Берілген сұрақтарға бірлесіп
жауап табады.
І
топ: 1.
Мағжанның «Батыр Баян»
поэмасын жазуға қандай себептер ұйытқы
болды? (Мағжанның әжесі Баянның
немере қызы екен. Мағжан Баянның немересі Байтоқа биді көріп, оның
әңгімесін тыңдап өскен. Өзінің әжесі мен Байтоқа бидің айтуымен
Баян батыр туралы әңгімелерді көп естіген.Бұл поэманы ақын 1923
жылы Ташкентте Мұхтар Әуезовтің пәтер үйінде бір түнде жазып шыққан
екен.)
2. Баян кім? Оның батырлығы
поэмада қандай әрекеттер үстінде
көрінеді? (Баян 18 ғ. Абылай ханның
тұсында өмір сүрген. Қалмақтармен шайқас кезінде ерекше ерлік
көрсеткен. Тіпті Абылай ханның өзі Баян батыр келмейінше, жауға
шықпаған)
3. Баян образын бейнелеуде
ақын шеберлігі қай тұста молырақ көрінеді? Ақын бұл орайда қандай
көркемдегіш сөз құралдарын
қолданған? (Ақын Баян бейнесін сомдау
үшін теңеу сөздерді көп қолданған.
Мыс:
«сұңқардай, жаралы
жолбарыстай, алғыр құстай, желдей, дауылдай, қара бұлттай, күлдей
қу, тұнжыраған түндей» деп
сипаттайды)
ІІ
топ: 1.
Батыр Баян образы арқылы
ақын қандай идея айтқысы келген?
(Өз еліңді қорғау жолында
жаныңды аяма, сатқындыққа жол берме, Отаның үшін отқа түс дегенді
айтқысы келген.)
2.
Поэмадағы қалмақ қызына
автордың көзқарасы қандай деп
ойлайсың? (Менің ойымша, ақын оны сұлу
да ақылды етіп көрсеткен. Оның бойында да отаншылдық сезім бар.
Ноянға ғашық боп тұрса да, өз еліне кетудің айласын
табады.)
3.
Кейіптеу мен метафора қалай
қолданылған?
(Кейіптеу:
«жалп етіп, сөнген шамдай
ақыл өлді».
«Қомағай қара топырақ
бүлкіл қағып, Асығып екі жастың қанын ішті». «Құшақтап ақ селеуді
жылады жел».)
(Метафора:
тісі – меруерт, лебізі –
жібек лебі, жұмақ
желі.
Бөрінің бөлтірігі – бала
Ноян.
Ата-анам – айым мен
күнім.
Баян – жас жолбарыс, Баян –
арыстан.)
ІІІ
топ: 1.
Баян бойындағы ашу мен
ақылды қалай түсіндірер
едің?
(Баянның ашуы өз еліне
деген сүйіспеншіліктен, адалдықтан туындайды. Ол сатқындықты кешіре
алмайды. Ал ақылдылығы жаумен шайқас кезінде тапқырлығынан
көрінеді)
2.
Отаншылдық сезім дегенді
қалай
түсіндіресің?
(Отаншылдық сезім – өз
Отаныңа деген сүйіспеншілік. Еліңді, жеріңді, тіпті тауы мен
тасыңды сүю)
3. Батырлық, ерлік туралы
мақал-мәтелдер
айт.
(Батыр бір рет өледі,
Қорқақ мың өледі. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
т.б.)
|