ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«А.С.Пушкин атындағы орта
мектеп» КММ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру
мазұмыны»
Мухатаева Риза
Кайырлиновна
Сағыр ауылы, 2016
жыл
Білім мазмұнын жаңарту –
бүгінгі күннің басты мақсаты
Қазіргі қoғамның өзeкті
мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда
өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға
игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары
интелектілік, терең білімділік, кәсiби
сауаттылық.
Осы нақты бағыттарда жұмыс
жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол
жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті
тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру
жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.
қазіргі кезде Еуропа кеңесінiң
(1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне
дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген.Олардың ішіне дамыған
елдерден АҚШ, Жaпония, Германия, Франция және т.б кіреді. ТМД
елдерінен 12 жылдық oрта білім беру мерземін Өзбекстан, Латвия,
Литва, Эстония, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім
кеңістігіне енді ғана енгелі жатыр. Қазіргі кeзде ҚР 107 мектебінде
12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде. Бұл
жан-жақты зерттеліп, тиімді жақтары сараланып бүкіл Қазақстан
мектептері 12 жылдық білім беру жүйесіне 2015 жылдары түгелдей
көшкелі отыр. 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге
ерекше көңіл бөледі:
-жаңа білім технологияларының
енгізілуі;
-оқытудың дәстүрлі өнімсіз
стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік
ойларын қамтамасыз етeтін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне
көшу;
-терең және белсенді кәсіби
бағдар берудің ерте жастан басталуы;
-оқушы жастарға
азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениет-тілік,
денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие бeру рөлінің
күшейтілуі;
-өмірлік бағдар ретінде адам
бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан
жасау;
- білім ұйымдарының оқушыны
әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Демек, көрініп тұрғанындай 12
жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүдесіне өзін-өзі белсенді
етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті,
шығармашыл, білімді тұлғаны дaмыту мен
қалыптастыру.
Әлемдік елдерден көріп
отырғандай, педaгог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және
біліктілік талаптары қойылып отыр. Педагог мамандар заман ағымына
қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын және соған
сай әрекет ете алуы керек.
Өйткені мектеп – үйрететін
орта, оның жүpегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі
– педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Наpық жағдaйындағы мұғалімге қойылатын
талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі.
Қазақстандағы білiм бeруді
дaмытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықарaлық рейтингілeрдегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен
қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл
қызметі бойына мансаптық өсуi, оқытылуы және кәсіби біліктілігін
дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән
берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру
жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерicтер мен
жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгiні,
келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа
жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі
педагогтердің, зиялылаp қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі
білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім
беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана
болса, ал қазір әлемдік білім кеңестiгіне ене отырып, басекеге
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзыpлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі
таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Ал құзыреттілік
дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін
-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Қорыта
айтқанда, Отанымыздың алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына
қосылуы оның азаматтарының тұлғалық- кәсіби әлеуетінен тәуелді
екенін естен шығармау керек. Ал оны даярлайтын мұғалім. Осыған
сәйкес жаңа форматтағы қазіргі мұғалім білім беру жүйесінде білім
беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын
құру әдістерінің өзгеруін, білім беру жүйесінде жетілдірілген
үлгілердің жасалуын, білім беруді басқарудың тәсілдерін меңгеріп
қана қоймай, өзі де белсенді түрде оларды жобалай алуы
керек.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол
оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге
ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты
оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып
туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ
қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа
сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін
тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап
ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр
болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар,
сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше,
оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше
қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен
белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін
қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын
оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере
алады.
Қазақ тілінде оқытатын
мектептердегі бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы
оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және
техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге
бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс
істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары
деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге
дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде
меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында проблемаларды
шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен
зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса,
дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Қазақ
тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің
біліктілігін арттыру бағдарламасы | 12 | оқушылардың бұрын
меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа
түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. ХХІ
ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз
байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда
оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып
табылады. Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған
мүмкіндіктер есебінен дамытуды көздейді: • ғылыми-зерттеу
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну; • кез келген
қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту; • өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше
ойлануға ынталандыру; • кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста
кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес
әрекет ете білуге ынталандыру. Бастауыш сыныптарда оқытылатын
пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің
ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы
мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз
ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді
талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды
үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін
болады.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ
БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ
ЖОСПАРЛАУ
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты
жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың
үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын
нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді. Оқушылардың пән
бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау
(ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ). Қалыптастырушы бағалау күнделікті
оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан
бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз
жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп
отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және
алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының
үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы
өткізіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер
бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен
ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Жиынтық бағалау
тәсілдері пәндер мен сыныптар бойынша жиынтық бағалауға арналған
нұсқаулықтарда толығырақ қарастырылады.
Жаңартылған білім мазмұны
жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі
сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді
«табудағы» белсенді қызметімен
сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы –
таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің
ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да,
мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге
ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады,
міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні
осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол
жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім
педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де
оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық
қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады. Білім
мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:
энциклопедиялық сипаттағы
фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті
ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;
ынтымақтастыққа және
дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;
ақпаратты өздігінен алу,
талдау және тиімді қолдану дағдысын
қалыптастыру; оқу бағдарламаларында
көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша
әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл
аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді,
яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды»,
«жинақтайды», «бағалайды».
Жаңартылған оқу
бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: - пән мазмұнын
жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы 32 біліктерді
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша
күрделендіру); - таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым
маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне
негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының
иерерахиясы; - білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша
педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге
мүмкіндік беру; - бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ
тақырыптардың» болу; - бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының
уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына
назар аудару; - оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып
табылады
Биылғы жаңартылған білім
бағдарламасында жаңа пән енгізілді. Жаратылыстану. Жаратылыстану
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде
қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология»,
«Физика» және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі
деңгейлерінде оқытудағы кіріспе курс болып табылады, сондай-ақ
білімнің кез келген саласы үшін Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017
оқу жылы 43 маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін
қалайды.
Қорытындылай
келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды
болмақ: • сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
• оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау
үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; • оқушыларға
өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу; • топтық
жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; • оқушыларды
бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру; •
оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру; • оқушыларды өз
бетінше ойлануға жетелеу; • оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын
дамытуға көмектесетін сұрақ қою; • оқушыларға өздерінің ойлау
дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру; •
жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру; • оқушыларға
өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды
жоспарлау және ұйымдастыру.