Материалдар / Бау-бақша, жеміс жидектер 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бау-бақша, жеміс жидектер 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бау-бақша, жеміс жидектер туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
686
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақтың тақырыбы: Жеміс – жидек пен көкөніс

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: модуль бойынша білімдеріне қорытынды

жасау;үйренген сөздерді,сөз тіркестерін қайталау,

ауызша сөйлеуге жаттықтыру.

2. Дамытушылық: тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау,

есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу,ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу қабілетін дамыту.Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: адам ағзасына пайдалы дәрумендерді білуге,денсаулықтарын

сақтауға,табиғатты аялауға,адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, тест тексеру,проблемалық сұрақтар,ойлауды дамыту технологиясы,іздену.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест, ребус,интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық. (слайд № 1)

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап.

Қазақ тілін бастаймыз.

3. Кезекшімен жұмыс.

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

- Қазір жыл мезгілі қандай?

- Аптаның қай күні?

- Дұрыс,балалар,бүгін күн сәрсенбі – сәттілік күн.Бүгін сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін,өйткені бүгінгі сабақ ерекше сабақ.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,сондықтан біз өз білімізді жақсылап көрсетуіміз керек.

ІІ. Қайталау.

1.Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру.

- Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы – ең біріншіден ребустың шешуін табамыз. (слайд № 2)


-Қандай сөз шықты?

-Дұрыс,сабағымыздың тақырыбы- Қайталау. Сабақта біз жемістерді, көкөністерді қайталаймыз.

-Біздің ұранымыз «Қайталау – оқу анасы». (слайд № 3)

Мақсатымыз:модуль бойынша білімдеріне қорытынды жасаймыз; сөздерді, сөз тіркестерін қайталаймыз. Бүгін мен сендерді үш топқа бөлемін. Топпен жұмыс істейміз. Үстелдің үстінде үш түсті қағаз жатыр. Кімге қандай түс ұнайды соңы таңдайды.

Қызыл түсті I топқа отырады

Көк түсті II топқа отырады

Жасыл түсті III топқа отырады

  • Артындағы әріптерге назар аударып, әріптерден сөз құраймыз. Ал кімде қандай сөз шықты, сол топтың аты.

Топ ережесін сабақ бойы сақтаймыз.

Ендеше,балалар,біз жеміс-жидек пен көкөніс әлеміне сапар шегейік.

-Ал жемістер қайда өседі? (слайд № 4)

-Көкөністер? (слайд № 5)

-Дұрыс!Олар бау-бақшада өседі.Біз қалада тұрғандықтан бау-бақшаны көрмейміз.Сондықтан бақшаны көру үшін қаланың сыртына шығуымыз керек және үш-төрт аялдама жүру керек.

І аялдама: Сөздер (слайд № 6)

Сөздер болса,сөздерді қайталаймыз.

Сөздерді оқу,аудару,сөз тіркестерін құру.

І І аялдама: Сөз тіркесі(слайд № 7)

Әр топқа жеке тапсырма беремін

І топ – Жидектер

І І топ - Жемістер

І І І топ – Көкөністер

Осы сөздерге сын есім сөзін қосып,сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Мысалы: қышқыл лимон.

Жұмыс дәптерлеріңді ашыңдар,күнді жазыңдар. Бүгін (слайд № 8)

-Өте жақсы! (слайд № 10)

-Біздің қаламыздың жолдары ойлы-қырлы болғандықтан, келесі аялдамаға тез жету үшін ойын ойнаймыз. Ойынның аты: «Жұлдызды сәт»

(слайд № 11)

Ойынның шарты: әр қатар өз тақырыбына байланысты бірнеше сөз тауып,дәптерге жазады.

І топ – Жидектер :жидек,же,тер,ки,ит,жер,ер

І І топ – Жемістер: жеміс,же,жеме,іс,ет,жеті,ер,тіс,теріс,жем,ел,тер,тіс

І І І топ – Көкөністер: көкөніс,іс,сөн,көн,көк,екі,кет,өріс,тіс,тер,теріс,ет,

ер,тік

І І І аялдама: Сөйлем(слайд № 12)

Сурет арқылы сөйлемдерді құраймыз.

Бірінші нұсқа: «Бақ» тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құру

Екінші нұсқа: «Бақша» тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құру

-Өте жақсы,енді ары қарай жылжыйық! Келесі аялдамаға көшу үшін кішкене дем алып алайық.

IV Сергіту сәті

V Бекіту

IV аялдама – Сөйлесу. (слайд № 13)

-Тіл-ең негізгі құрал болғандықтан,мен қазір сендердің тіл байлықтарынды тексеремін. Келесі аялдама-сөйлесу.Кім тақтаға шығады ?

V аялдама – Тақпақ,жұмбақ. (слайд № 14)

-Кім жеміс-жидек пен көкөніске байланысты тақпақ,жұмбақтар біледі?

VI аялдама – Білім тексеру(слайд № 15)

-Білім тексеру кезеңінде,біз тест тапсырмасын орындаймыз.Орындап болған соң,жұпта тексереміз,кім дайын қол көтеріп белгі бересіңдер.

-Өте жақсы!Енді тақтаға қараңдаршы,бұл не? (слайд № 16)

-Жемістер мен көкөністердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын Венн диаграмма арқылы көрсетесіңдер.

Жеміс: ағашта,бақта,тәтті

Көкөніс: жерде,бақшада,дәмді

Ұқсастығы: пайдалы,дәрумен,дәмді,бау-бақшада өседі,түрлі-түсті,тағам,бақша көркі

-Өте жақсы!

VI Рефлексия

-Біз бау-бақшаға таяулап қалдық.Ал,балалар көкөністер және жемістерді қолдану алдында не істеу керек? (слайд № 17)

-Дұрыс,оларды жуу керек,өйткені оларда микробтар көп. (слайд № 18)

Ал,балалар,соңғы аялдамаға да жеттік.Біздің бақшамыз қандай көрікті,барлығы жайқалып өсіп тұр.Сол байлығымызды сақтауымыз,қорғаумыз керек.Бақшадағы жеміс ағаштардың бұтақтарын сыңдыруға болмайды.Неге?

-Дұрыс,өйткені келесі жылы жеміс бермейді.

Біз бүгін не туралы айттық?Сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса тақтада ілулі тұрған алма ағашына өзің таңдаған алманы ілесіңдер.Қызыл-сабақ ұнады.Шірік алма-сабақ ұнаған жоқ.

VI I Үй тапсырмасы(слайд № 19)

(слайд № 20)

VI I I Сабақты бағалау























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!