Материалдар / Баяндама "Белсенді оқыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Белсенді оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1723
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДа БЕЛСЕНДІ оқыту ӘДІСТЕРІн қолдану


Оқытудың белсенді әдістері - оқу
материалын игеру үдерісінде оқушыларды   белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты. 

Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге: -Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы -Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. -Қорытынды шығаруды ұйымдастыру. -Оқу материалының тұсаукесері -Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану -Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану

Белсенді оқу

Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:

оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;

жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады;

қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;

нәтижесі – терең білім;

көзқарасты өзгертеді

Бірлескен оқу

Құрылымдалған топтық жұмыс:

Тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;

ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;

тиімді дербестікті дамытады – «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;

оқушылар арасындағы тосқауылдарды бұза алады

Ойын технологиясы

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру-дың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.

Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады

Пәнаралық байланыс

Оқу пәндері арасында байланыс орнату:

білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;

тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;

көптеген дағдыларды қалыптастырады;

түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;

оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;

оқуға деген уәжді арттыра алады.

Оқу әңгімелері

Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:

  • оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;

  • оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;

  • тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;

  • оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;

  • тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.

Электрондыоқужәнежаңатехнологиялардыпайдалану

Технологияларды пайдалану:

белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;

уәждіарттыра алады;

зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады;

оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді;

сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді.


  • Белсенді сынып

-оқушылар бір-бірімен сөйлеседі;

-мұғалімге және сыныптастарына сұрақ қояды;

-жұмыс істеу үшін бөлме ішінде қозғалады;

-оқушылар түсіндіреді;

-оқушылар көрсетеді;

-оқушылар бір-біріне жазбалар дайындайды;

-мұғалім иұқият тыңдайды;

-оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады;

-оқушылар өздерін еркін ұстайды;

-бір-бірімен ой бөліседі.

  • Белсенді емес сынып

-мұғалім көп сөйлейді;

-сұрақты мұғалім қояды;

-мұғалім сыныпқа нұсқау беру үшін тақтаға жазады;

-мұғалім түсіндіреді;

-мұғалім көрсетеді;

-мұғалім оқып тұрып, оқушылар жазады;

-мұғалім тыныштықты талап етеді;

-оқушылар тыныш тыңдайды;

-мұғалім бөлме ішінде көп қозғалады.

Әрбір адамға ойлау қабілетінің белгілі бір дағдылары мен жеке тұлғаның қасиеттері керек.

Сарапатама жасай білу, салыстыра білу, негізгісін анықтай білу, мәселені шеше білу, өзін-өзі баламалы бағалай білу, жауапты болу, өз бетінше жұмыс істей білу – міне, жоғарыда аталғандардың барлығы балаға өмір жолын бастауға қажеттіліктер деп атасақ та болады.

Мұғалімнің міндеті барлық ақпаратты айтып немесе көрсетіп қана қоймау керек, сонымен қатар оқушыны ойлауға үйрету керек, сол тапқан ақпараттарын практика жүзінде қолдана білуге үйрету керек.

ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ осыған жағдай жасайды.

Белсенділіктің 3 деңгейі:

Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі

Интерпретация белсенділігі — оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты (білімді) үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі

Шығармашылық белсенділік — оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі.

Белсенді оқытуды ұйымдастырудың формалары (түрлері немесе әдіс-тәсілдері):

- әр түрлі деңгейдегі дәрістер (мәселені шешуге бағытталған дәрістер, көзбен шолып байқауға бағытталған дәрістер, пресс-конференциялар, нақты жағдайларды талқылауға бағытталған дәрістер және т.б);

- топтық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары (оқушыларды ақпарат алмасуға бағыттайтын жаттығулар, атап айтсақ «мозаика», «миға шабуыл», семантикалық карта құрастыру);

- әр түрлі әдістер мен тәсілдер

Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері -. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері, оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларға әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ойын, тренинг жатқызуға болады


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!