Материалдар / "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАЗУ МЕН СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАЗУ МЕН СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
"БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАЗУ МЕН СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ" тақырыбына мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2022
165
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектеп" КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Дүйсенғали Аида Канагатовна


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАЗУ МЕН СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ



Қазіргі  таңдағы  әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады.

Жас  ұрпақты  ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр.

Бастауыш сыныптарда жазу мен сөйлеуді дамыту сабақтарында басты мақсат мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеу, жазу мәдениетіне тәрбиелеу әдістерін зерделеу, тілдің дыбысталу мәдениетін сақтау, қатынас дағдылары мен біліктерін дамыту жолдарын арттыру және де мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейтін әдістемелік-дидактикалық тәсілдерді тиімді қолдану саналады. Сабақта балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдануды қамтамасыз етуде бастауыш мектеп мұғалімдері келесідей міндеттерді орындаулары шарт:

1. Оқушылардың жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықтарын арттыруға, ауызша сөйлеудің барлық компоненттерін дамытуға арналған іс-әрекет формалары мен түрлерін ұйымдастыра білу;

2. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету жолдарын зерделеу;

3. Педагог пен балалардың бір-бірін түсінуге, әрекеттесуге өзара қарым-қатынасты қалыптастыра білуі қажет.

Қазіргі кезеңдегі бастауыш сынып оқушыларының жазуы мен сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдерінде әдістердің көрнекілік, сөздік және тәжірибелік топтарын бөліп көрсетеді. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.

Сөздік әдістер – бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.

Тәжірибелік әдістер – сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады.

Бастауыш сынып оқушыларының жазу, сөйлеу дағдыларын дамытуда ойындық тәсілдерді қолданудың эффективтілігі жоғары.

Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар тиімді әдістердің бірі.

Ойындық тәсілдер – сөздік және көрнекілік түрлерде кездеседі. Олар оқушының бойында әрекетке деген қызығушылықты оятып, оқыту процесінде жағымды эмоционалды фон құрып, балалардың сөздік белсенділігін және сабақтың нәтижелілігін жоғарылатады.

Бастауыш сыныпта өтетін жазу мен сөйлеуді дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Дидактикалық ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Әр сабақтың алдына қойған міндет-мақсатына орай оның ішкі құрылысы да белгілі оқушыға әрдайым жаңалық білдіруге, саналы түрде меңгеруге, кері байланыс жасауға бағытталуы тиіс. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жазу және сөйлеу дағдыларын дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы ұлттық мәдениет пен әдебиетке оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру;

б)  дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

Өз тәжірибемде дидактикалық ойындарды сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: қайталау кезінде, бекіту кезінде, жаңа материалды меңгеруге дайындық кезінде, танымдық процестерді белсендіру үшін қолданамын:. Ойынның орны мен сипатын сабақтың тиімділігіне, оқушылардың белсенділігіне, оқушылар жұмыс істейтін оқу материалының күрделілігіне қарай анықтаймын.

Дидактикалық ойындарды оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру үшін де пайдалануға болады. Жазу және сөйлеуді дамыту сабақтарында өтілген материалды барлық оқушылардың меңгеруі оқу нәтижесінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Көбінесе жазу сабақтарында өтілген материалдың меңгерілуін дидактикалық ойын арқылы тексеремін, оның барысында тек қабілетті ғана емес, сонымен қатар орташа және әлсіз оқушылардың сабақтың мазмұнын қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтаймын. Оқушылардың білімі мен дағдыларын, олардың сөйлеу тілінің даму деңгейін тексергеннен кейін - мұның бәрі оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюдың тиісті әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.

Сабаққа дидактикалық ойындарды оқушылардың білім мазмұнын тереңдету үшін ғана емес, ойын арқылы танымдық үрдісін, зейінін, бақылауын, есте сақтауын, қиялын белсендіру үшін енгіземін. Сондай-ақ оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелей аламыз. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін бастауыш сынып оқушыларына жазу, сөйлеу дағдыларын үйрету барысында тиімді қолдану қажет.

Қорытындылай келе, ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына, өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашатын бірден –бір негізгі әрекет түрі.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005

  2. Е.В. Карпов «Дидактические игры в начальный период обучения» Ярославль, 1997г.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!