Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама "Жаңартылған білім беру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тамыз конференциясы
Баяндама тақырыбы:
Жаңартылған білім беру
№4 Хромтау орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
2017 жыл
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, мұғалімі үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.
Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.
Дене шынықтыру пәніне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, шынайы өмірде қолдана білу, жеке, жұппен,командалық топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі.
Жаңа бағдарламада берілген тапсырмалар , оның мазмұнын айтумен ғана шектелмей, тапсырмаға қатысты өзі сұрақтар құрастыруына, себебін анықтауына, болжам жасау мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты дереккөздерден табу ретін білуіне, жаман мен жақсыны айыра білуіне жетелейді
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы – баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тек дене шынықтыру пәнінде ғана емес сонымен қатар барлық пәндер бойынша қолданылады.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалған.
әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
-
өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
-
шешендiк өнерiн жетiлдiредi
-
танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)
-
сыни ойлау дағдыларын дамытады
-
өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
-
Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
-
Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
-
Шағын топтармен (3-5 баламен);
-
Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
-
Балалардың тобымен және халықпен ;
-
Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)
Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты ……т.б.
Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сенімім мол.
Келешекте өз тәжірибемде :
1.Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.
-
Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,
сабақтарымды түрлендіруді
-
Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды
-
Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты
дамытамын.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
• сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
• оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
• оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
• топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
• оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
• оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
• оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
• оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
• жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
• оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде маңызды болып табылады. Оқу бөлмесі негізінен күрделі орта болып табылады және оқудың дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін анықтау осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалім «сыныптағы ахуалды жақсы білуге тиіс»
сондықтан сыныпты тыныштандырудың (оқушылардың тыныш отыруы, мұғалімнің сөйлеуі) орнына, мұғалімдер оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқау, шешім тұжырымдау және қабылдау, олардың орындалуын бақылау құзыреттіліктерін арттыруға тиіс. Мұндай хабардарлық мұғалімдер өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы ойланған жағдайда ғана дамитын болады. .
Қорытынды
Ең тиімді оқыту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып есептеледі. Олай болса, педагогтерді жаңартылған мазмұн бойынша нақты тәжірибе негізінде оқыту олардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі деп санауға болады.
Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім. Бұл туралы ұлы педагогтер Я.А.Коменский білімнің ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, соңғы күніне дейін бітпейтіндігін айтса, көрнекті американдық психолог, философ және педагог Дж.Дьюи еңбектерінің өзекті мәселесі де әр адамның өмір бойына білім алуында деп көрсетеді.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.