарды.  Сыныптың жартысы шығармашылық тапсырманы орындап, белсене, қызыға қатысты.

Үш асқабақ, бес сәбіз,

Жеті қызылша, төрт картоп,

Бес қызанақ, алты пияз,

Нешеу болды барлығы?

Нәтижесінде оқушылар жемістер, құрал-саймандар, жан-жануарлар және көліктерді пайдалана отырып өздері математикалық жұмбақтар құрады. 

«Нешеу болды барлығы?»  сөзінің орнына кез келген ұйқастағы сөздерді де пайдаланып, оқушының өз таңдауына беретін болса, балалар түрліше есептерді құрап отырады.

М. Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Геометриялық фигураларды өмірмен байланыстыру арқылы оның қасиеттерін түсіндіретін болсақ, баланың есінде жақсы сақталады.

Геометриялық фигуралардан белгілі бір суреттерді құрастыру тапсырмаларын беруге болады. Әр топқа қиылған геометриялық фигураларды беремін. Оқушылар топпен ақылдаса отырып өздері сурет құрастырады. Құрастырған суретінен неше ұшбұрыш, төртбұрыш, шаршы бар екендігін анықтап, олардың қасиеттеріне тоқталып өтеді.

Математика сабақтарында логикалық тапсырмаларды көптеп қолданудың нәтижесінде оқушылар математика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен  дайындалатын болады. Есептің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп екендігіне сеніп, математика сабағын басқа қырынан тануға көмек береді

 

 


 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!