Батырлар мекені -Ақтөбе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батырлар мекені -Ақтөбе

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризм, география, өлкетану саласына
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАТЫРЛАР МЕКЕНІ- АҚТӨБЕ


Қойнауы тарих пен шежіреге арқау болған елеулі оқиғаларға толы құтты мекеннің бірі – Ақтөбе. Бұл – қазақ тарихында елеулі орын алатын даңқты перзенттер тыным тапқан өлке. Осындай жусан иісі аңқыған асыл өлкенің шежіресін, мұрасын тани білу, оны аялау және құрмет тұту, әр ұлтжанды ұрпақтың парызы деп есептеймін. Соның ішінде алтын ұя, туған жер атауының тарихын, өзіндік ерекшелігі мен мәнін білу, айрықша мақтаныш деп білемін.

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында киелі өлкенің тарихынан сыр шертетін, батырлар мекенінің айбарын айшықтайтын ескерткіштер мен саябақтар саны артты. Қалада Кіші жүз ханы Әбілхайыр ханға, қазақ халқының батырлары- Тама Есет, Тілеу батыр, Бөгенбай батыр, Ер Едіге, Жалаңтөс батыр ескерткіштері, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз- Әлия Молдағұловаға, батырлар алаңында 46 тұлғаның ескерткіші тұр. Соның 37-сі Совет Одағының батыры. Ұлы Отан соғысы жылдары 35 ақтөбелік жауынгер ерен ерліктері үшін Кеңес Одағы батыры атағын алса, 9 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері атанған. Теңдесі жоқ батырлық пен өжеттілікті көрсеткен және Отанының бостандығы үшін өмірін берген Әлия Молдағұлованың есімі тек ақтөбеліктер үшін ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар үшін де қымбат. Еліміздің бірқатар қалаларында батыр қызға арнап ескерткіштер орнатып, оның есімімен көшелер атаған. Батыр қыздың атымен Ақтөбе қаласында мемориалдық мұражай, ескерткіш, бьюстін орнатқан. Сонымен қатар қаланың қақ ортасындағы даңғылға да батырдың есімін берген. «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Ермағанбетұлы Бәйдербес ағайдың есімі ақтөбеліктерге жақсы таныс. Бұл қоғамдық бірлестік 2000 жылы құрылған. Қордың ұйытқы болуымен Шығыстың қос шынары атанған екі арудың өмір жолдарын, ерліктерін зерттеп, насихаттау жолында көптеген істер жүзеге асырылған Батыр қыздар туралы жарыққа шыққан дүниелерді, тың деректерді жинақтап, «Аңызға айналған арулар», «Әлия-ғұмыр: ерлік пен өнеге», «Ұлы даланың батыр қыздары», «Әлияның аяулы анасы» басқа да кітаптардың жарыққа шығуына мұрындық болды.

Əлем тарихында ең ауыр соғыс ретінде бағаланған Ұлы Отан соғысына қазақ топырағынан сан мыңдаған адамдардың қатысқаны мəлім. Соғыстың алғашқы күнінен-ақ, Кеңес үкіметі елдің халқы мен қарулы күштерін неміс-фашист басқыншыларына қарсы Отан қорғау соғысына шақыра отырып, «біздің ісіміз оң, жау жеңіледі, жеңіс біздің жағымызда болады» деген үндеу тастады. Əскери комиссариаттарға қыздар мен жігіттерден елді қорғауға еркін түрде жіберуді сұраған өтініштер көптеп келіп жатты. Ал соғыстың алғашқы күнінде-ақ, Ақтөбе облысы бойынша 300-ден астам адам майданға жіберу туралы өтініштерін білдірді. Ақтөбеде құрылып, солардың қатарын толтырған 101-дербес атқыштар бригадасы соғыс тарихының ұмытылмас беттерінің біріне айналды.

Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыр салмағы барлық Кеңес Одағы халқымен бірге Ақтөбе облысы тұрғындарының да иығына түсті. Майданды барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді қажет ететін соғыс кезеңі əрбір жұмысшыдан жауды жеңуге барлық күш-жігерін салуды талап етті жəне осынау қиын-қыстау кезеңде еліміздің жауды жеңу үшін жүргізген жұмыстарына біздің өлкеміз барлық əлеуетін жұмылдыра отырып, жұмыс жасады деуге толық негіз бар.

Қазіргі Ақтөбе құт-берекесі тасыған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, халқы тату-тәтті, еңбексүйгіш, дәулеті тасыған өңір. Жастары елжанды, қарттары өнегелі, болашағы жарқын өлкенің алар асуы зор деп сенемін!


Мұсағалиева Перизат Жеткергенқызы

Ақтөбе қаласы,

«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК

Қосымша білім беру педагогі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
1572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі