Қазіргі
заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі –
оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады.
Жасөспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы
нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады,
шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді
етеді.
Оқушылардың білімін тереңдете
түсуде білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс
істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен. Өз бетімен білім алу, өз
білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен, оқушының өзін-өзі
бағалай білу шеберлігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен
жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады.
Қолөнер – ежелден келе жатқан
кәсіп. Ол халықтың өмірі мен тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отырады. Технология сабақтарында оқушылар жан-жақты
дүниетанымын қалыптастыра отырып, болашақта өндіріске қажетті
мамандық алып шығады, қолөнер түрлерін үйреніп, саналы, әдепті
ұрпақ тәрбиеленеді.
Әр елдің әр халықтың өзіне тән
тарихы, рухани сән-салтанаты, әдет-ғұрпы, қолөнері болары анық.
Қазақ халқының асыл қазынасының бірі – сәндік қолданбалы өнерді
бойларына сіңіріп, оның жаңаша мазмұнын, стилін заман ағымына лайық
өзгеріске ұшырауын талдап, шеберлікке үйретіп, тәрбилеік мәнін
ашып, өскелең ұрпаққа жеткізіп отырудың маңызы
зор.
Осындай қиын да қызықты өнер,
қазақ топырағында бұдан мың жылдар бұрын қарапайым халық
өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шеберлердің қолдарымен тоқылып
жасалатын.
Гобелен өнеріне келер болсақ,
ол өте күрделі өнер, гобелен шығу тарихы ХХ ғасырдың басынан
басталды. Бұл өнер Францияда, Испания, Германия елдерінде жақсы
дамыды. Кейінірек ол прибалтика, кавказ және Ресейде кең өріс
алды.
Гобелен көркем шығармашылық
туындыға жатады. Сонымен гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде
алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы
қарқынды дамуы 1970жылдардан басталды.
Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз
уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Бұл
өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан, Қазақстан суретшілері ретінде
Қ.Тыныбеков, Б.Сәуірбекова. И. Ярема,
Ә.Бапанов, С.Бапанова, Б.Өтепов, Ш.Қожақанов т.б
атауға болады.
Гобелен кілемнің тоқу мәнері терме алаша, тықыр
кілемге ұқсас болып келеді. Әйтсе де, өзіндік ерекшеліктері жоқ
емес. Оның жәй кілемге не алашаға қарағанда жіп түстері сан алуан
болып, өрмек теруіне бір кілемнің өзінде түкті не түксіз өрнектеп
араласып сан құбылып отыруында.
Гобелен – жіппен жазылған кескіндеме. Қазіргі
заман гобеленінің тоқылу технологиясы да пайдалану материалдарының
да ауқымы өте үлкен, жаңаша стильде гобелен тоқуды пайдаланатын
материалдарда қазір шек жоқ. Үйлесіміне қарай, жібек те, жүн де,
мақта мен кендір де, жылтырақ жіптер мен синтетикалық жіптер де
тіпті жылқы мен ешкі қылдарынан әртүрлі көлемдегі бауларды
тәжірибелік тұрғыда қолдана отырып, іске асырыла бастады. Сол
сияқты тоқу техникасы да жаңа бағыт алып, шексіз алға
жылжуда.
Гобелен тоқығанда негізгі жіп
көрінбей артта қалып отыруы керек. Неғұрлым гобелен тығыз тоқылса
ол сапалы болып саналады. Гобелен даму сатысында әрдайым кеңістікке
байланысты сапалы түрде даму үстінде болады. Қазіргі заман
интерьері тоқыма шығармашылығы саласынан білімділікті, бейімділікті
кәсіпкерлік шеберлікті үлкен бір шығармашылықты, өзіндік стильді
талап етеді. Гобелен қабырғаны әсемдеуші зат болып қалмауы керек.
Оның ерекшеліг, оның әдемілігі, суреті, құрылымы эскизге таңдалынып
алынған айшықты компазициясы адамның қызығушылығын арттырып,
эстетикалық таным-талғамын оятып көрерменнің сұлулықтан ләззат
алуына септігін тигізуі қажет.
Гобелен тоқу технологиясының қыр-сырларын ашу
мақсатында, өзімнің мына сабағымды мысалға келтірсем: